Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Ағымдағы жылдың 7 ақпан күні аудандық тарихи-өлкетану мұражайында Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Хакім Абайдың ұстанымдары – өркениетті мемлекет қағидалары» атты салтанатты шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасын сақтау және насихаттау, жастардың бойында патриоттық сезімді, өз халқының тарихына қатысты көзқарас қалыптастыру, көркем талғамды тәрбиелеу және отандық мәдениет пен өнердің үздік үлгілеріне баулу.
Шақырылған қонақтардың қатарында аудандық білім бөлімінің әдіскері Раушан Қанапиянова, аудандық кітапхана қызметкерлері және мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары болды.
Мұражай қорын сақтаушы Клара Смаилованың кіріспе сөзінен кейін "Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан" атты презентацияны М.Әуезов атын-дағы орта мектептің ұстазы Мейірлі Жанұзаққызы көрсетті.
Іс-шараның шығармашылық бөлімінде Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі, Үлкенбөкен орта мектебі, А.Пушкин атындағы орта мектебі, Көкпекті орта мектебі сынды бірқатар білім орда-ларының талантты оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Таңжарық Қалиасқаров, Алуа Ахметкаримова, Еркежан Жексенбаева, Валентина Жакупова, Расул Колдаев, Мөлдір Амангелдинова, Әли Оралғазин есімді жас дарындар ақын әндерін орындап, өлеңдерін, қарасөздерін мәнерлеп оқыды.
Абай – қазақ халқының жаны, ал оның қарасөздері бейбітшілік пен адамдардың мәнін құнды ұғынуға айналды. Абайдың жүз жылдардан кейін даусы өзінің таңғажайып күшін жоғалтпайды, тереңдік пен сан қырлылықпен таңқалдырады: "Бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Бұл бірлікке ұмтылу және намысқорлық" (отыз тоғызыншы сөз). Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы, оның тұлғалық қасиеттері қазақ халқының мәдениетін қайта құруға серпін берді. Ол қазақ-тардың дүниетанымына жаңа бейнелер, формалар, сюжеттер, идеялардың ағынын құйды, қазақ мәдениетінің оқшауланудан шығуына ықпал етті, оған дүниежүзілік әдебиеттің әсері арқылы қол жеткізді.
Абай – бүкіл әлем мойындаған дана ұстаз, ақын және адамзаттың данышпаны. Абайдың ұлылығы мен өнегесі - ұлттық рухтың бекемдігін биіктікке көтере алды. Абай тұлғасы қазақтың мақтан тұтуына лайық рухани тірегі.
Виктория ГАРМАШОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.