Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Ауданда шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қауырт жұмысқа кіріскен. Полиция қызметкерлері Көкпекті және Самар ауылдарында жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілерінің шектеу шараларын сақтауын қадағалауда. Ауыл көшелерінде бейсауат жүрген тұрғындарға шектеу шаралары талаптарын түсіндіріп, тәртіпке бағынбағандарды жазаға тартуға мәжбүр.
Жергілікті полиция қыз-метінің басшысы Әзілхан Ақаевтың атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. - Аудан аумағында күнделікті тәулік бойы режимде қо-ғамдық тәртіпті қорғау, шектеу шараларын сақ-тау мақсатында аула аумақтарында, көше-лерде жаяу жасақ шолып шығады. Көкпекті және Самар ауылдарында ор-наласқан 5 блок-посттардың жұмысына 20 полиция қызметкері жұмылдырылды. Бекеттерде қосымша 10 мемлекеттік қызметер мен 10 дәрігер тұр. Ішкі істер бөлімі аудан аумағында коронавирус індетінің таралуына жол бермеу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр», - деді ол.
Полиция жасақтары көшеде, аулада бейсауат жүрген адамдарды тоқтатып, не мақсатпен, қайдан келе жатқандарын, қайда бара жатқандарын анықтауға тырысады. Олардың аты-жөндерін журналға не болмаса бірден планшетке түсіріп алады. Осы уақытқа дейін 5 мыңнан астам тұрғынмен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Кешкі уақытта шектеу шараларын бұзғаны үшін 1 автокөлік жүргізушісі және 2 тұрғынға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.
Ішкіс істер бөлімі қызметкерлері тұрғындардан коронавирус инфекциясының таралауына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеу шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Бір адамның санитариялық талаптарға селқос қарауы – көпшіліктің өміріне қауіп төндіреді.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.