Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында Көкпекті ауданында «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылған болатын. Аталмыш жобаның мақсаты - азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттырып, жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа жалпықоғамдық төзімсіздікті қалыптастыру.
- «Шығыс - Адалдық алаңы» – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою миссиясына негізделген жоба, сондай-ақ азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. «Шығыс Адалдық алаңы» - кедергісіз орта құруға, бірінші басшылардың жеке жауап-кершілігін күшейтуге, халық үшін қолайлы жағдай жасауға және қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін бірегей жоба. Жоба кеңсесінің қызметі мемлекеттік қызметтер көрсету, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары, мемлекеттік кірістер, құқық қорғау және сот органдары мәселелеріне қатысты болады.
Жоба міндеті проблемалық мәселелерді көтеріп қана қоймай, орындаушыларды сынға алып, мемлекеттік органдардың осы мәселелерді шешуін бақылау, сондай-ақ шешімді ұсыну, қалыптасқан жағдайды түзетуге қатысу.
Ауданымызда 2019 жылдың 29 желтоқсаннан бастап «Көкпекті адалдық алаңы» жобалық фронт офисі салтанатты түрде ашылып, жұмыс жүргізуде. Жобалық фронт офисі құрамына мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық пікір көшбасшылары кірді. Аудандық жобалық штаб қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні облыстық және аудандық БАҚ 11 мақала жариялады. Оның ішінде интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде – 9 мақала, аудандық «Жұлдыз – Новая-жизнь» газетінде 2 мақала жарық көрді. Бүгінгі күні жобалық офистің жұмыс жоспары құрылып, кезекшілік кестесі жасалды. Жыл басынан бері «Көкпекті адалдық алаңы» жобалық фронт офисіне 7 адам жүгініп, өз сұрақтарына жауап алды, - деді Ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Азат Рахымбаев.
Ағымдағы жылдың 3 ақпан күні Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Қойгельдин шыны терезеден жасалған кабинетте жеке азаматтарды қабылдап, халықтың айтқан мәселелерін тыңдап, әрі қарай тиісті бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
«Шығыс - адалдық алаңы» жобасы аясында басшының әйнек-телген ашық кеңістікте жұмыс жасауы қоғам алдында мемлекеттік аппарат қызметінің ашықтығын көрсетеді және халық пен биліктің байланысын нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұрмыстық жемқорлықты жою және кең ауқымды қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.