Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының орталығы Көкпекті ауылында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қазақ мемлекеттігінің алтын тудай айбыны, елімізді орыс отаршылдығынан, қытайдың қитұрқы саясатынан сақтап қалған ардақты ханымыз, алдиярлап алқалайтын алып тұлғамыз Абылай ханға ескерткіш қойылды. Ескерткіштің ашылуына Көкпекті ауданының құрметті азаматы атағын алған елімізге беделді тұлғалар, аудан экономикасын өрге сүйреген алпауыт кәсіпкерлер, инемен құдық қазғандай ғылым мен мәдениетті зерделеген өлкеміздің зиялы қауымы мен мемлекеттік қызметкерлер жиналды. 

Салтанатты жиын елімізге әйгілі ақын Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған Марс Түлеповтың «Көкпектім менің» әнінің тұсаукесерімен ашылды. Қалба тауының кең қойнауын, Зайсан көлінің шыңырауын, ел мен жердің тарихын әспеттеген арқалы да жайдары әуеннің ноталары Толағай аспанында шырқалды. Аудан әкімі Серікқазы Құсайынұлы Садуақасов жиналған қауымға жүрекжарды лебізін арнады.


- Қымбатты жерлестер! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік тойы қарсаңында ауданымызда үлкен нысандар ашылды. Солардың бірі - Абылай хан көшесі бойындағы осынау Абылай хан ескерткіші. Бұл ескерткіш аудан тұрғындарына Тәуелсіздік күні қарсаңында үлкен сый болды.
16 желтоқсан - еліміздің аса маңызды мерекелерінің бірі, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Тәуелсіз Қазақстан 29 жыл ішінде өзін барлық бағыт пен сенімде әлемдік қоғамдастыққа таныта білді, әлемнің барлық мемлекеттерімен бірге өзара қарым-қатынасты дамытып орнатты. Қазақстандық халықтың 29 жылдық бірлігі, келісімі, саяси тұрақтылығы, әлеуметтік — экономикалық дамуы қарқынды гүлденудегі мемлекеттің дамуы үшін ықпал жасады.
Қазақстан жұлдызды 29 жылда елдің көшін аудармай, шаңырағын шайқалтпай, іргесін бекітіп, шекарасын заң жүзінде шегеледі. Елтаңбаны айшықтап, күн астында алтын қыраны қалықтаған көк байрақты шарықтатып, Әнұранды шырқаттық. Қымбатты жерлестер! Сіздерді тағы бір мәрте Тәуелсіздіктің 29 жылдығымен құттықтаймын! Елдік пен Тәуелсіздіктің Киелі көк Туы ХХІ ғасырда асқақтап, биікте желбірей берсін! Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы абыройлы белесте баршаңызға толайым табыстар тілеймін!» – деп аяқтады сөзін аудан басшысы.
Абылай хан ескерткішінің ашылуына ауылымыздың қарты Амантай Нұрғалиев ақ бата беріп, Минташ Искаков екеуі ескерткіш жамылғысын ашты. Атақты Абылай ханның алтын тақта отырған мүсіні Көкпекті жұртының көзайымы болды. Шашу шашылып, күй төгілді.
Еңселі ескерткіштің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде жергілікті тарихшы Қайрат Малғаждаров Абылай хан тұлғасының Көкпекті жерінде, дәл Толағай төрінде бой көтеруі бекер еместігіне тарихи дәлелдер келтіріп, әр сөзін ел тарихымен сабақтастыра толғады. Жиналған жұртқа рух беріп, туған өлке тарихын жаңғыртқан өлкетанушының жалынды сөздерін оқырман назарына толық ұсынуды жөн көрдік.
- «Аттан» деген сөз атқа қондырып, «аруақ» деген сөз арқаландырған азат елдің ұрпағы, армысыздар! Елімізді ойран етпекші болған қанқұйлы жауыз Ермақтың басын алған атақты Сәтбек батырдың ұрпағы, Батыр Бармақ жатқан жердің тұрғындары жасасын. Атақты ерлеріміз Қасаболат, Сатыпалды батырлар, Атан, Жомарт, Кегенбайлар, Бостан мен Қыстаубай, Кешу мен Арап батырлардың ұрпақтарымын деп мақтанатын ұландардың елі, қасиетті Қалба тауымыз аласармасын. Бүткіл Қалбаның шығысындағы, Тарбағатай мен Сауырдағы, Алтайдағы 8 ауданнан шыққан жалғыз қазақ – Кеңес Одағының Батыры Қойкелді Аухадиев ұрпақтары, бармысыздар. Ел азаттығы үшін болған соңғы шайқастардың бірі – Қалбадағы қақтығыс пен Шорғадағы ұрыстарды өткізуге дайындалып, Абылай хан ордасын тіккен Толағай тауын жайлаған елдің арыстары, Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Қалба тауы - жалпақ жатқан Сарыарқаның солтүстік шекараларының бірі. Қалбаны жау алса, ертең еліміздің жүрегі Түркістанға жетіп баруы оп-оңай. Сондықтан Қалбаны жаудан азат ету Сарыарқаны қорғап қалудың басты себебі екенін Абылай хан естен шығармады. Алтайды алу, Тарғыбатайды азат ету үшін елді Қалбаға табан тіретіп, бекіндіру басты мақсаты еді. Міне, сондықтан тарихшы Құрбанғали Халидтің «Тауарих хамсасында» және «Айқап» журналының 1915 жылғы №6 санында жазылған мына тәмсілді оқып көрейік: «Толағай тауының түбінде жоңғар қолының негізгі ордасы орналасыпты». Ұрыстың тағдырын болжату үшін әскербасылар зурқашыға (жауырыншыға) жауырын қаратады. Дәл осы сәтте қазақ әскеріндегі бір балшысы да жауырынға қарап отыр екен. Ол дереу жігіттерге: «Аттарыңды түгел теріс қаратып ерттеңдер, тымақтарыңды теріс киіңдер!» - деп бұйырады. Жігіттер бұл бұйрықты бұлжытпай орындаған. Бұл көрініс жауырынына түскен қалмақ зурқашысы қуанып, айғай салады. «Алаңсыз тыныға беріңдер, қазақтар күннің батысына қарай кетіп барады. Бетін бізден кейін бұрды», - деген екен.
Бұған сенген қалмақ қосыны жайбарақат жатқанда, қазақ қолы үстеріне сау ете түседі. Шүйлігіп бұрын соқтыққанның аты – бұрын соқтыққан. Біраздан соң жоңғарлар «Толағайдан» бергі кең алқапта табан тірей алмай, сай-салаға бытырап қаша бастайды. Қалмақ қашқан соң, Абылай «Толағай» түбіне шатырын тігіп, қолбасыларды кеңеске шақырады. Жаудың ендігі барары - «Шорға» бекінісі. Ол бүгінгі Тарбағатай ауданының жерінде. Қаракерей Қабанбай батыр «Шорғаға» әскердің тұтас барып соғысуын ұсынады. Мұның керісінше Қанжығалы Бөгембай батыр қолдың екіге бөлінуін, сөйтіп, жауды сыртынан қаусырламай кең көлемде тисуді жөн санайды. Қабанбай бұған келіспейді. Бөлінген қолдың күші кемиді. Жау бізді жеке-жеке соғуы ықтимал деп, қарсы дау айтады. Абылай хан Бөгембайды қостапты. Сонда Бұхар жырау:
-Әй, Абылай, Абылай
Мен сені алғаш көргенде
Тұрымтайдай ұл едің,
- дейтін әйгілі толғауын дәл осы Толағай түбіндегі кеңесте айта бастаған. Ақыры көп дауласып, Қабанбай ұсынған соғыс жоспары қабылданады.
Қалба бойында болған Қаракезең шайқасы, Қызылбұлақ шайқасы - ел тарихында елеулі орын алатын оқиғалар Көкпекті ауданы аумағында болғаны Уақ Бармақ батырдың жерімізде жатқанымен дәлелденсе, жауынгерлік рухтың алтын туындай баба ескерткіші аудан орталығынан орын тепкені бізді қайраттандырады, жігерлендіреді.
Бүгінгі таңда Абылай хан ескерткішін Көкпекті ауылының тақ төрінде, Абылай хан көшесінің бойында орнату - мемлекетіміздің тарихында есімі алтын әріппен жазылған Абылай ханға деген көкпектілік тұрғындардың зор құрметі деп білеміз. Мереке құтты болсын. Тәуелсіздігіміз мәңгілік жасасын!

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз