5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
Қарттар күні 1 қазанда аталып өтіледі. Бұл жай ғана ресми мереке емес, бұл өмірдің ерекше сәттері мен барлық ізгі сөздер мен ойларын үлкен өмір жолынан өткен адамдардың өмірін ұлықтайтын күн. Бұл мереке өскелең ұрпақтың мемлекетіміздің әл-ауқатын өз қолдарымен құрған ағаларға құрмет көрсетуге бағытталған.
Халықаралық қарттар күніне арналған салтанатты жиын 1 қазан күні Самар ауылындағы И.К.Федосов атындағы мәдениет үйінде өтті. Мерекелік іс-шараға еңбек ардагерлері, Көкпекті ауданының барлық округтерінен зейнеткерлер шақырылды.
Күзгі мерекенің шымылдығын «Толағай сазы» халық аспаптар оркестрі (көркемдік жетекшісі Томан Рапила) ашты.
Одан кейін жиналған қауымға аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов құттықтау сөз сөйлеп, Қарттар күні – аға буын өкілдеріне, әріптестеріне, туған-туысқандары мен жақындарына олардың даналығы, шыдамдылығы мен тәжірибесі үшін құрмет көрсетуге мүмкіндік беретін тамаша мереке екенін, оларға біздің ауданымыздың және бүкіл елдің дамуы үшін, дәстүрлі құндылықтарды сақтау үшін жасаған істерінің барлығы үшін алғыс айтатынын атап өтті.
- Құрметті біздің ардагерлеріміз! Сіздерді қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер моральдық құндылықтар мен дәстүрлердің сақтаушысы, балалар мен немерелерге тірек және сенімді көмекшілері болып табыласыздар. Сіздердің ауданның қоғамдық және мәдени өміріне белсенді қатысуларыңыз құрметке ие. Соғыс жылдарындағы қиындықтарға тап болған аға буын ардагерлерге алғысымыз шексіз. Біздің ауданда 4948 зейнеткер тұрады,оның ішінде 155 адам Самар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорлығында, 341 тыл еңбеккері, 4 Ұлы Отан соғысына қатысушы. Сіздер әлі күнге дейін белсенді азаматтық ұстанымды сақтап, халық алдында абырой биігінде қалуды жалғастырасыздар. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ұзақ ғұмыр тілеймін, - деп атап өтті Асхат Сайдахметұлы.
Құттықтау сөздерге Көкпекті ауданының Құрметті азаматы Баянды Кәкенұлы Қожамбетов қосылды. Баянды Кәкенұлы Самар ауылын абаттандыру ісінде, жақында салынған Ұлы Абайдың ескерткішіне қатысты, қазақ ағартушысы мен ақын есімі берілген ауыл тұрғындары үшін орталық демалыс және мәдениет алаңының құрылысына қатысты оң өзгерістерді, сонымен қатар, аудан орталығында «Толағай сұлтаны» атты халықаралық спорттық-мәдени іс-шара өткенін атап өтті.
- Құрметті жерлестер! Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге ұзақ өмір және бақыт тілеймін, - деді Баянды Кәкенұлы.
Одан әрі қарттарды Көкпекті ауданы әкімінің алғыс хаттарымен, «Еңбек ардагері», «Ауыл еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды. Марапатталғандардың арасында құрметті ақсақалдар, асыл шопандар, мал өсірушілер, мал дәрігерлері, әжелер, көпбалалы аналар, балалар, жастар тәрбиесіне өздерінің лайықты үлестерін қосқан педагогтар Жалпыға Ортақ Еңбек сабақтастығының эстафетасын тапсырған жандар да болды.
Сахнаға егде жастағы адамдар ғана емес, аудан тарихындағы өзіндік орны бар, біздің қоғамымыздың негізгі қалаған жандар шықты.
Сахна төріне көтерілген Қадырбек Әкімұлы Жазнаев, Ардақ Омарова, Қарлығаш Увалиеву, Нұролла Нұқыбаев, Сағила Жұмағұлова, Алпысбек Кемербаева, Картай Құдайбергенов, Жақсылық Рахимбеков, Нұркызаин Сәтпаев, Валентина Старикова, Василий Гладышев, Серікқазы Дюсеневты көреремен қауым ыстық ықыласпен қарсы алды.
Көкпекті аудандық және Самар Мәдениет үйлерінің әртістері, Самар өнер мектебінің тәрбие-ленушілерінен құралған би топтары дайындаған мерекелік концерт өз мәресіне жетті.
"Інжу маржан" әжелер ансамблі, "Забава" және "Асыл қазына" фольклорлық ансамблінің әндері мерекелік іс-шараның сәнін келтірді.
Біздің өмірімізде ардагерлер маңызды рөл атқарады. Олар жинақталған тәжірибе мен білім беріп, өз отбасыларына көмектеседі. Олар - бұл қоғамды дамыту үшін жаңа күш болып табылады. Әр адамның өмірінде әже мен ата әрдайым бар, және олардың орны ерекше.
1 қазан Халықаралық қарттар күні біз өз күш-жігерімізді өз халқына арнаған, өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы мен жастығын бергендерге құрмет көрсетеміз. Дәстүр бойынша аға буын өкілдеріне мереке қонақтары құттықтау сөз сөйледі:
Қарлығаш Құмарбекқызы Увалиева, педаго-гикалық еңбек ардагері, Білім саласындағы еңбек өтілі 41 жыл. Үшкөмей ауылы:
- Бүгін аға ұрпаққа құрмет көрсетіліп, әжелер мен аталарға алғыс айту күні болды. Біз бұл мерекені жыл сайын тойлап жатсақта, осында айтылған өлең-жырлар, әндер бізді бір марқайтып тастады. Бүгін мен аудандық және ауылдық әкімшіліктерде қарт адамдарға көңіл бөлгені үшін, тамаша концерт көріп жерлестермен жүздескенім үшін алғыс айтқым келеді. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын, әрбір отбасына денсаулық, ашық аспан, молшылық және амандық тілеймін.
Тамара Леонидовна Хаданова, еңбек ардагері, аграрлық-техникалық колледждің аспазшысы 36 жыл. Самар ауылы:
- Мен осындай іс-шарада, осындай тамаша күннің, керемет мерекенің куәсі болдым. Концертте біз көңілді демалып, жақсы көтеріңкі көңіл-күймен күзгі мерекені қарсы алдық. Халықаралық қарттар күні барлықтарыңызға жақсылық пен зор денсаулық тілеймін. Әр үйде жақсылық, бірлік, бақыт орнасын, әрдайым аспанымыз ашық болсын!
Қазез Тасылбаев, еңбек ардагері, ауыл шаруашылығында еңбек өтілі 36 жылдан астам. Новостройка ауылы:
- Барлық еңбек ардагерлерін, зейнеткерлерді мерекемен құттықтаймын! Ауыл әкімшілігіне қарт адамдарға көңіл бөлгені үшін алғысымды білдіремін. Құрметті жерлестер, сіздерге ұзақ өмір, денсаулық және бейбітшілік тілеймін. Отанымыз – Қазақстан өркендесін!
Іс-шара соңында қонақтарды «Нұрлан» кафесінде мерекелік үстелге шақырды. Дастархан басында ардагерлер күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт арылып ән айтып, би билеп, пікір алмасты.
Еңбек сіңірген және құрметті ақсақалдарға ерен еңбегі үшін, жас ұрпаққа үлгі көрсеткендері үшін алғыс ретінде ұлттық шапандар табысталды.
Құрметті ардагерлер! Самайларыңыз ақ қырау шалса да, жүректеріңіз бен мінездеріңіз кез келген алмастан да берік.
Сіздер біз үшін әрдайым даналықтың, ғылым мен тәжірибенің баға жетпес қазынасы болып табыласыз.
Қанат АПСАДЫҚОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.