5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
Жексенбі күні аудан әкімі Асхат Смаилов жұмыс сапарымен Көкжота және Қараөткел ауылдарына барды. Көкжота ауылында былтырғы жылы құрылған ұлттық ат спорты мектебінің жұмысын бағамдап, көкпаршылардың жағдайын білді. Қараөткелде жергілікті қауымдастық өкілдерімен кездесіп, алда атқарылар бірқатар шараларды пысықтады.
Көкпаршылар мамыр айында өтетін облыс біріншілігіне қызу дайындық үстінде. Ауыл сыртындағы атшабарда бұл күні арнайы дода ұйымдастырылды. Ауылдың кәрі-жасы осында жиылып, жол жиегінен палуандардың жаттығу ойынын тамашалауда. Жаттығу деген аты болмаса нағыз доданың өзі. Бір мезетте шағын ауылдан атқа қонған 20-дан астам көкпаршының арасында мектеп оқушылары да бар екен. – Ұлттық ат спорты мектебі болып құрылуымыз жұмысты жүйелі жүргізуге мүмкіндік берді. Жас палуандарды дайындауға көп көңіл бөліп отырмыз. Таяуда ғана 3 бірдей оқушымыз жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының ойындарында шеберлігін шыңдап қайтты. Алдағы облыс чемпионатында тек жеңіске ойнаймыз, - дейді көкпаршылар көшбасшысы Қанат Биқатов.
Сондай-ақ, ат спорты мектебіне биыл жаңадан додаға қажетті айғырлар да сатып алынған екен. Аудан құрамасының белді 3 ойыншысы спорт мектебіне жұмысқа орналасыпты. Осылайша жұмысы жаңғырып, мақсаты ұлғайған Көкжоталық көкпаршыларды аудан басшысы тағы бір қуантты. – Биылғы жылы ат спорты мектебінің техникалық базасын жаңартамыз. Жылқыларды күтіп-баптауға қажетті жем-шөп дайындайтын техникалары өздерінде болғаны дұрыс. Ұлттық ат спорты мектебінің басты мақсаты өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, білекті де жүректі, рухы жоғары азаматтар тәрбиелеу, - деді Асхат Сайдахметұлы.
Аққала ауылдық округіне қарасты Қараөткел ауылын ағымдағы жылы үлкен өзгерістер күтіп тұр. Ауылға арнайы ат басын бұрған аудан басшысы бірқатар нақты шешімдер шығарып, шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Мектептің шатыры ауыстырылып, қасбеті жөнделеді. Орталық көшеге жарық шамдары орнатылып, жаппай тазалық жұмыстары атқарылмақ.
Шалғайдағы шағын ауыл Қараөткелде қордаланып қалған мәселе көптігін аудан әкімінің былтырғы жұмыс сапары туралы мақаламызда жазған едік. Жыл өтсе де баяғы жартас сол жартас күйінде сақталыпты. Округ әкімі Мұхтар Жанкебаевқа берілген тапсырманың бірі де орындалмаған. Ең бастысы ауылдағы күл-қоқыс сол қалпында. Қараөткелге келген қонақтар алдымен кіреберістегі қатты қалдықтар алаңын «тамашалайды». Жергілікті тұрғындар күнделікті күл-қоқысын, малдың тезегін ауылдың сыртындағы қырға шығарып, желді күні ауласынан тосып алады. Тазалықты ұйымдастыруға жауапты ауыл әкімі қайда? Халықты береке- бірлікке шақыратын азаматтар қайда? Елді мекендегі тәртіп қамтамасыз етуге жауапты учаскелік полиция инспекторы қайда қарап отыр? Әлде, Көкпекті мен Самардың халқы жабылып келіп жинап бергенін тосып отыра бермек пе?
Білім беру бөлімінің басшысына Қараөткел негізгі мектебінде шатырын ауыстыру бойынша жұмыс жүргізіп, қасбетін жөндеуді ұйымдастыру тапсырылды. Шаруа қожалығының басшысы Жандос Ибраимов бастаған жергілікті жігіттер қажетті материал сатып алынса шатырды өз күшімізбен ауыстырып аламыз деп отыр. Мектептің жылыту қазандығы орналасқан ғимарат та жарамсыз жағдайға жеткен. Жұмыс барысында ол да жаңа ғимаратқа ауыстырылады. Сонымен бірге, мектеп директорына ауланы абаттандыру жұмыстарын қолға алу керектігі ескертілді.
- Тұрғындар алдында есеп беру кездесулерінде нақты айтып өткендей әрбір елді мекеннің тазалығы мен тәртібіне ауыл әкімі тікелей жауапты. Жергілікті халықты ұйымдастырып, өздері тұрып жатқан жерде тазалық орнату, мал жайылымын ұйымдастыру, ауыл ішінде бей-берекет жүрмеуін қарау тікелей ауыл әкімдерінің міндеті. Аудан тарапынан жасалатын жұмыстарды атқарып береміз. Биылғы жылы Қараөткел мектебінің төбесі мен жылыту қазандығы ғимаратын жөндейміз. Орталық көшеге ауыл әкімінің ұсынысы бойынша жарық тартылады. Жолды грейдерлеп, қайта жөндеуге коммуналдық шаруашылықтың техникасын тағы да жібереміз. Фельдшерлік пунктке келген жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеміз. Ал тұрғындар тарапынан тазалықты сұраймыз, - деді аудан басшысы.
Әли Айтқалиев - Семей қаласынан шалғайдағы ауылға келіп, жергілікті халыққа медициналық қызмет атқарып жатқан жас маман. Аудан басшысымен кездескен жастың басты мәселесі - тұрғын үй. Асхат Сайдахметұлы жас мамандарды «Дипломмен - ауылға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасына қатысуды ұсынды.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.