Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
17 ақпанда «Көкпекті-Адалдық алаңы» жобасының фронт - офисінің қабылдау бөлмесінде аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Мұқашев, аудан әкімі аппаратының басшысы Бек Нұғыбаев және дербес бөлімдердің мамандары қатысты.
Өз мәселелерімен және ұсыныстарымен Асхат Сайдахметұлына үш азамат жүгінді. Соның бірі Семей қаласының "Эко Комфорт" құрылыс фирмасының директоры Ержан Нұрғалиев өз компаниясының қызметін ұсынды. Оған аудан басшысы өзара ынтымақтастық болуы мүмкін, бірақ ол мемлекеттік сатып алу аясында жүзеге асырылуы тиіс деп жауап берді.
Теректі ауылының жас маманы Әділжан Ақанов "Дипломмен-ауылға" бағдарламасы аясында тұрғын үй алуға өтініш білдірді. Бұл мәселені шешу тиісті сала мамандарына тапсырылды.
Қабылдауға соңғы болып кірген, Шәріптоғай ауылының тұрғыны Гүлнара Сарамсақованың өтініші. Ол гүл көшеттерін өсірумен айналысады. Өткен жылы оның гүлдері көптеген ұйымдардың аулаларын безендірді. Асхат Сайдахметұлы алдағы көктемде көшет Гүлнара апайдан ресми келісім негізінде алынатынын атап өтті.
Ал келесі күні, 18 ақпанда аудан әкімі Самар ауылында кезекті қабылдауын өткізді. Қабылдауда тұрғындар жер қатынастары, көп балалы аналардың тұрғын үй мәселелері, атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін көтерді.
Өткен жылдан бастап жер қатынастары мәселелері тәртіпке келтірілді, бірақ кейбір ауылдарда осы кикілжіңді реттеу бойынша әлі де даулы мәселелер бар. Мысалы, Құлынжон ауылының тұрғыны А.Насимулдинов пен Көкжыра ауылының тұрғыны А.Бибосынов дәл осы мәселелерімен жүгінді. Аудан әкімі өтініш беру-шілердің дәлелдерін тыңдап, Құлынжон ауылдық округінің әкіміне жергілікті қоғамдастықпен, жер мемлекеттік инспектормен, салық қызметімен бірлесе отырып, заңның шеңберінде жер телімін пайдалану мен мақсатты пайдалануын талдау жөнінде тапсырма берді. А.Насимулдиновке жерді жеке меншікке бір пайдаланушыдан екіншісіне беру, сондай-ақ үшінші тұлға арқылы тұрғын үйге құжаттарды ресімдеу мәселесі сот органдары арқылы шешіледі деп түсіндірілді.
Самар ауылының тұрғыны Қ.Молдағаимов бұрынғы ПМК-нің бос тұрған ғимараты мен оның аумағының жалға алынғандығы туралы мәселені көтерді. Бұл мәселе жергілікті органдардың талқылауын талап етеді.
Көп балалы ана Ж.Мыңбаева тұрғын үйге мұқтаж. Қазіргі уақытта ол аудандық тізімде төртінші кезекте тұр. Аудан басшысы жауапты тұлғаларға Самар ауылы бойынша тізімдегі кезектілігін анықтауға, әрі қарай оның мәселесін комиссиялық қарауға тапсырма берді.
"Көкпекті ауданының №2 аудандық ауруха-насының" жалпы тәжірибе дәрігері А.Стукачева да тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде өтінішін білдірді. Сегіз жыл бұрын ол "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша пәтер алды, 2019 жылы ол ведомствалық тұрғын үйді қайтарып алды, өйткені оның отбасы ажырасып, қайта қосылу себептерінен 2016 жылы жұбайы өз тұрғын үйін сатып алды. Бірақ бір жағдайларға байланысты, ол үш ай бойы ұлымен қайта қалды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша маманға тұрғын үй сатып алу мәселесі жоғары инстанциялардың заң кеңесін талап етті. Осы мәселенің барлық аспектілері анықталғаннан кейін өтініш берушіге тиісті жауап беріледі.
Қалған мәселелер материалдық көмекке, көп балалы отбасылар мен жалғыз басты аналарға атаулы әлеуметтік көмек алуға қатысты болды. Барлықтарына заң аясында түсініктемелер берілді.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.