Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазіргідей қым-қуыт заманда кейбір мәселелерді шешіп, қаржыландыруда қоғамдық қорлардың атқарып отырған жұмысы айтарлықтай. Мемлекет тарапынан бөлінетін қаражат шектеулі болған жағдайда қоғамдық қорлар сол мәселеге қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, септігін тигізіп жатқанын атап өткен жөн.

Олар әр аймақта күрмеуі көп мәселелерді шешу жолында тынбай еңбек етіп, халықтың игілігіне жұмыс істеп келеді. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, олардың мәселесін көтеріп, тиісті жұмыстарды дер кезінде атқарып отырған қорлар елімізде көп болса, қанша мәселе үкіметке алақан жайып отырмай, өздігінен шешімін табары сөзсіз.
Жұртшылықтың көңілінен шығып, жұмыс істеп келе жатқан осындай қорлардың бірі - «Ақ Ниет- Көкпекті қайырымдылық» қоры. Аудандағы бұл қордың ашылып, нақты бағытта жұмыс жасай бастағанына көп уақыт бола қойған жоқ. Қор жұмысы жариялы түрде көпшілікке ашық жүргізілуде. Қор құрудағы басты мақсаты мен мәні - тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру. Ерікті қайырымдылық және гуманитарлық көмек түрінде түскен қаражаттарды, сондай-ақ басқа мүлікті жинақтау.


Көкпекті аудандық «Ақ Ниет- Көкпекті» қайырымдылық қоғамдық қоры 2018 жылдың 20 қарашасында құрылған. 2 адам өтеусіз (ақысыз) қызмет атқарады. Олар: қордың құрылтайшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы - Мұқашев Слямбек Насырбайұлы, ардагерлер кеңесінің хатшысы - Наурызбаева Рауя Алпысбайқызы. Сонымен қатар, қор құрылтайшыларының жалпы жиналысының шешімімен тағайындалған қамқоршылар кеңесінің мүшелері мен хатшысы сайланған. Қордың қайырымдылық бағдарламалары, қайырымдылық көмек көрсету жобаларын іріктеу ережелері, Қордың көмек алушыларының есеп беру тәртібі, Қордың жұмыс жоспары секілді жұмыстарды хатшы Рауия Алпысбайқызы Наурызбаева жүргізеді.
«Ақ Ниет - Көкпекті» қорының қамқоршылар кеңесінің мүшелері - Сарманов Талғат Манапұлы, Смаилова Клара Рафикқызы, Касенбаева Гульзифа Камашқызы, Ақшабаева Гүлбаран Майлыбайқызы, Оразаев Алтынғазы (марқұм).
Осындай жұмыстарды барынша тиянақты атқарып келе жатқан қор әрдайым жұртшылық көңілінен шығуда. Қор ашылған уақыттан бері көптеген іс-шараларға мұрындық болып, мәдени-рухани саланың дамуына лайықты үлес қосып келеді. Нақты атап айтар болсақ, былтырғы жылы қорға аударылған қаражат есебінен 3 126 000 мың қаражатқа Арыс қаласына гуманитарлық көмек көрсетілді. Қамқоршылар кеңесінің шешімімен тұрмысы төмен 4 адамға материалдық көмек көрсетілді. ШҚО «Парыз» қайырымдылық қорынан 54 490 000 теңге сомасында аудан бойынша 34 көпбалалы анаға баспана сатып алынды. Сондай-ақ, Астана қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған форумға Көкпекті ауданының атынан қатысқан жеке кәсіпкері Жанна Жабековаға 116 575 теңге іс-сапар шығындарына көмек көрсетілді. Халықаралық «Толағай сұлтаны - 2019» байрақты бәсекесі өте жоғары деңгейде өткен болатын. «Той ағайынмен бітіседі» дегендей, халықаралық дода біздің ауданда өтеді деген күннен бастап, аудан жұртшылығы бір кісідей ат салысып, жәрдем көрсетті. «Толағай сұлтаны - 2019» халықаралық сайысындағы атқарылған іс-шараларға (жүлде қорына, байқауға қатысушыларды тамақтандыру, қонақ үй шығыны, халықтық ойын-сауықтар өткізуге, жарнамалық бейне роликтер түсіруге, гала концертте әр түрлі жарықпен жарықтандыру, кешкі от шашуға) 18 млн 800 мың 822 теңге жұмсалған.

