Салық күнтізбесі

Салық күнтізбесі

5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

  • Салық күнтізбесі

    Салық күнтізбесі

    28.11.2024 17:17
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    28.11.2024 15:11
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    28.11.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Халықаралық қарттар күні - бұл бүкіл адамзат үшін өте маңызды мереке. Бұл құрмет пен сыйласым мерекесі, ол аға ұрпақты Отан игілігі жолындағы еңбегі үшін, өскелең ұрпақты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтуға мүмкіндік береді.

"Біздің үйіміз" - "Самар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орта-лығының" қамқорлығындағы қарияларымыз орталықты осылай атайды. Шынында да осы мекеменің табалдырығын аттай отырып, қаңыраған қабырғаларды емес, мекеме қызметкерлерінің қолымен жасалған жылы үй жайлылығын сезінесің.
Аталмыш мекемеден 150-ге жуық адам өзіне баспана тапты. Олар бүгінде бақытты өмір сүріп жатыр. Қажетті әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық және оңалту көмегін үнемі алып отырады. Бауыржан Қалымжанұлы Дюсюпов басшылық ететін әлеуметтік мекеме ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуді бағытқа ала отырып, бұл жолы да естен кетпес мерекелік кеш сыйлады. Сонымен қатар, қарияларымыздың ауру-сырқаудан аман әрі ұзақ өмір сүруі үшін қызмет ететін орталық әр тұрғынға жаңа тыныс, жаңа дем сыйлап, өмірдің жаңа бетін ашатын орын.
Қарттар күні - бұл мекемеде жыл сайын тойланатын ең басты мейрамдардың бірі. Міне, 15 қазан күні № 2 корпустың акт залында көптеген қонақтар жиналды. Қымбатты әжелер мен аталарды үй қызметкерлері құттықтап, өздері де бір-біріне жылы лебіз айтып бір марқайып қалды. Өткен жылдар туралы жарқын естеліктер төңірегінде сыр шертіп, осынау тебіреністі сәттің ізгілігімен бөлісіп, ән-жырын, келер күнге деген ақ үміттен туған асыл сөздерін айтып жатты.


Мерекеге аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов, оның орынбасары Марат Қапарұлы Теміржанов, округ әкімі Ахмет Күдербаев, БАҚ өкілдері және басқа да ресми тұлғалар келді.
Іс-шараны ұйымдастырушыларға мерекелік жылы және жайлы атмосфера жасалды, себебі бұл мереке - аға буынға ерекше ықылас, мейірім мен махаббат сыйлаудың, сондай-ақ олармен тағылымды тақырыптарда ой бөлісуге таптырмас мүмкіндік беретін күн.
Мерекелік бағдарлама Орталық қызметкерлері мен қызмет алушылардың орындауындағы әсем вальспен ашылды.
Аудан әкімі мейірім мерекесінің кейіпкерлеріне арнап жылы лебізін білдірді:


- Құрметті ардагерлер! Сіздерді қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз сіздер үшін көңіл бөлудің қаншалықты маңызды екенін білеміз, сондықтан сіздердің ешқашан жалғыз сезінбеулеріңіз және қолдаусыз қалмауларыңыз үшін айтулы мерекемен құттықтауға арнайы келдік. Мемлекетіміз сіздерге қолдау көрсетуге әрқашан дайын. Мемлекеттік саясаттың арқасында республикада азаматтардың әл-ауқатын жақсарту басым міндет болып отыр. Ең бастысы - Сіздердің денсаулықтарыңыз мықты, көңіл-күйлеріңіз тұрақты болғаны. Мен сіздерге шуақты күндер, баянды бақыт, ұзақ өмір тілеймін! Ал біз өз кезегінде сіздердің бізге берген жұмыстарыңызды жастарға қайтаруға тырысамыз, - деп атап өтті құттықтау сөзінде Асхат Сайдахметұлы.
Мерекелік кешке Қ.Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің, Самар мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары қатысты. И.К.Федосова, «Атамекен» вокалдық тобы әсерлі концерт дайындады.
Көрермендер Айымгүл Ықай, Тамара Нечаева, Дина Самарина, Виктор Власенко, Жаңабай Қасенов, Айдынгүл Жалел өнер көрсетті.,
Әртістер Жастық шақ, өткен жылдар туралы әсерлі әндер шырқады, бастысы бұл кеш егде жастағы жандарды жастық энергиясымен қуаттады. Мерекелік іс-шараға қатысушы қарттар өздерінің өмірлік белсенділігін, сергектігін, оптимизмін жасымен емес, жан-тәнімен өлшенетінін дәлелдей білді. Көңілді де өнерлі әртістер өз әндерімен қуантты. Халық орындарында отыра алмастан өздеріне ұнайтын әндерді сүйіп шырқады.
Әлеуметтік мекемеде тұратындар тек демалып қана қоймай, еңбек терапиясының белсенді қатысушылары болып табылады. Екатерина Панченко бастаған пансионаттың қолмен жасалған бұйымдардың көрмесін де ұйымдастырыпты. Селдір орамалдар, шарфтар шебердің қолынан шыққаны көрініп-ақ тұрды.
Бұдан әрі қызмет алушылардың және әлеуметтік мекеменің барлық қызметкерлерінің атынан құрметті ақсақал Төлетай Досымхан аудан әкімі Асхат Сайдахметұлына көрсеткен көңілдері мен жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, батасын берді. Өз кезегінде, құрметті ардагерге аудан әкімі А.С. Смаилов ілтипат білдіріп, арқасына ұлттық шапанымызды жапты.
Есте қаларлық кездесу барысында Асхат Сайдахметұлы «Анажан» әнін тамылжыта шырқап берді. Оның терең барқыт дауысының тембрі, сөзсіз, көрерменді әдемі әннің ырғағына елітіп, тамаша демалыс сыйлады. Асхат Сайдахметұлы мен Айымгүл Ықайдың дуэтпен орындаған «Тарбағатай таулары» әні көрермен көңілін бір марқайтты.
Мереке соңында қарт адамдарға құрмет пен алғыс сөздері айтылып, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Өмірдің күзі - бұл оның тағы бір сатысы, ол аяққа тұрып, тынымсыз, тірлік көшіне ілесетін шақ. Табиғаттың ауа райы да, өмірдің жаман күндері де болмайды, жаңбырлы күн мен мұңды сәтті тек бақытқа балай алған жандарға!

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз