5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
23 наурыз күні облыс орталығында Көкпекті ауданының ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өткізілді. «Fresh Marcet» сауда кешенінің аумағындағы сауда-саттық Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналды. Көкпектіден жеткен мол әрі арзан өнімге Өскемен тұрғындарының сұранысы жоғары болды.
Мерекелік жәрмеңкеге аудан аумағындағы шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілер қатысып, төл өнімін ұсынды. Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин берген мәлімет бойынша, бұл күні жәрмеңкеде 1.5 тонна жылқы еті, 3 тонна ірі қара еті және жарты тонна қой еті әкелінген. Сондай-ақ бал, картоп, орамжапырақ, балық және тағы басқа да өнімдер сатылымға шығарылды. Әдеттегідей жәрмеңкеге шығарылған өнімдердің бағасы қаланың басқа коммерциялық базарларына қарағанда 10-15 пайызға төмен.
- Бірінші кезекте қала тұрғындары осындай мол әрі арзан бағалы өнім ұсынып отырған ауыл еңбеккерлеріне ризамыз. Сапасы жоғары және қолдан өндірілген өнімнің оңайлықпен келмейтінін мен жақсы білемін. Осындағы әрбір өнім маңдай тер мен таза еңбектің жемісі. Қала тұрғындары үшін ауылдың жәрмеңкесі мол мүмкіндік туғызады дейді, - өскемендік Қанайбек Нұрханов.
Жәрмеңке аясында базаршы бұқараға ауылдың дәмі ұсынылды. Аққала ауылдық Октябрь мектебінің ұжымы ыстық шай мен тіл үйірер палау таратты. Тегін аспен бірге басты мәзір Наурыз көже де ұмытылмады. Орталық аурухана арулары ұлттық дастархан жайып, келушілерге Наурыз көже ұсынды.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.