ҚАУІПТІ ІНДЕТКЕ ТОСҚАУЫЛ БОЛҒАНДАР

- Қазақстандағы індеттің белең алған уақыттан бері «Ақ Ниет - Көкпекті» қайырымдылық қорына ауданның барлық азаматтары атынан қаражат аударылуда. Жарнаны аудан бойынша бюджеттік мекемелер, шаруа қожалықтары мен орта және шағын кәсіп иелері жасаған. Кейбір коммерциялық ұйымдар мен жекелеген тұлғалар қормен ынтымақтастық орнатуға үлкен ықылас білдіруде және өздерінің алғашқы қаржылай көмектерін көрсетіп үлгерді, - деді қордың директоры Слямбек Насырбайұлы. «Ақ Ниет - Көкпекті»қоғамдық қорына ауданның 37 мектебі (1 балалар өнер мектебі), 7 балабақша, 17 аудан әкімінің аппарат әкімшілігі, ауылдық округтің аппараты, 13 дербес бөлімдер қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақыларын аударумен үлестерін қосқан. Сонымен қатар ауылдық округтің тұрғындары, зейнеткерлер де үлестерін қосуда.
Көкпекті аудандық «Ақ Ниет- Көкпекті» қайырымдылық қоры, қоғамдық қоры хатшысы Рауия Алпысбайқызының ұсынған мәліметіне сәйкес, Көкпекті және Самар ауруханаларына оттегі концентраты, Бобров аппараты, көмек көрсететін дәрігерлерге арнайы костьюмдер мен респираторлар, дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалған. Сондай-ақ, аурухана ғимаратының бұрынғы білім бөлімі отырған блогы босатылып, науқастарды жатқызуға арналған провизорлық бөлімін санитарлық ереже мен нормаға сәйкес жабдықтауға бағытталған.
Инфекцияға қарсы қолдануға арналған жеке қорғаныш құралдары мен арнайы жабдықтар жеткізілді. Жұмсалған қаражат 8 млн 812 мың 215 теңгені құраған. Індетпен күресте аса маңызды медициналық құрылғыларды қабылдап алған Көкпекті аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Әсем Рахымбаева көмек қолын созған кәсіпкерлерге барлық дәрігерлер атынан алғысын білдіреді.
Коронавирус пандемиясы Қазақстанның барлық тұрғындары үшін нағыз сынақ болды. Бұл жағдай адамзатты ауызбіршілікке, өзара көмек пен ұйымшылдыққа жұмылдырады. Осы тұрғыда аудан халқының ауыз-біршілігі мен берекесін анық көре аламыз.
«Көкпекті ауданының орталық аурухансы» ШЖҚ КМК ұсынған ақпараты бойынша төмендегі адамдар демеушілік көмек көрсетті:
Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасының Көкпекті аудандық филиалының төрайымы Сарманова Ардақ Маратқызының ұйымдастыруымен кәсіпкерлер өз үлестерін қосты. Аудандағы жеке кәсіпкер, отаншыл-патриот, елшіл-жершіл, жас Арайлым Мандиева және ауданға танымал спортшы, жігерлі азамат, атақты Касенбаевтар әулетінен шыққан Тимур Көкпекті орталық ауруханасына бүгінгі күнде зәру болып тұрған, қат құрылғы оттегі консентратын дайындайтын аппаратты сатып алып берді.

