Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сенат депутаты Дүйсенғазы Мағауияұлы Мусин 8 қаңтар күні Көкпекті ауданында болып, халықпен кездесіп, өңірдің әл-ауқатымен танысты. Аудан орталығындағы кездесу барысында маңызды мәселелер туралы тұрғындардың ұсыныстарын тыңдады. Көкжайық ауылындағы «Елім-ай» агро-өнеркәсіп кешенінде іргелі шаруашылық басшысы Болат Бекбердиновпен және ауданның аграрлық сала мамандарымен келелі кеңес өткізді.

- Біздің міндетіміз «Тыңдай білетін үкімет» концепсиясының аясында сайлаушылардың мұң-мұқтажына, ұсыныс-тілектеріне құлақ түре білу. Президент қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін Заңнамалық негіздеме керек. Ол Заңдарды қабылдайтын, өзгертулер енгізетін Парламент. Сайлаушылардың, ауыл тұрғындарының, сала мамандарының ұсыныс-тілектерімен танысып, болашақ Заң жобаларын қарастырғанда ескеретін боламыз, - деді Дүйсенғазы Мағауяұлы.
Бірінші кезекте Сенат депутаты Қазақстан Рес-публикасы Парламентінің Сенатында жүргізіліп жатқан жұмыстар, Заң жобаларын қараудың қорытындылары туралы кеңінен тарқатып айтып берді. Өткен жылы әлеуметтік мәселелерге, әсіресе халықтың әл-ауқатын арттыруға, аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы аналарға мемлекеттік қолдауға баса назар аударылған. «Педагог мәртебесі туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы» заңдар қабылданған.
Дүйсенғазы Мағауяұлы мүшелік ететін аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті «Қазақстан Рес-публикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша» Заң жобасын жасаған. Аталмыш Заң жобасын жүргізуші депутат ретінде Дүйсенғазы Мағауяұлы бірқатар ерекшеліктеріне тоқталды.
- 2019 жылдың қазан айындағы Сенат отырысында қабылданған Заң жобасының негізгі мақсаты агроөнеркәсіп кешен саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру. Қазақстан Республикасының заңнамасын Евразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келтіруге бағытталған өзгерістер енгізілді. Субсидия ережелерін тұрақ-тандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау мәселесі маңызды екені белгілі. Бұл тұрғыда бірқатар өзгерістер болады. Жұмыс барысында Шығыс Қазақстанның іргелі шаруа қожалықтары тарапынан жақсы ұсыныстар айтылды. Осы орайда субсидиялау мәселесіне келгенде өңірлердің ерекшеліктерін ескеру қажеттілігін ұсынып отырмыз, - дейді Сенат депутаты.
Сонымен бірге «Көкпекті несие» несие серіктестігінің жұмысының жақсы жолға қойылғанын айтып, республикалық деңгейде алдыңғы қатарда келе жатқан үздік серіктестіктің жұмысына сәттілік тіледі. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, субсидиялау сұрақтарын қорытындылай келе, Сенат депутаты «Мемлекеттен бөлініп отырған қаржының көлемі үлкен. Тек соны игеру, мақсатты пайдалану механизмдерін жетілдіруіміз керек. Басты мақсат – қолайлы әрі қарапайым механизмдер арқылы мемлекеттік бағдарламамен бө-лінген қаражатты шаруаларға жеткізу. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту ережелерінің тұрақтылығына қол жеткізу маңызды» деді.
Сондай-ақ кездесу барысында Дүйсенғазы Мағауяұлы «Педагог мәртебесі туралы» Заң және ондағы ерекшеліктерді кеңінен тарқатып айтты. Әлеуметтік сала-дағы өзгерістерді халық расында дұрыс түсіндіру қажеттілігіне көңіл аудартты. «Ауыл – ел бесігі» жобасының мүмкіндіктерін, шекаралық аудандар және шалғай ауылдар мәселесін тілге тиек етті.
Кеңінен тоқталып, қатысушылармен пікір алмаса отырып талқылаған тағы бір мәселе – қазақтың ақбас сиыры тұқымын дамыту, заңнамалық тұрғыда «Малшы мәртебесін» бекіту болды. Саладағы мамандардың, малшылар мен механизатордың тапшылығы мәселесі көтерілді.
Жарыссөзге шыққан аудан тұрғындары тарпынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі Нұрлан Назарханов жекеменшік қосалқы шаруалышылық жүргізу ережелері туралы сұрақ қойды. Семей қаласынан кездесуге арнайы келген «Sembell» серіктестігінің басшысы Серік Байғалиев жекеменшік инвес-тицияларды қолдау мәселесін алға тартты. «Көкпекті несие» серіктестік басшысы Асхат Садриев қаржыландыру мерзімін оңтайландыру мәселесінің оңды шешілуіне заңнамалық тұрғыдан депутаттың атсалусын сұрады. Барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша іс жүзіндегі Заңдардың аясында толық жауаптар берілді.
Көкжайық ауылында «Елім-ай» агроөнеркәсіп кешенінің жұмысымен танысқан Дүйсенғазы Мусин ауданның ауыл шаруашылық, ветеринария саласының мамандарымен келелі кеңес өткізді. «Қазақтың ақбас сиыры» республикалық палатасының төраға мүшесі Болат Бекбердиновпен екіжақты пікіралмасу барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Қазақтың ақбас сиырын дамыту үшін бірінші кезекті тұқым қорын сақтау, асыл тұқымды ірі қараны индекстік бағалау жүйесін дамыту маңыздылығы айтылды. Халықаралық стандарттарға сай бағалау жүйесін енгізу, аграрлық ғылымды дамыту мәселелері қозғалды.
5 мың басқа арналған бордақылау алаңының құрылысымен танысқан Сенат депутаты мал азығын дайындайтын заманауи цех жұмысын тамашалады. Германиялық жаңа кешеннің сағатына 5 тонна мал азығына арналған жем қоспасын дайындау қуаттылығы бар. Кездесу соңында Дүйсенғазы Мағауяұлы агроөнеркәсіп саласындағы көшбасшы шаруашылықтың жұмысына жақсы бағасын бере отырып, алдағы үлкен істеріне сәттілік тіледі.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз