Салық күнтізбесі

Салық күнтізбесі

5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

  • Салық күнтізбесі

    Салық күнтізбесі

    28.11.2024 17:17
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    28.11.2024 15:11
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    28.11.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самарқанның көк тасы еріп, тіршілік атаулыға жылулық әкелетін молшылық мейрамын көкпектіліктер кең ауқымда атап өтті. Бұл күні дүбірлі той, ақ түйенің қарны жарылған мейрам болды. Аудан әкімі Асхат Смаилов бастаған ел ағалары көпшілікті мерекемен құттықтап, сәні мен мәні келіскен салт-дәстүр айшықтарына елмен бірге атсалысты. Алаңда түрлі ұлттық ойындар өткізіліп, әсем ән мен тәтті күй төгілген нағыз халықтық мерекеге ұласты. Наурыз тойының қызығы Қалихан Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінің алаңында қызды. Таң атқаннан Мәдениет үйінің алаңына жиналған халықтың қарасы қалың болды. Ертеден жиылған ел 11 ауылдың жанында ойын-сауық құрып, бас аяғы қозыкөш сауда қатарларын аралады. Әр жерде қуырылған кәуап жеген жұрт, дәмді наурыз көже үлестірген сұлу келіншектер мен ақ жаулықты әжелер, алтыбақан басындағы балалар мен жасөспірімдер Наурыз мейрамынына бүкіл халықтық сипат беріп тұрды. Жұрт бар жақсысын киіп, ақшаңқай үйлерді аралап, бір-біріне жақсы тілектер айтуда. Бата сұраған жұртқа адал ниетпен ақсақалдар да ақ батасын аямауда. Мерекенiң ашылу салтанатында аудандық мәдениет үйінің әртістері дайындаған театрландырылған қойылым көрсетiлiп, Қызыр баба елге, жерге жақсылық, молшылық, табыс, береке, ынтымақ, бiрлiк тiлеп, ақ батасын бердi. Ортаға ертегідегіндей безендірілген күймеде келген Наурыз Аруы келгенін жариялады.


Халқымыздың ертеден тойланып келе жатқан бұл мейрамды көпшілік зор қуанышпен тойлауда. Қаз-қатар жасау-жабдығы келiсіп тігілген 10-нан астам ақшаңқан киіз үйлер қазақтың кербез сәні мен салтанатының айғағындай. Негiзiнде жыл басының астарында «Наурызда жақсы атаулының бәрiн халыққа көрсетiп, ұсынады» деген түсiнiк қалыптасқан. Осыған орай әрбiр киiз үйдiң жасауы да өз ерекшелiгiмен бiр-бiрiнен үстем түскiсi келгендей бар жақсысын жайып салыпты. Ұйымдастырушылар қазақтың алты қанат ақ боз киіз үйлерін қазақтың әсем ою өрнектері салынған текеметтер және түскиіздерімен үй ішін безендіріп, дала өркениетін көрсетуге тырысқан. Наурыз мейрамына жиналған жұртшылық киіз үй ішіне және сыртына қойылған қолөнер шеберлері мен суретшілердің өнер туындыларын да қызықтап жатты. Әр жерде «Наурыз құтты болсын», «Ұлыс оң болсын» деп жазылған жазулар жарқырап тұрды.
Бұл күні аспан ашылып, күн жылынып, табиғат та нұрланып сала берді. Мейірімін шашқан көктемнің бұл күнін көпшілік берекенің бастауы десіп, жақсы нышанға балап жатты. Биыл оңтүстүстіктен ескен жылы леб Қалба тауының қарының көбесін сөге алмады, тек үстінен жүргендей бетін сірі мұз қылып жалтыратып қойды. Көкпекті ауылы көшелерінің сүр қары мұзтаулардай орқаш-орқаш болып өркештеніп жатты.

ТҰСАУЫН ӘКІМ КЕСКЕН КҮН

Сахна төрінде өмірге жаңа қадам басқан сәбиге ақ жол тілеп, тұсау кесу рәсімін жасаған әжелер жиналды. «Ақ жол берсін» - деп ақ кигізін төсеген ақ ниет, адал пиғылды ақ әжелер ақ тілектерін жас сәбиге арнап, аудан әкімі Асхат Сайдахметұлына Жұмабикенің тұсаған ала жібін ақ алмаспен қидырды. Балаға бақыт тілеген аудан басшысы наурыздық шашуын беріп, нәрестенің бетінен сүйді. Жанұясындағы жанындай жақсы көретінің сәбиінің тұсауын кесіп. Келешекке құтты қадам тілеген ата-ананың Зура мен Бейсенбектің қуанышында шек жоқ. Тұсауын әкім кескен шашуы шашылып, дастарханы жазылып, мәре-сәре болған жас отбасының қуанышын аудан халқы бөлісті.

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ДӘМДІ КӨЖЕСІ

Көкпекті аудандық орталық ауруханасы ұжымы биылғы Наурыз мерекесіне ертеден қамданған екен. Олардың мерекеге арнап тіккен үйі – 300 орындық Ақ орда болды. Емхана басшысы Нұрлан Құсманұлы Әубәкіровтің өзі бас болып, ақ желеңдерін әдемі шапанға айырбастаған хирург пен терапевт, лор мен акушер мерекенің сәнін келтіре әуелете ән сап тұрса, медбикелер мен тазалықшылар наурыз дәмін ұсынуда. Бүгінгі жасалған көже біздің өңірдің апаларының ертедегі рецебі бойынша жасалыпты. Көжені басы – қысқы соғымның шекесі екен, шекенің жанында сүр құйрық пен сары қазы. Осындай сорпаға Көкпектінің түктелген ақбидайы салынған екен. Одан ауданның брендіне айналған қызыл қасқа сиырдың сүтінен ұйытылған айран мен қайнатылған құрты қосылыпты.
Сонымен қатар, «Көже ішкіш - мешкей», «Бауырсақ жегіш -қомағай» ойындары өткізіліп мерекені тамашалаушыларды қарқ қылды.

КӨПШІЛІК ОЙЫНДАРҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

Ас пен тойда көретін қызық, наурыз мерекесінде шарықтау шегіне жетіп бар ойындар аренаға шығады. Сақасын үйірген асық атқыштар, ләңгісін әулете қалқытқан – ләңгібоздар, жауырыны қақпақатай – палуандар, жұдырығы тоқпақтай - армрестлингшілер көрерменді қасынан таң қалдырмай өткізбеді. Бұқа тартыс пен арқан тартыстар да арыстанша арпалысқан жігіттердің ауп-ауп етіп ақырған үндері Толағай батыр суға лақтырған арыстанның ашуындай естіліп жатты. Әр ауылдың алды шырқалған ән, қызған ойын.
Тау көтерген Толағай еліне келген Наурыз мерекесі Жоңғарды жеңген жеңіс тойындай тойланды десек те болады. Қаракезеңнің бауырын алып жатқан Көкпекті ауылы ерекше сәнге еніп, қызыл-жасыл түрмен жасанып, әдемі, асқақ әні әуелеп таңертеңнен думанды шаттыққа бөленіп жатты. Мереке десе, той десе жыр тасқынын ағызатын Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің алаңына 11 киіз тігіліп, Ырыс, Наурыз, Тана мырза, Мұхтар, Шәкәрім, Абай, Қойкелді, Алаш, Жастар ауылдары деп аталды. Сол 11 үйдің алдында 11 ұлттық ойын ойнатылып, мерекені тамашалаушылардың барлығы қатыстырылды. Әр үйдің алдына 101 ойыншы тартылып барлығы – 1111 адам ойынға қатысты.
Мереке барысында ұлттық ойындар қоры-тындылары шығарылды, жеңімпаздар, ең үздік жабдықталған киіз үй тіккен мекемелер марапатталды. Арнайы құрылған комиссияның шешімі бойынша «Ұлттар достығы ауылы» үздік киіз үй деп танылса, ІІ орынды «Жақия Шайжүнісов ауылы», ІІІ орынды «Тана мырза ауылы» иеленді. Сонымен қатар, мерекеге қатысқан Абай ауылына -«Ырысты босаға», Шәкәрім ауылына- «Ең үздік безендірілген киіз үй», Жастар ауылына «Ұйымшыл ауыл», Қ.Алтынбаев ауылына- «Қасиетті кереге», Қ. Аухадиев ауылына - «Үздік ұлттық киіз үй», М.Әуезов ауылына - «Көрікті ауыл», Алаш Орда ауылына - «Қонақжай ауыл» деген аталымдар берілді. Жүлделі орындар мен аталымдар иегерлері бағалы сыйлықтар мен мадақтамаларға ие болды.
Ұлттық спорт ойындарына қатысқандар да назардан тыс қалған жоқ. Қазақ күресі бойынша 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Д.Тукушевке және 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде А.Гизатуллаевқа тең келер ешкім болмады. Армрестлингтен жарыс екі салмақ дәрежесінде өтті. 70 келіге дейінгі салмақта ерлер келесі нәтижелер көрсетті: І орын – А.Лебедев, ІІ орын – Д.Жексенбеков, ІІІ орын – К.Алтынбеков. Осы санаттағы қыздар арасында Т.Апенькоға тең келер ешкім болмады, ІІ орынды Е.Иванченко, ІІІ орынды Н.Нұрпеисова иеленді. 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Т.Тұрсынов жеңімпаз атанса, ІІ орынды Қ.Есімов, ІІІ орынды Н.Жұмажанов иеленді. Осы санаттағы қыздар арасында орындар келесідей берілді І орын А. Нұрқасымова, ІІ А.Құмарова, ІІІ орын А.Сыдыковалар өзара бөлісті. "Арқан тарту" жарысын тамашалауға да көп көрермен жиналды. «Көкпекті жастары» командасы жеңімпаз атанды. Ал ІІ орынды «Ажа», ІІІ орынды «Мектеп түлектері» командасы иеленді. Жиналған көпшілікті әсіресе «Қой көтеру» жарысы ерекше қызықтырды. Тартысты өткен сайыс нәтижесінде қой басын 200 реттен артық көтерген М.Смағұлов нағыз қара күш иесі болды. Ал Қ.Алкенов «Жілік шағу» ойыны бойынша жеңімпаз атанды.

Қайрат МАЛҒАЖДАРОВ
Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз