Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауыл, қала, тіпті ел тарихының әр кезеңінде өз шежіресі, шығу тарихы  болады. Көкпекті ауданының Сарыбел ауылы 1959 жылы құрылған. Ежелгі атауы, оған 2010 жылы қайтып берілді. Бұрын ол Ново-Тимофеевка деп аталған. 

 

ЖАРҚЫРАҒАН ЖАҚҰТ ЖАҒАДА

Жақұттай жаға жарқырап,
Өзіне тартып баурайды.
Бу менен бұлт астасып,
Алмастай шапақ аунайды,
Бұл өлең жолдары Қалба тауындағы, Сарыбел ауылдық округіндегі Бұқтырма су қоймасының жалпақ жартасты, алтын құм төбелі жағаларына арналады.
Округке баратын жолдағы, жағалауда үйлері, коттедждері бар демалыс базалары көз алдыңда күн сайын емес, сағат сайын өседі, қиял мен армандардың жұмбақ әлеміне шомылуға, күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт демалып, түнгі самал желмен салқын толқынына батуға шақырады.
Осындай ғажап сезімдерді сезінбейтін көптеген оқырмандарымыз сарыбелдіктер туралы – «міне, бақытты жандар, теңізде тұрады, онда нағыз жұмақ – суға түсесің, күнге қыздырынасың» деп айтады. Иә, бұл шынымен де солай. Мұнда тіпті ауа да ерекше, теңіз, салқын желмен жапырақтар тербеледі.
Ауылды аралап жүріп «Өзен», «Комфорт» демалыс базасы ал кейбіреулерде өткенді еске түсіру ниетте «Ново-Тимофеевка», «Пламя» қонақ ауласын көрдім. Ауылдың сыртында «Рубин», «Бұқтырма лилия», «Белые камушки» және т.б. ірі демалыс базалары орналасқан. Сарыбелдіктердің тұрғын үйлерінің жанынан келушілердің демалуына арналған сүйкімді үйлер салынған. Ауыл тұрғындары да бос тұрған үйлерін, ғимараттарын келушілерге келісімді бағамен жалға береді.
Округте 4 сауда нүктесі жұмыс істейді. Қазір жағалаудағы жазғы демалыстың қызған шағында жергілікті кәсіпкерлер табыстарына риза. Біз олардың тұрақты тұтынушылары келген демалушылар екенін байқадық.
- Округ бойынша барлығы 406 демалыс үйі бар, - дейді 2019 жылдың қаңтар айынан бас-тап осы лауазымда қызмет істеп жүрген округ әкімі Аслан Тілеуұлы Жапарқұлов. - Олардың барлығы тіркелген, құжаттары бар. Олармен карантиндік шараларды, санитарлық ережелерді сақтау, тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты, ауыл мен қалалардан келген демалушылар саны артты.
Қазіргі уақытта округтегі тәртіпке жауапты жаңадан тағайындалған учаскелік полиция қызметкері Алмат Берікұлы Бопай жұмыс істейді. Ол қызметке тұрған екі аптаның ішінде өлкедегі қоғамдық тәртіпті күндіз-түні қадағалап, қызметіне адал, міндетіне жауапты азамат екенін көрсеткен жас маманға тұрғын үй берілді.
Әкімдік қызметкерлерінің, белсенділердің күшімен жағалауда аумақты тазалау бойынша сенбіліктер өткізіледі, демалушылармен тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Біз өз көзімізбен көру үшін арнайы жағалауға бардық. Адамдардың шомылуына арналған арнайы бөлінген орында қоқысқа арналған жәшіктер, дәретхана орнатылған. Су қоймасының жағалауы таза, күнге шағылысқан асау толқындар жағаға келеді.
Ауылдың болашағы үшін осы жерлерде туризм саласын дамытып, өркендетуге болады - бұл туралы есеп беру кездесулерінде аудан басшысы да үнемі қайталайды.

СУ - ТІРШІЛІК КӨЗІ

Теңіздің жағасында өмір сүре тұрып, су қол созым жерде болса да, ауыз су мәселесі орын алған.
Сарыбел ауылындағы ауыз су мәселесі бірінші орында. Әкімдік қызметкерлерінің, ауыл тұрғындарының айтуынша, ауылдағы су құбырлары жұмысы 1972 жылдан бастау алған.
Оны тұрғындар бес-ондаған жылдар бойы пайдаланып келеді. Осы уақыт ішінде оған не жөндеу жүргізіліп, не қайта құрылу жұмыстары жасалмаған. Ауылда 24 колонка бар, оның 16 - сы жұмыс істеп тұр, қалған 8-і тозығы жеткен және жарамсыз болғандықтан пайдаланылмайды.
- Бюджеттен тек су құбыр-ларын салуға қаражат бөлінеді, бірақ қайта құруға ешқандай қаражат қарас-тырылмаған, - дейді Аслан Тілеуұлы. Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы аталмыш мәселені бақылауда ұстауда, аудан басшысы бұған немқұрайлы қарамайды. Келесі жылдан бастап бұл мәселе округке ірі инвестициялық жобаның тартылуының арқасында біртіндеп өз шешімін табатын болады. Ал әзірше біз барға қанағат етудеміз. Өйткені округтің болашағы туризмді дамыту болып табылады.

