Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Көкпекті елі, Көкпекті жері атқа мінген ұландар мекені десек қалпы айтпаспыз. Бапан шағыр, Бепен көк, Данабек күрең, Елік жирен – Сократ, Нұрсағым қара, Зекеннің мақпал қарасы, Жанабылдың Құлагері, Сайранбектің жүйріктері - ауданымыздың атын алысқа жеткізген тұлпарлар.
Ат баптауды әкесінен үйренген ауданға мәшһүр Аслан Балабекұлының Қарақаттай бедеуді баптағалы біраз жыл болды. Атақты атбегінің екінші ұлы Айсұлтан биыл мектепке барды. 6 жасқа толып, мектеп табылдырығын аттайтын баласын Аслан мен Әсем сәнді кежімделген тұлпармен апарды. Ат үстінде мығым отырған жас баланың атын әкесі жетектеп, мектептің алдына әкелгенде: «Ер қанаты - ат» - деген, балам аттан түспесін, жылқы тектес, тарпаң мінез қазақ рухы өлмесін» - деген ой болды. Ұлым ат жалын тартып мінді деген осы екен. Алты жаста атқа мінген Қобыланды, он жасында асау үйреткен Бармақ батырлардың рухы қонып, киесі сіңсін балаларымызға деген ізгі ниетім, – деп ойымен бөлісті, Аслан Балабекұлы.
Бабам қазақта «атқамінер, атұстар» деген ер балаларға қарасты айтылатын қасиетті ұғым бар. Атқа мінген адам жаяулардан бір саты биік, атқамінер елінің қамын ойлайтын, жерінің жайын бажалайтын ел ағасы, сондықтан алты жаста атқа мінген Айсұлтан Балабек еліміздің атқамінері болсын деген игі тілегімізді жолдаймыз.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.