5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
«Ұстаз» деген атау - тым кең ұғым. Өзі жүргізген сабақтарында ғана емес, жалпы өмірде шәкірттеріне адамтану, ғұмыртану ілімдеріне мағлұмат беретін, өзгелер үшін жанын жеп, сол өзгенің бақытын аялайтын жан ғана «Ұстаз» деген ұғымның биік шыңына көтерілмек.
Мақаламыздың кейіпкері қарт ұстаз, ардақты ақсақал Кеңес Дүйсенұлы Дүйсенов «әдемі қартайғандар» қатарының шоқтығын биік етіп тұрған тұғырлы тұлға. Дүйсен ата көргені көп, өмірде түйгені мол. Осындай ұлағатты жанды өскелең өркенге өнеге ету мақсатында жазылған бұл мақала көз жүгірткенге емес, көңілге түйетін зерделі жас мұғалімдерге үлгі болса керек.
Кеңес аға 1947 жылдың 5 наурызында бұрынғы Семей облысы, Көкпекті ауданы, Шәріптоғай ауылында дүниеге келген. 1954 жылы Карл Маркс атындағы бастауыш мектеп табалдырығын аттап, 1961 жылы 7 жылдық мектепті бітіріп шығады. Ұстаз аға айрықша ілтипатпен өзіне сабақ берген Иван Совельевич Калашников, Шәйкен Құлжанов сынды ұстаздарын мақтаныш сезіммен еске алды.
1972-1977 жылдары Семей қаласындағы Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институт-тың дене шынықтыру мамандығы бойынша білім алады. Туған жеріне оралған Кеңес аға мектепте дене тәрбиесі пәні мұғалімі болып еңбек етеді.
Кеңес ата кеңес заманында «Қазақстан Республикасының оқу-ағарту ісінің үздігі» атағын иеленді және бірнеше марапаттауға ие болды. Айта кетсек: кәсіподақ ұйымы, облыстық оқу бөлімі, аудандық оқу бөлімі тарапынан бірнеше мақтау граммоталарын алған.
Қарапайым да қамқор көңілді Кеңес аға үлгілі оқытушы болуымен қатар үлкен бір отбасының ұйытқысы. Қосағы Роза апа да білім саласында еңбек еткен. Кеңес аға екеуі 3 бала тәрбиелеп, ұлын ұяға, қыздарын қияға қондырған жандар. Бұл күнде әрқайсысы өмірдегі орындарын тауып, әке-шешенің шаңырағын ордалы отауға айналдырған. Ұлы Руслан жеке кәсіпкер, қызы Нейлә заң саласында, кенже қызы Динара денсаулық сақтау саласында еңбек етуде.
Зердесінде сәулесі бар ағартушы сол бір кезеңнің бейнетіне сай бүгінде зейнетін көріп отыр. Кеңес ата мен Роза апа екеуі үш баладан сегіз немере сүйген құрметті ата мен әже.
Жетпіс бір деген жасты бағындырған Кеңес ағаны мұғалімдер меркесімен шын жүректен құттықтай отырып, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, Роза апа екеуіңіз бірге ұрпақтарыңыздың қызығын көруді Тәңірім нәсіп етсін дегіміз келеді.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.