Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Коронавирус. Күн сайын біз ол туралы жаңалықтардан естиміз, әлеуметтік желілерден оқимыз және үйде жақын адамдармен дастархан басында да талқылаймыз. Қауіпті індетпен күрес әр түрлі маман иелерін – дәрігерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлерін бірлесе жұмыс атқаруға біріктіреді. Алайда, індетпен күресте алдыңғы шепте эпидемиологтар тұрады.
Көкпекті ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы (біз үшін анағұрлым үйреншікті – санитарлық-эпидемиологиялық қызмет) алғашқылардың бірі болып шұғыл хабарлама алады. Осы сәттен бастап көптеген адамдар үшін көрінбейтін қиын жұмыс басталады. Біз статистикалық мәліметтер мен фактілерді Көкпекті ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Гүлмира Абдрасуловамен бірге қарап шықтық.

АУДАН МЕДИЦИНАСЫ ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДА 

- 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізіле бастады. Біздің өміріміз бен жұмысымыз «дейін» және «кейін» деп екіге бөлінді деп айтуға болады. Біздің тәжірибемізде мұндай шара алғаш рет қабылданды. Әрине, біз пандемияның не екенін естідік және білдік. Бірақ теория мен практика мүлдем басқа нәрсе.
Пандемияға дейін біз жоспарлы жұмыспен айналысып, мониторинг жүргіздік. Басқа ауру-лардың өршуі байқалған жоқ. Әрине, төтенше жағдай жарияланғаннан кейін бірден ауданда коронавирустық инфекция тіркелген жоқ. Көкпекті ауданында бірінші жағдай 16 маусымда тіркелді. Осы уақыт аралығын дайындық деп атауға болады. Дәрігерлермен бірге біз ауруханалардың пациенттерді қабылдауға дайындығы мен бос орындарды қарастыра бастадық.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов пен аудан басшысы Асхат Смаиловтың коронавирустың таралуына жол бермеу бойы-нша шаралар қабылдауда көрегенділігін атап өтпеуге болмайды. Олар қабылдаған шешімдер медициналық мекемелердің пандемияға дайын-дығын бағалауға көмектесті.
Ауданда коронавируспен ауырған алғашқы адамдар туралы шұғыл хабарланғаннан кейін біз дереу ауру ошағына, үш елді мекенге, бардық. Бізбен бірге дәрігерлер жұмыс істеді. Бірлескен күш-жігермен біз науқастарды қарап, олармен байланыста болған адамдардың шеңберін пысықтадық, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, - деді басқарма басшысы.
Дәрігерлер мен эпидемиологтардың тәуекелін бағаламау мүмкін емес. Бүгінгі күні ауданның 16 дәрігері коронавирус індетін жұқтырған, бір дәрігер өмірден өтті…
- Өкінішке орай, бұл коронавирус инфекциясына қарсы күресетін жандарда ғана кездесетін жалғыз мәселе емес. Тұрғындар бұл мәселеге әрдайым түсіністікпен қарап, жауапкершілік таныта бермейді. Басқарма басшысының айтуынша, адамдар дәрігерлерді үйлеріне кіргізбей, олардың ақыл-кеңестерін тыңдаудан бас тартқан жағдайлар болған - дейді.
ПТР-диагностикасы зертханалар жұмысы мен эпидемиологиялық қызметті тежеді. Зерттеу нәтижелерінің ұзақ уақытта дайындалуы эпидемияға қарсы жүргізілген жұмыстың тиімділігіне ықпал етпеді. Мұндай жағдай тек аудан мен облыста ғана емес, бүкіл елімізде де қалыптасты. Алайда, қазіргі уақытта бұл мәселе қызметті жеделдету немесе ауруханалардың басқа зертханалармен келісім-шарттар жасасу арқылы шешілді. Бұл ауру ошақтарының шеңберін тарылтуға септігін тигізетін өте маңызды аспект.

«ЖАЛҒЫЗ АДАМ ЖАУЫНГЕР ЕМЕС»

Қазіргі уақытта Көкпекті ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы 6 штаттық бірліктен тұрады. Атап айтсақ, басшы - Г.К.Абдрасулова, бас маман - Г.З.Мирзасова, жетекші мамандар - Н.С.Рахимова, Г.Т.Нигмежанова, А.Е.Акчабарова және Н.Г.Жадрина.
Бұл олардың нәзік иығына ауыр жүктеме түсті. Жұмыс барысындағы үлкен жүктеме, сенбі, жексенбі, мейрам күндеріне қарамастан жұмыс істеу, құқық қорғау органдарымен рейдке шығу олардың кәсіби міндеттерін жауапкершілікпен орындауына кедергі келтірмейді. Жағдайға түсіністікпен қарайтын және эпидемиологтарға қиындықтарды жеңуге көмек қолын созатын отбасы қолдауының маңызы зор. Гүлмира Қабышқызы осы мамандықты таңдап, азаматтардың денсаулығын сақтауға, олардың әл-ауқатын жақсартуға, еңбектерін ел игілігіне арнаған өз ісінің кәсіби мамандарына айтар алғысы шексіз.
Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтан-дырылуы туралы айтуға әлі ерте. Алайда, уақыт өте келе әр түрлі қызметтердің жұмысы реттелген механизмге айналады. Көптеген адамдар «Covid-19» жұқпасымен бетпе-бет келеді.
Күнделікті кеңестер, ағымдағы жағдай мен проблемалық сәттерді талқылау, ПТР-тесті-леуді өткізу, дезинфекциялық іс-шаралар, сауда нысандарын жабу, азаматтардың сұрақтарына түсіндіру жұмыстары ауданның санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің тек бір бөлігі ғана.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурыз айында Гүлмира Қабышқызы Алматы облысы блокпостарының жұмысына әріптестеріне көмек көрсетуге облысымыздан барған 20 өкілінің құрамында болды.
10 күн бойы блокпостардағы өткен жолау-шылардың деректерін тексеру, термометрия, денсаулығын байқау сияқты шараларды ұжым қиындықтармен, уақытпен санаспай бір команда ретінде жұмыс атқарды.
Сондай-ақ, 4-15 шілде аралығында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Шемонаиха ауданындағы «Уба» шекара бекетінде тексеру жүргізуге жұмылдырылған қызметтерге көмек көрсетті. Жұмыс алгоритмі бірдей болды, бірақ күнделікті жұмыс режімі (таңертеңгі 8-ден ертеңгі таңғы 8-ге дейін) оңай болмады.
Бұл қарапайым жұмыс сияқты көрінгенмен, бірақ ол пандемияға қатаң түрде қайта құрылды, эпидемиологтарға жүктеме бірнеше есе өсті.
Қызметкерлерге шағымданудың қажеті жоқ, бұл мамандықтың ерекшеліктері. Демалуға уақыт жоқ, алдымызда ЖРВИ мен тұмау маусымы бар. Біз осы қиын уақытта мамандарға қарапайым санитарлық шараларды сақтай отырып және өз денсаулығымызға ұқыпты қарау арқылы көмектесе аламыз.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз