5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
Ағымдағы жылдың, 16 қазан күні Көкпекті ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы Еуразиялық интеграция институтымен бірлесіп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асырудың негізгі бағыттарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына жұртшылық, мемлекеттік органдары және БАҚ өкілдері қатысты.
Аталмыш шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа Жолдауында қойылған басым міндеттерді талқылау болды. Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Ришат Сағибекұлы Рамазанов іс-шараға модераторлық етті. Сондай-ақ, дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Евразиялық интеграция иниститутының директоры Ерлан Биахметұлы Саировтың қатысуымен өтті. Ол ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтары туралы егжей-тегжейлі айта келіп, республиканың жекелеген шекаралас аудандарын дамытудың, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің, жастарға сапалы білім берудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, саясаттанушы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі нақты қандай жұмыс атқарып жатқанына тоқталды.
- Ел Президенті Қ.Тоқаев педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды еліміздің басты басымдықтарының бірі деп белгіледі. Әлем өзгереді, дүниенің технологиялық құрылымы күрделенеді. Осы кезеңнің басты тұлғасы - мұғалім. Мұғалім өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырады. Мұғалім рухани және технологиялық өзгерістер биіктігінде болуы керек, – деді Ерлан Биахметұлы.
Сондай-ақ, саясаттанушы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қандай жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
Ал Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ришат Сағибекұлы Рамазанов Мемлекет басшысының Жолдауы барлығын тиімді және үйлестірілген жұмысқа жұмылдыратынын айта келіп, әрбір адам өз учаскесінде қойылған міндеттерді жүзеге асыруға тікелей және белсенді қатысуы тиіс екенін тілге тиек етті. Тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуы ғана азаматтардың әл-ауқатының өсуін, экономиканың дамуын, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз етеді, - деді өз сөзінде.
Жиында сөз алған С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Марат Түсіпжанұлы Мағзумов та өз ойын ортаға салды.
- Өңір дамуының басты басымдығы білім беру сапасын жақсарту болып табылады. Технологиялар мен инновацияларға баса назар аудара отырып, біз елімізде Жалпыға бірдей білім алу керек деп санаймыз, – деді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасы Президенті қызметінің негізгі бағыттары қоғам мүдделеріне жауап беретінін және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру стратегиясына сәйкес келетінін айтты.
Жиында сөз алған спикерлер Көкпекті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Мұқашев, Самар ауылдық кітапхананың директоры Елена Сихварт, Көкпекті ауданы бойынша кәсіпкерлер Палатасының директоры Әлия Мұқашева және Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейдің мұғалімі Дәурен Мергенчинов өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды.
Жақын жылдар ішінде әлем өзгереді, дүниенің технологиялық құрылымы күрделенеді. Сол себепті өскелең ұрпақты рухани және технологиялық өзгерістер биігіне жетелейтін мұғалімнің мәртебесін бүгін көтеріп, заманауи бағыт беруіміз керек. Міне, осы мәселелер төңірегінде дөңгелек үстелде ой қозғалды.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.