Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ғұлама ойшыл, ақын ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі және рухани жаңғыру» атты аудандық дәстүрлі көркемөнерпаздар байқауы 20 ақпан күні Көкпекті ауылында бастау алды. Концерттік бағдарлама Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өтті.

Көкпекті ауылы - ауданымыздағы өнерпаздарымен мақтанатын округтердің бірі. Осы округтен шыққан өнерпаздардың қатарында облысымызға танылып үлгергендері де жетерлік. Ауыл өнерпаздары өнерлерін аудан орталығы жұршылығы жылы қабылдап, сүйсіне қошемет білдіруде. Зал толы көрермен. Өнерпаздар құрамы ауылдағы мамандық иелерінің түгелінен жасақталыпты – зейнеткер де, кітапханашы да, көлік жүргізуші мен фельдшер де, мектеп оқушысы мен мұғалімі де осында. Ауыл намысы үшін барын салып жүрген өнерпаздар. Кеш басталмас бұрын мәдениет үйінде Балалар өнер мектебі мен аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Көкпекті ауылдық округінде өтіп жатқан өнер шымылдығы «Көкпекті Толағайы» балабақшасы мен Көкпекті ауылдық округі ұжымдарының орындауында «Желсіз түнде жарық ай» атты хормен ашылды. Қара өлеңнің құдіреттін «Абайға арнау» атты жырларымен көкпектілік ақын Манарбек Бекішов, Архат Қабден жеткізді.


Ал сахна төріне мың бұралған бишілер «Көкпекті Толағайы», «Шуақты Шұғыла», «Балерке» балабақша қыздары мен «Балауса» тобы би қимылдарын саз ырғағымен келістіріп, әсем ұлттық киімдерімен де ерекшеленді. Сондай-ақ, «Інжу маржан» әжелер ансамблі халық әні «Беу айдай» әнін орындап әсем киінген аппақ әжелер сахнаны түрлендіріп жіберді. Әжелердің әсем дау-ысынан соң саханаға «Павлин» биімен шыққан «Балерке» балабақшасының балғын бишілері көрерменнің көз айымына айналды. Сахна төріне ілінген LED экранда бүгінгі байқаудың мән-мағынасын ашып тұратын слайдтар көрсетіліп тұрды.
Бұдан әрі жалғасқан нөмірлерде «Абайдың дүниеге келуі», «Еңлік-Кебек», «Референдум» атты театрландырылған сахналық қойылымдары қойылды.
Ал гитарасын күйлетіп сахна төріне «Толағай» оркестрінің негізін қалау-шылардың бірі әнші 50-ді еңсерген Серік Рсымбетов бастаған, ауыл әкімі Қайрат Алғазинов қостаған өнерпаздар «Жас қалам» атты қойылымды қойған кезде сонау 70-80 жылдар еріксіз еске түсті. Көкпектілік өнерпаздардың драмалық қойылымдары көрермендерге жақсы әсер қалдырды.
Сондай-ақ, сахна төрінде жезтаңдай әншілер Шынар Букумбаева мен Айжан Дүнгеновалардың орындауында «Елге сәлем», «Ақбұлақ» әндері орындалды. «Журавли» әнімен дуэт орындаған әлеуметтік орталықтың қызметкерлері Асылбек Мұқашев пен Райхангүл Баймолдина көрермен жүрегінен орын тапты. Сонымен қатар, бүгінгі кеште өнерлерімен көзге түскен округтің батыр аналары мен көпбалалы аналардың өнері елден ерекше болды. Олардың орындауындағы «Аяулы ана» әні келген көрермендердің көздеріне жас алғызды.
Сахнада Дина мен Құрманғазының жолын қуған күйшілер Балалар өнер мектебі тәрбиеленушілері мен жас мұғалім Әли Жангасиновтың орындауында «Түркмен» және «Талас» күйлері шертілді. Ал, отбасылық аналы-балалы Таныспаевтардың нақышына келтіріп шырқаған «Тек алға» әні кеш қонақтарын жігерлендірді.
Бұл кеште ән шырқалып, күй күмбірлеп, мың бұрала би биленіп, сахналық қойылымдар да қойылды. Осындай керемет кеш сыйлап, рухани азық жинауға себепші болған Көкпекті ауылы өнерпаздарына халық риза. Абай атамыздың мерейтойына арналған көркемөнерпаздар байқауы алда әлі жалғасын табады. Аудан орталығының тұрғындарына арналған әрбір концертке қатысып, шалғай ауылдардан келген көркемөнерпаздарға қолдау көрсетуге асығыңыздар, құрметті жерлестер!
Асыл Қайырбекова, көп балалы ана, Көкпекті ауылы:
-Бүгінгі концерт мен үшін де, жерлестерім үшін де өте тамаша өтті деп ойлаймын. Әрине баға беретін халық. Ұлы Абай атамыздың даналығы біздің бойымызға сіңірілген ұғым, ата бабаларымыздың бізге қалдырған даналығын, ырымын, тәрбиесін бойымызға сіңіріп өскен қазақтын ұрпағымыз. Сондықтан осындай іс-шарадан рухани азық алып тамаша демалыс болғанына күмәнім жоқ. Осы сәтті пайдаланып, үйде отырған аналарға көңіл бөлгені үшін ауыл әкіміне, ұйымдастырушыларға аналық алғысымды білдіргім келеді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз