5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
Жыл сайын ақпан айының ортасында біз Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар Отан алдындағы борышын адал орындап жатыр, әлі де баратын жастарымыз бар, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген ниетпен ұйымдастырылған іс-шара арқылы сол бір сұрапыл соғыс болған ХХ ғасырдың 80 жылдарына ораламыз. Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толып отыр.
Жылдағы дәстүр бойынша бұл күні аудан орталығындағы Заречка аумағында орналасқан Ауғанстанда көз жұмған жауынгерлерге арналған ескерткіш маңында еске алу митингісі болып өтті.
Жиналғандар алдында сөз сөйлеген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Мұқашев интернационалистік борышын адал атқарған боздақтардың есімдерін атай отырып, оларға және Ауған ардагерлеріне мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қамқорлықтарға тоқталды. Осынау шайқастың елге әкелген зардабын, Ауған соғысынан аман оралып, еліміздің өсіп-өркендеуіне елеулі үлестерін қосып жүрген ағалар еңбегін атап өткен Слямбек Насырбайұлы соғыстың қайталанбауын, елімізде бейбітшілік пен тыныштықтың орнауын тіледі.
Өз кезегінде сөз алған Миролюбовка ауылдық округінен келген Ауған ардагері Виктор Овчиников он жылға созылған сұм соғыстың қасіреті мен Ауған соғысында жастардың Отан алдындағы борышын өтеуде көрсеткен ерліктері жайында сөз қозғап, елге аман-есен оралған азаматтар қатарының жыл санап азайып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.
Тарих беттеріне алтын әріппен жазылған соғыста қайтыс болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алған соң, Ауған соғысы ардагерлері, аудан әкімінің орынбасары М.Теміржанов бастаған мекеме, ұйым басшылары және Ауған жерінде болған ардагерлер ескерткіш маңына гүл шоқтарын қойды.
Интернационалдық борышын өтеу кезінде Ауған жерінде көз жұмған жерлестерімізді еске алу үшін және Ауған соғысы ардагерлерiнiң құрметiне арналған мерекелік шара Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде жалғасты. Сұрапыл жылдары қаза болған жауынгерлерді еске алу және Ауған ардагерлерін ұлықтау шарасында аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов және ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті билік өкілдерінің басшылары, Ауған соғысының ардагерлері мен жас ұрпақ мектеп оқушылары қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов Ауғанстан Демократиялық Республикасы жерінде интернационалдық борыштарын атқарып, Отан үшін жасаған үлкен ерліктері халық алдында ешқашан ұмытылмайтындығын айта келе, жауынгерлерге ерекше күні зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ өмір, отбасыларына баянды бақыт тіледі. Сондай-ақ, аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаиловтың атынан Ауған соғысы-нда жан аямай алысқан жауынгер-интернационалистерге «Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл» мерекелiк төсбелгiлер тағылып, құрмет көрсетiлдi. Олардың қатарында біздің ауданның тұрғындары, ауған соғысының ардагерлері Т.Ақжігітов, Р.Әмренов, А.Ариков, Б.Бәкібаев, В.Брензелеев, В.Ганчаренко, Т.Жұрағатов, Қ.Жанбаев, Е.Жұмажанов, В.Зыбин, А.Ивлев, А.Исағұлов, М.Карменов, А.Мұқашев, Ғ.Нажинов, М.Нүрпейісов, Б.Омаров, Е.Отарханов, В.Овчиников, П.Остапенко, В.Пархаменко, М.Рахимбеков, Р.Рахимов, А.Садыков, Б.Такеев, ағайынды Виктор мен Владимир Титовтар, А.Толқымбаев, А.Терлікпаев, А.Халиульдин, Қ.Молдаев болды.
Одан кейінгі сөз аудандық «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аян Қайырқанұлы Халиульдинге берілді. