5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
Атаулы әлеуметтік көмек Көкпекті ауданы бойынша 392 отбасына берілді» - деп хабарлайды «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы Қанат Мұқышев. Өтемақы 2 айға сәуір маусым айларына беріліпті. Көкпекті ауылы бойынша 52 көпбалалы ана алса, алғашқылардың бірі бес бала асырап отырған жалғызбасты Айгүл Садықова екен. Көкпекті өзенінің жағасындағы аудан әкімшілігі берген екі бөлмелі үйде тұратын Айгүл Садықова атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеу кезінде ешқандай сөзбұйдалық пен қағаз бастылық көрмегенін, қажетті құжаттарының аздығын, оларды жинақтап өткізгесін, көмек қаржысының шотына түскенін айтып, алғысын білдірді. Айгүлдің тұңғышы Аяжан 13 жаста екен, одан кейінгі балалары – Әлихан, Нұрсұлтан, Айарулар 11 айлық Нұрали жетектеп ойнатуға жарап қапты. Бар бала аналарының қолғанаты болып, берілген атаулы көмектің риздығын көріп, тап-тұйнақтай таза бөлмеде сабақ қарап отырды. Алған көмекті үйді жөндеп, бақшаны жыртқызып, көкөніс егуге жұмсаймын деп отыр жалғызбасты көпбалалы ана Айгүл. Атаулы көмектің үнемді пайданып жатқаны көз қуантып, көңілімізді көншітті.
Хадиша Жусанбаева, атаулы көмек алушы көп балалы ана:
- Мен атаулы әлеуметтік көмекті көптен бері күтіп жүрдім. «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне құжаттарымды өткізгенде тағы да бір, екі ай тосамын ба деп қиналдым. Алайда, бұл уайымым бекер екен. Әр балаға 21 мың теңгеден берілетін жәрдемақыны алу үшін өтініштен басқа ешқандай құжаттар қажет емес екен. Оны әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне өткіздім. Құжаттарымды өткізгеннен кейін бір аптаға да толмаған мерзімде екі айдың өтемақысы жеке шотыма түсті. Қанат Мұқышев басқаратын мекеме тарапынан маған көңіл бөліп, көрсетілген көмектері үшін алғысым шексіз.
Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.