ҚОРАҢ ТОЛЫ МАЛЫҢ ҚАЗЫНА

- Округтің әлеуметтік-экономикалық паспорты төмендегідей: - округ тұрғындары ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығында - 616 адамды құрады. Ірі қара мал саны - 1532 бас, қой, ешкі - 2743 бас, жылқы - 1622 бас, құс - 2011 дана, - бұл ақпаратты бізге ауыл әкімдігінің бас маманы Мармалад Тайф айтып берді.
Көріп отырғанымыздай, сарыбелдіктер еңбек етуден жалықпайды, олар мал, құс өсіреді, сондықтан дастархандарынан әрқашан да ет, сүт өнімдері үзілмейді. Ауыл маңынан кейінгі шабындықтарда бұзаулар мен жылқылар жайылып жүреді.
Аслан Тілеуұлының айтуынша, индосектордың ІҚМ төлдері топталып, жайлауға жіберілді, сауын сиырлар аулаларда ұсталады, мал жаю кезектері ұйымдастырылған.
Округте 13 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Жылқы шаруа-шылығымен кәсіпкер Қ.Оңғарбаев айналысады, оның шаруа-шылығындағы жылқы саны 1200 басты құрайды. «Рахымбек» ШҚ басшысы Сайранбек Жалдыбаев ірі қара және жылқы өсірумен айналысады.
Бұл тамаша жан туралы тоқталмай кету мүмкін емес. Ол аудандағы ат спортының дамуына үлес қосушы, жаттықтырушы-шабандоз. Атқа міну мәдиениеті - Ұлы даладан тараған. Сайранбек Рахымбекұлы сияқты жылқы өсіру әдістері туралы білік, дағдысына сүйеніп, шабыс үстінде бәйгені танып, және оған қалай қол жеткізуі тәсілдерін жақсы білетін ешкім жоқ. Бала кезінен бастап ат баптауға деген қызығуышылығы мен құштарлығы осы жануарларға деген қамқорлығына айналды.
Жылқылардың спорттық тұқымдары - күнделікті ауыр еңбекті, күш пен жігерді талап етеді. Бұл «кәсіппен» тек қана әдемі, ақылды, адамға адал жануарға деген сүйіспеншілігі бар кәсіп иесі айналысуы керек. Сайранбек Рахымбекұлының жаттықтырушылық қызметін, сәйгүліктерімен қатысқан жарыстары туралы бір-екі сөзбен айтып беру мүмкін емес.

БАУЫР БАСҚАН МЕКЕН 

Он бес жылдан астам уақыт бойы Моңғолия жерінен қоныс аударып келген Мармалад Тайфтың отбасы Сарыбел ауылында тұрады. Оларға бұл құмды жерлер ұнайды. Ол Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппаратында 7 жыл қызмет етіп келеді. Қазіргі уақытта ол ауылдық әкімдіктің бас маманы ретінде, өз жұмысын жақсы меңгерген.
- Отбасымен Моңғол Халық Республикасының Баян-Өлгей округінен Сарыбел ауылына көшіп келдім. Мамандығым бойынша мен - мал дәрігерімін, Моңғолияда ауылшаруашылық институтын бітіргенмін. Жұбайым екеуіміздің 7 баламыз, 4 немереміз бар, олардың бәрі ержеткен өздерінің отбасылары бар. Тек кенже ұл ғана бізбен бірге тұрады, келінім мектепте мұғалім болып жұмыс істейді, - дейді Мармалад.
Ол бұрынғы округ әкімі Түсіпхан Рахымбекұлы Жалдыбаевтың есімін аса құрметпен есіне алды. Мармалад онымен Моңғолиядағы өмір жайлы естеліктерімен бөлісетін.
- Біз екеуіміз 2009 жылы Моңғолияға машинамен бардық. Ол біздің сол жақтағы тұрмысымыз бен салт-дәстүрімізге ұқсас отандастарымыздың қонақжайлылығына риза болды. Көшпенділер даласында қымыз ішіп, ет жедік, - дейді Мармалад. - Көп ұзамай ол кісі өмірден өтті.
Адаммен тез тіл табысатын, ашық мінезінің арқасында Мармалад кез келген ортада жұмыс істей алады. Әрқашан мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға сай болуға ұмтылады, өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отырады, мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтайды.
Міне, біздің Сарыбел ауылдық округіндегіне барған сапарымыз да аяқталды. Болашақта олардың өмірі жақсы жаққа қарай күрт өзгереді, оған туристік кластер серпін береді, ал оның бастамасы бар.

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз