Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...

Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    28.11.2024 15:11
  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қымбатты отандастар!
Аз ғана уақыттан кейін Жаңа 2020 жыл табалдырығымыздан аттайды. Бұл – баршамызға жайдары көңіл-күй мен зор үміт әкелетін айрықша сәт. Тарихымыздың төрінде екі жылдың тоғысқан сәтінде айтылатын ақ тілектің орны бөлек.
Әрбір азамат, әрбір шаңырақ Жаңа жылдан жақсылық күтеді. Бұл – табиғи дүние. Біздің бүгінгі басты бағытымыз – Жаңғыру жолы.
Баршаға қуаныш сыйлайтын Жаңа жыл мейрамы осы мақсатпен үндеседі. Өтіп бара жатқан 2019 жыл еліміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды.
Қазақстан тарихи дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Тұңғыш Президент, мемлекетіміздің негізін қалаған ұлы тұлға, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық жолы сақталды.
Халқымыз Президент сайлауында маған зор сенім артты. Осы орайда, қолдау көрсеткен азаматтарға және бүкіл халыққа шынайы ризашылығымды білдіремін.
Бүгінде әлемдегі тұрақсыздыққа қарамастан экономикамыз орнықты дамып келеді.
Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін нақты шараларды жүзеге асырдық. Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын, зейнетақыны, жәрдемақыны және студенттердің стипендиясын көбейтетін болдық.
Әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға қолдау көрсету үшін біз бұрын-соңды болмаған бірегей шешім қабылдадық. Соның арқасында 500 мыңнан астам борышкердің қарызы айтарлықтай азайды.


Шағын және орта бизнесті қолдау үшін теңдессіз шаралар қабылдадық. Жаңа жұмыс орындары ашылатын болды. Мен ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қоғамымыздың дамуына жаңа серпін беруі қажет.
Халық пен билік арасындағы диалогты күшейту үшін маңызды реформаларды ұсындық.
Бұл бастамалар ынтымағымызды арттыруға бағытталған. Татулық – ата-бабалар өсиет еткен қасиетті ұғым.
Сондықтан, татулық пен бірлікті көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Біз білімі озық, ойы ұшқыр жастарға жағдай жасап, жол ашамыз.
Осыған орай, «Президенттік кадр резерві» жасақталды.
Биыл Арыс қаласындағы төтенше оқиға кезінде халқымыз мызғымас бірліктің үлгісін көрсетті. Мен халқымызды мақтан тұтамын.
Біз кез келген сыннан сүрінбей өтіп, зор табысқа бірге жетеміз деп сенемін.
Келесі жылы Конституциямыздың 25 жылдығын атап өтеміз. Ұлы даламыздың даңқты тарихын жан-жақты дәріптеуге ерекше көңіл бөліп келеміз.
Абайдың, Әл-Фарабидің мерейтойларына дайындық жұмыстарын бастадық.
Алтын Орданың 750 жылдығын мемлекет деңгейінде атап өтетін болдық.
Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына ширек ғасыр толады. Тиісті іс-шаралардың барлығын ысырапшылдыққа жол бермей, мазмұнды ой тудыратын деңгейде өткіземіз.
Мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан тың бастамалардың бәрі ел игілігі үшін жасалып отыр.
Оң өзгерістер жаңа 2020 жылда лайықты жалғасын табады. Дегенмен, сын-қатерлер аз емес. Сондықтан, біз еліміз үшін, халқымыз үшін адал қызмет етуіміз керек.
Халықтан биік, халықтан жоғары тұрған ешкім де, ештеңе де жоқ. Қазақстан дамыған, өркениетті елдердің қатарына қосылуы қажет. Біз үшін бұдан басқа тура жол жоқ. Біз 2020 жылды Еріктілер жылы деп жарияладық. Бұл игі істердің бастауы болады.
Мұндай шаралар қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты нығайту үшін керек. Келесі жылы халқымыз жағымды жаңалық пен қуанышты сәттерге кенеле берсін! Жаңа жыл әрбір азаматқа, әрбір отбасыға бақ-береке әкелсін! Отанымыз – Қазақстан өркендей берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз