Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.
Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой баяндады.
Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:
Көлік қатынасы бойынша:
Рұқсат берілген елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;
Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);
Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;
Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.


Азаматтардың жүріп-тұруы бойынша:
Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;
Ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат ету;
Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;
65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.
Мына нысандардың қызметіне тыйым салу керек:
Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т.б. (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары).
Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау;
Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының қызметін сақтау;
Дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметін сақтау;
Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметін сақтау: ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен).
Үкімет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін екенін атап өтті.
Жаңа шектеу шараларын талқылауға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметов, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті Р. Жүрсінов және т. б. қатысты.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз