Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
24 шілде күні аудан орталығындағы барлық мекемелер мен ұйымдарда сенбілік жарияланды. Тазалық акциясы аясында иелігіндегі ғимараттар мен оның аумағын тазалау, арамшөпті шауып, ағаштарды санитарлық кесу, қоршауларды ретке келтіру және бояу, жиналған қоқысты шығару жұмыстары көзделген. Барлық мекемелер мен ұйымдар ауылдық округ әкімдігі тарапынан алдын ала хабарландырылды.
Көкпекті ауылдық округі ақпараты бойынша сан мәрте айтылған жағымсыз жағдай бұл жолы да қайталанған. Әрбір аппараттық кеңесте жүктелетін аудан әкімі Асхат Смаиловтың хаттамалық тапсырмалары ішінде ауылдағы тазалық пен тәртіп ерекше орын алады. Десек те, жергілікті биліктің айтқанына пысқырып та қарамайтын, әкімнің сөзін құлағына да ілмейтін мекемелер мен ұйымдар бар. Олар жеке меншік мемлекет! Айтар уәжі – біз аудандық бюджетте емеспіз. Сонда Көкпекті ауданында тұрып, халқына қызмет көрсету арқылы жұмысын жүзеге асырып жатқанын ұмытқандары ма? Тіпті, туған жерге деген сүйспеншілік, халыққа лайықты қызмет көрсету деген қарапайым ұғымды білмейді ме? Аталмыш мекемелердің алдында ешбір абаттандыру жұмыстары жүргізілмеген. Аумағын арамшөп басып, ағаштар жабайы кейіпке енген. Айта кетейік, бұл мекемелерді Айдар Сыдықов және Асылбек Богданов деген осы елдің тумалары басқарады. Ұжымындағы 30 адамға басшылылық етіп отырған басшылардың 3 тал гүл отырғыза алмағыны қалай? Халық ең көп баратын мекемелердің гүлге оранып тұрғаны бәрімізге мәртебе болар еді.
Үй ішінен үй тікккен мемемелердің сыры түсінікті. Ал енді, тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімін қалай түсінуге болады? Жас басшы Қайрат Жылқышев айтылған сыннан сабақ алып, шұғыл шешім шығарады деген үміттеміз.
- Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім, Көкпекті ауданының мемлекеттік архиві, Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, «Көкпекті-Толағайы» балабақшасы, Көкпекті орта мектебі сынды ұйымдар аумағы көркімен көз тартады. Ешқандай ескертусіз ғимараттар мен іргелес аумақтарды таза және ұқыпты ұстайтын мекеме басшыларына халықтың алғысы да шексіз. Сонымен қатар, аудан орталығындағы барлық дүкендердің аумақтары да сенбілік жұмыстарын жүргізуді және ғимараттарының қасбетін жөндеп, қалыпқа келтіру шараларын қажет етеді. Осы тұрғыда жеке кәсіпкерлерді абаттандыру жұмыстарына көңіл бөлуге шақырамыз, - дейді ауыл әкімінің орынбасары Серік Байсенгіров.
«Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста» дегендей, ауылымыздың көркейіп, ажарлануы да осында тұрып жатқан әрбір тұрғынның өз ауласын таза ұстауынан басталады. Әрбір ауыл тұрғынын, әрбір мекеме мен кәсіпорындарды өз аулаларын таза ұстауға шақырамыз.
Айдын ТОҚСАН
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.