Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауыл – қашан да қазақтың алтын бесігі, ұлттың тозбас темірқазығы. Ал ауыл ахуалының жақсаруы тұрғындар үшін де жақсылықтың нышаны болмақ. Ауылдың әрбір мәселесі шешімін тауып, мұндағы елдің еңсесі көтеріңкі болса, болашақ та баянды. Ежелгі мекеннің мұңы тарқаса, бұл да егемендіктің ерен көрінісінің бірі.
Ауыл тұрғындары үшін ауыз су, жол мәселесі бірінші орында. Жыл сайын мемлекет тарапынан ауылдарды көтеру мақсатында бағдарламалар дайындалып, тиісті қаражат көзі қарастырылуда. Мұндай игі жұмыстар бүгінде Көкпекті ауданында да атқарылып, әкімдік тұрғындардың тілегін орындап келеді.


Көкпекті ауылдық округіне қарасты Ажа, Толағай, Ұзынбұлақ, Шәріптоғай елді мекендеріне арнайы барған жұмыс тобы атқарылып жатқан бірнеше ауқымды жұмыстардың куәсі болды.
Жұмыс тобын алдымен жыл сайын ажары кіре бастаған Ажа ауы-лына апарған округ әкімі Қайрат Алғазыұлы, атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырды:
-Ажа ауылы аудан орталығынан 14 шақырымда орналасқан. Жалпы халық саны - 210 адам. Мұнда ауыл тұрғындары көбіне мал шаруашылығымен айналысады. Бұл ауыл үшін ең өзекті мәселе ауыз су болған. Су – ырыс көзі, тіршілік бұлағы болғандықтан да, ауыл тұрғындары үшін ауылды ауыз сумен қамту мәселесі қарқынды жүріп жатыр.
- Көкпекті ауылдық округіне қарасты Ажа ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамту мақсатында 2019 жылдан бері су жинағыш (водозабор) құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнде су жинағыш құрылысы толығымен аяқталып, ендігі кезекте ауыл ішіне су құбырын тарту жұмыстары басталды. Жоба бойынша Ажа ауылының ішінен 3 су алу бағаналары (колонка) орнатылатын болады. Ажаға «КазГерСтрой» ЖШС демеушілігімен 2,5 шақырым кіре беріс жолын және 3,5 шақырым ауыл іші жолдарына тегістеу жұмыстары жүргізілді, көшелері жарықтандырылған. Жергілікті тұрғындар бұрын бастаудан, бертін келе әркім құдық қазып, ауыз су қолданған. Құдық суы кейіннен тұщыланып, суды аудан орталығынан тасып ішкен. Енді санаулы күндерден соң, таза ауыз су мәселесі толық шешіледі, -деді ауыл әкімі.
Сонымен қатар, шағын ауылда білім ордасы «Романов негізгі мектебі» орналасқан. Мектепті 25 жылдай білікті басшы Әділбек Каусов басқарып отыр. Аталмыш білім ордасында 37 оқушы білім алып, 17 мұғалім еңбек етуде. Шағын ауыл мектебінде білім алған түлектердің аудан мектептері арасында жеткен жетістіктері көп. Алдағы уақытта мектептің атауын « Кегенбай би» болып өзгерту жоспарда тұр.
Ал, Ұзынбұлақ пен Толағай ауыл тұрғындары үшін блокті модульды станциясы іске қосылуда.
Шәріптоғай ауылындағы клуб үйі аудан әкімі Асхат Сайдахметұлының қолдауымен жаңа кейіпке енуде. Ғимарат көп уақыт күрделі жөндеу көрмей, қараусыз жатқан болатын. Құрылыс жұмыстары мұнда биыл жаз бойы жүргізілді. Құрылысшылардың дені – ауыл тұрғындары. Бұл жұмыс орны – олар үшін нәпақа табу көзі.
Бүгінде елді мекендер еңсе тіктеп, ауылда жоспарлы істер ойдағыдай жүргізілуде. Жоспар ауқымды, жұмыс қарқынды. Күн өткен сайын Көкпекті ауылдық округіне қарасты шағын ауылдардың ахуалы жақсарып келеді.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз