Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Шығыс Қазақстанда су тасқыны кезеңінің алғашқы толқыны басталды. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің «Fecebook» парақшасында жариялады. 8 сәуір күні жарияланған жазбада қазіргі уақытта өңір бойынша су басуы ықтималдығы жоғары 19 елді мекен анықталғаны айтылады.
«Мамандардың мәліметі бойынша бір аптадан кейін ШҚО өзендерінде мұз қалмайды. Қазір Алтай ауданындағы Тұрғысын өзенінде сең жүруді жеделдету үшін белсенді түрде мұзды жару жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Көкпекті ауданындағы Лайлы бөгеті де бақылауда тұр. Құрамында 25 адам бар авариялық топ ол жерде тәулік бойы кезекшілік жүргізуде. Қазіргі таңда облыс бойынша арнайы эвакуациялық пункттер жабдықталды. Су тасқыны қауіпі бар учаскелерде жұмыс істеу үшін қажетті техника резерві екі есеге ұлғайтылды. 370 мотопомпа мен 2412 бірлік техника әзірленді. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Су тасқыны болған уақытта әр деңгейдегі сценарийлер негізінде іс-қимыл алгоритмдері әзірленді» делінген аймақ басшысының жазбасында.


Осы орайда аудандық әкімдіктің төтенше жағдайлар жөніндегі маманы Қуаныш Әңкебаевқа хабарласып, тасқынға тосқын қою мақсатындағы атқарылып жатқан шаралармен таныстық. Алғы сөзін облыстық «Қазгидрометтің» мәліметінен бастаған маман 2021 жылдың 7 сәуіріне Көкпекті және Самар ауылдарында қар жамылғысының биіктігі 10 сантиметрді құрайтынын айтты. Топырақтың қату тереңдігі Көкпекті және Самар ауылдарында 20 см екен.
Көкпекті ауданының әкімі Раджан Сейтқанов көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында кешенді шаралар жүргізуде. Аудандық әкімдіктің әрбір отырысында, аппараттық кеңестерде қаралатын күн тәртібіндегі басты мәселе – тасқынға тосқын. Сондай-ақ, аудан басшысы су басу қауіпі бар әрбір ауылға барып, жағдаймен жеке танысуда. Бұл туралы «Fаcebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында оқырмандарға тұрақты ақпарат та берілуде. Әлеуметтік желідегі ақпараттардан Мариногорка мен Жұмба тас жолындағы құбырлар қар мен мұздан толықтай тазаланғанын көруге болады. Сонымен бірге, Самар ауылындағы Лайлы су қоймасындағы жағдай қатаң бақылануда. Қойгелді Аухадиев ауылдық округінде болып, көктемгі су тасқынының алдын алу шараларына дайындық жұмыстарын тексеріп, су арналарын көріп қайтқан аудан басшысы ауыл әкімі Ерлан Қизатоллаұлына өз ісіне жауапты қызметкер ретінде сенім білдірді.
Төтенше жағдайлар жөніндегі маманның мәліметіне сай, бүгінгі күні аудан бойынша 2 ауылдық округ су басу қауіпі бар. Олар - Самар және Миролюбовка. Үкіліқыз ауылының тас жолын су шайып кету қауіпі де сақталуда.
- Самар ауылында 81 тұрғын үй және Миролюбовка ауылында 20 тұрғын үйді су басу қауіпі бар. Осы ауылдарда қажет болған жағдайда 150 адамды орналастыруға арналған 2 эвакуациялық пунктер әзірленді, - деген жауапты маман кешенді шараларды тарқатып берді.
- Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында тасқын суды бөгетсіз өткізуге арналған 9 көпір, 69 су өткізгіш құбырлар бар. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 11 көпір, 163 су өткізгіш құбырлар орналасқан. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарындағы 6 көпір және 127 су өткізгіш құбырлар қар мен мұздан толық тазаланды.
Көкпекті ауданы аумағында 11 үлкен өзендер ағады. Олардың қатарына Көкпекті, Шегелек, Үлкенбөкен, Тәлменке, Құлынжон, Лайлы, Қайыңды, Жүзағаш, Кіндікті, Қарғалы және Баты өзендері жатады. Су өткізгіш арықтар саны - 48, олардың барлығы қазіргі уақытта тазаланған.
Мотопомпалар саны - 11, оның 4-і жергілікті атқарушы органдардың теңгерімінде, қалған 7 мотопомпа аудандық өрт сөндіру бөлімінде. Қосымша 1 тіркемелі мотопомпа бар. Оның қуаттылығы 1300 куб. 1 секунтта 130 литр су лақтырады. Самар коммуналды шаруашылық мекемесімен тіркеуге қажетті МТЗ-82 тракторы бұйрық бойынша бекітілген.
Көкпекті ауылындағы «Көкпекті жолдары» ЖШС базасында 200 тонна инертті материал дайын тұр. Самар ауылында Лайлы өзенінің жағасындағы Береговая көшесінің бойына 40 тонна инертті материал дайындалды. Миролюбовка ауылында да 20 тонна инертті материал бар. Сондай-ақ, 10 мың дана қап алынып, әрбір ауылдық округ әкімдеріне таратылды. Бүгінгі күнге 5550 дана қап инертті материалмен қапталды.
Бүгінгі күнге аудандық әкімдік қорында 10 тонна бензин мен 20 тонна дизел отыны дайын. Осы қордан ауылдық округ әкімдеріне қажетті жанар- жағармай таратылды. Наурыз айының 1-ші жұлдызынан бастап барлық ауылдық округтерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Көкпекті ауданына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысының № 52859 әскери бөлімінен механикалық қосымша отрядының 1 тобы көмекке келді. Топ құрамында 25 сарбаз, 3 бірлік техника, 3 дана мотопомпа және 1 генератор құралы бар. Сарбаздар мен арнайы техника су басу қауіпі бар ауылдардағы тасқынның алдын алу шараларына жұмылдырылды, - дейді Қуаныш Маркаленұлы.
Көпірлер мен каналдарды тазалау, бөгеттерді нығайту және өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуге қосымша техника тарту үшін жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық құрылымдары, кәсіпорындар және ұйымдармен 132 келісім шарттар жасалған. Барлығы 91 адамды құрайтын жеке құрам жасақталды.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз