Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Аудан өміріне қатысты маңызды мәселелер 26 наурыз күні өткен Көкпекті ауданы әкімдігінің отырысына өзек болды. Әлеуметтік-экономикалық ахуал, коронавирус індетінің таралуы және оның алдын алу, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, көктемгі су тасқынын болдырмау сынды өзекті тақырыптар күн тәртібіне шықты. Отырысқа төреғалық еткен аудан басшысы Раджан Сейтқанов дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне бірқатар тапсырмалар мен міндеттер жүктеді.
Баспана мәселесіне басымдық беріледі
Күн тәртібінде алғашқы қаралған сұрақ – аудан аумағында тұрғын үй саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Назир Шалбаев баяндама жасады. Ақпарат берушінің мәліметіне сай, 2020 жылы Көкпекті ауданы бойынша жиырма тоғыз 2 пәтерлі жеке тұрғын үйлердің құрылысы аяқталған.
- Мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында аудан орталығы Көкпекті ауылында көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін жиырма 2 пәтерлі жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Қосымша жеке инвестор «Найман Құрылыс» ЖШС-нің өз қаражаты есебінен Көкпекті ауылында бес 2 пәтерлі жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Жеке инвес-тор «Көкпекті Жолдары» ЖШС-нің өз қаражаты есебінен Көкпекті ауылында төрт 2 пәтерлі жеке тұрғын үй салынды, - дейді Назир Мұсаұлы.
Ағымдағы жыл Самар ауылында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған он 2 пәтерлі жеке тұрғын үй құрылысы жоспарлануда. Сонымен бірге, жеке инвестор «Найман Құрылыс» ЖШС-нің өз қаражаты есебінен Самар ауылында бес 2 пәтерлі жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Тұрғын үйлердің пайдалануға беру мерзімі - 2021 жылдың маусым айы.
- Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен Шығыс Қазақстанда бас-пана құрылысы бо-йынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. 2021 жылы Шығыс Қазақстанда қаржыландырудың барлық көздері есебінен 577,2 мың шаршы метр тұрғын үй салу жос-парланып отыр. Аудан орталығы мен Самар ауылдары ғана емес әрбір ауылдық округте баспана салу бо-йынша ауыл әкімдері ұсыныс енгізсін. Самар ауылында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы ауыл әкімі мен жергілікті қоғамдық қауымдастықтың күнделікті бақылауында болуы керек, - деп түйіндеді Раджан Қайрқанұлы.
Таза ауыз су – денсаулық кепілі
Бүгінгі күні Көкпекті ауданында "Нұрлы Жер 2020-2025" бағдарламасы бо-йынша су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын салу және қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оған дәлел бір мезетте ауданның 11 елді мекенінде тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатындағы жобалары іске асырылуда. Олар - Көкпекті ауылының су құбыры желілері мен су тарту ғимараттарын қайта жаңарту, Самар ауылының су құбыры желілері мен су тарту ғимараттарын қайта жаңарту, Көкжота ауылының су құбыры желілері мен су тарту ғимаратының құрылысы, Көкжайық, Үлкенбөкен, Құлынжон, Аққала, Миролюбовка, Преображенка, Маринагорка, Үлгілімалшы ауылдарында су құбыры желілерін салу. Ақпарат беруші Назир Шалбаевтың мәліметі бо-йынша жоғарыда аталған жобаларды іске асыруға 2021 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден 3 миллард 711 миллион теңге бөлінген.
Көпшілікті толғандырып отырған маңызды жобалардың жүзеге асырылуы аудан халқын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берері анық. Бұл тұрғыда аудан әкімі Раджан Сейтқанов 40 метр тереңдіктен алынатын таза ауыз судың денсаулыққа пайдасы туралы тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жандандыру керектігін ескертті.
- Сәуірдің алғашқы күнінен бастап әрбір жоба бойынша жұмыстар жандануы міндетті. Мердігер ұйымдар уақытты тиімді пайдаланып, жобаларды мерзімінде аяқтауы керек. Сондай-ақ шағын ауылдарға орнатылған блок -модульдік станциялар 25 сәуірге дейін іске қосылсын, - деп талап қойды Раджан Қайрқанұлы.
Сонымен бірге су желілері құрылысы жүргізілген елді мекендерде құдық қақпақтарының ашық жатуы, қазылған жердің түсіп кетуі сынды мәселелер орын алып отырғаны белгілі. Осы орайда мердігерлермен олқылықтардың орнын жою туралы жұмыстар жүргізу тапсырылды.
Қауіпті індет –алдын алу міндет
Күн тәртібінде қаралған маңызды мәселенің бірі - коронавирус індетінің аудан аумағында таралуы және оның алдын алу. Көкпекті ауданы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Нәркес Жадринаның дерегі бойынша індет басталған уақыттан бері аудан аумағында коронавирус жұқтырған 470 науқас тіркелген. Өкінішке орай оның ішінде 14 жасқа дейінгі 32 бала бар. Қауіпті індеттен 6 адам қайтыс болған. Қазіргі уақытта 5 адам үй жағдайындағы карантинде.
«COVID -19» вирусының алдын алу мақсатында вакцина салудың бірінші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде өз еркімен Көкпекті ауылында 100 адам және Самар ауылында 100 адам вакцина салдырған. Вакцина салудың екінші кезеңі сәуір айында басталады.
Аудан басшысы қауіпті індеттің алдын алу мақсатында мониторинг топтарының жұмысын жандандырып, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына назар аудартты.
Жер жұмыс істейтін адамдарға берілсін
Әкімдік отырысында қаралған тағы бір өзекті тақырып - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану. Жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуат Алкенов тақырыптық баяндама жасап, саладағы түйінді мәселелерді ортаға салды.
Аудан әкімі ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер бірінші кезекте жұмыс істейміз деген азаматтарға берілу керектігін ашып айтты. - Біз жұмыс істеймін деген азаматтарды міндетті түрде қолдауымыз керек. Әр отбасының бақуатты болуы халықтың жағдайы жақсарып, аудан экономикасына оң әсер беретіні сөзсіз. Бұл үшін жер қатынастары бөлімі мен жер комиссиясы әр ауылдың әкімімен тығыз байланыста жұмыс жүргізуі қажет. Әр азаматтың өтініші қаралып, арызы аяқсыз қалмасын. Жазғы мал жайылымын ұйымдастыру өзекті мәселенің бірі болары анық. Бұл тұрғыда ауыл әкімдеріне міндет жүктеймін. Ауылдағы мал қараусыз жүрмеуі керек, - деп нақты тапсырма берді.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Аудандық әкімдік отырысын қорытындылай келе Раджан Қайрқанұлы барлық әріптестерді бірінші кезекте халықпен бірлесіп, ақсақалдармен ақылдасып, басшылықпен кеңесіп жұмыс істеуге шақырды. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл". Сондай-ақ, көктемгі су тасқыны кезеңінде әр округке бекітілген жауапты тұлғаларға жағдайды қатаң бақылауда ұстау тапсырылды.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.