Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
31 наурыз күні Көкпекті аудандық мәслихатының кезекті төртінші сессиясы өткізілді.
Сессия жұмысына аудан әкімі Раджан Сейтқанов, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер мен бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Ауылдық округ әкімдері Zoom жүйесі арқылы онлайн бақылауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ермек Жармұхамбетов Zoom жүйесі арқылы қатысып отырды.
Кезекті төртінші сессияның күн тәртібінде 2020 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп тыңдалды. Бұл сұрақ бойынша қаржы бөлімінің басшысы Дулат Оспанов баяндама жасады. Көкпекті ауданының аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Азамат Макенов ақпарат берді.
Күн тәртібінде қаралған негізгі сұрақта Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссия мүшесі Ермек Жармұхамбетов баяндама жасап, 2020 жылғы Көкпекті ауданының бюджетінің орындалуы туралы ШҚО тексеру комиссиясының жылдық есебінің қорытындысын жария етті.
- 2020 жылғы аудан бюджеті жүргізілген 7 нақтылау мен 16 түзетуді ескере отырып, негізінен орындалды. Игерілмеген қаражат сомасы 66,3 млн.теңгені құрады, мұнда игерілмеудің елеулі үлесінің себебі жұмыстардың орындалмауы және тауарлардың толық жеткізілмеуі болды, - дейді тексеру комиссиясының мүшесі. Ермек Жармұхаметов қаржылық тәртіп және бюджетті жоспарлау мен атқаруға, соңғы нәтижелерге қол жеткізуге жауапкершілік деңгейін арттыру, қаржылық және рәсімдік бұзушылықтарды барынша азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдар іске асыруға тиісті нақты ұсыныстар енгізді.
Сессияны қорытындылаған аудан әкімі Раджан Қайрқанұлы тексеру комиссиясының ұсыныстары толық орындалады деген сенім білдірді. Тексеру комиссиясының қорытынды есебінде көрсетілген кемшіліктер алдағы уақытта толықтай түзетілмек. Аудан басшысы халық қалаулыларын бірлесе жұмыс атқарып, тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту жолында аянбай еңбек етуге шақырды.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.