КӨКПЕКТІ АУМАҒЫ БОЙЫНША
ҚОҒАМДЫҚ ҚОРҒА ҚАРАЖАТ АУДАРҒАН ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ МЕН ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛЕР
1.«Елім-ай» ЖШС
2.«Рустам» ЖШС
3.«Өрнек» ЖШС
4.«Қасымжан» ЖШС
5.«Көкпекті Несие» ЖШС
6.«Иртыш-Лог-Сервиз» ЖШС
7.«КЧАТП» ЖШС
8.«Қызыл Ту» ШҚ
9.«Қарақат» ШҚ
10.«Асқар» ШҚ
11.«Асхат» ШҚ
12.«Өтей» ШҚ
13.«Элита» ШҚ
14.«Мадина» ШҚ
15.«Темірлан» ШҚ
16.«Қосағаш» ШҚ
17.«Қожабаев Тлеукан» ШҚ
18.«Самур» ШҚ
19.«Астана» ШҚ (Қ. Айдарғазин)
20.«Заря» ШҚ
21.«Нұрсағым» ШҚ
22.«Талап» ШҚ
23.«Алтын Колос» ШҚ
24.«Алекс» ШҚ А.Бойков
25.«Қабыл Қапар» ШҚ
26.«Қалмұхжомахмет» ШҚ
27.Тассай а/о ШҚ басшыларынан
28.Үлкенбөкен а/о ШҚ басшыларынан
29.Қ.Аухадиев а/о ШҚ басшыларынан
30.Шұғылбай а/о ШҚ басшыларынан
31.Биғаш а/о ШҚ басшыларынан
32.Көкжайық а/о ШҚ басшыларынан
33. «Талғас» ШҚ
34. «Боғас» ШҚ
35. «Алекс» ШҚ А.А.Макаров
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР:
Б.Сағатбекова, А.Амреева, А.Увахиева, Ж.Актаева, Ф.Аверко,К.Акижанова, А.Ордаханова, Г.Комилов, А.Мұқтарова,
М.Садыков, А.Бойков, Ш.Сарсембаева, Г.Мұхамадиева, М.Акижанов, М.Рахимбаева, Р.Мухаметжанова, М.Садыков, Н.Долгих, И.Абибулаева, Р.Беспаева, С.Ибраимов, Ж.Естелік, Г.Мутанова, Г.Шаяхметова, Ә.Жеңісхан, Р.Беспаев, И.Искаков, Б.Мурсалимова, Е.Бейсембинова, А.Кагарманова, Ж.Рахимбаев, А.Нұржанова, В.В Фейст.

САМАР АУМАҒЫ БОЙЫНША
ҚОҒАМДЫҚ ҚОРҒА ҚАРАЖАТ АУДАРҒАН ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ МЕН ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛЕР
1. ДСУ-14
2.«Намыс» ШҚ Асқар Қайратұлы
3.«Бородин» ШҚ Е.С.Бородин
4.«Бура» ШҚ С.А. Мамырбаев
5.«Лик» ШҚ
6.«Еңбек Агро» ЖШС
7.«Ақшаған»ШҚ
8.«Жаңажол»ШҚ
9.«Батраков»ШҚ
10.«Боронин»ШҚ
11.«Абдулов»ШҚ
12.«Дюсупов жәнеК» ЖШС
13.«Колос»ШҚ
14. «Серік» ШҚ Қажиғалиев Асқар
15.«ТЭМПР»ШҚ
16.«Сұңғат»ШҚ
17.«Agro Bizines KZ» ЖШС
18.«Гюрза» ЖШС
19.«Шериаздан»ШҚ
20.«Қара өткел»ШҚ
21. Миролюбовка а/о ШҚ басшыларынан
22.«Мәмбет»ШҚ
23.«Қалисаттарұлы»ШҚ
24.«Рыбпром» ЖШС
25.«Кузмич» ЖШС
26.Құлынжон а/о ШҚ басшыларынан
27.Бастаушы а/о ШҚ басшыларынан
27. «Алтай» ШҚ Б.Г.Ғабитов
29. Бастаушы ауылының ардагерлер ұйымы

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР:
А.Токашев ЖК, З.Мұрзағалиев, А.Бикатова, Л.Федорова, И.Порохов, О.Думенко, Д.Майтыков, О.Исаенко, «Токтасынова» ЖК А.Каирдинов, Н.Шапибаева, Б.Кумарова, шағын кәсіпкерлер атынан Индира, М.С.Касенов.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз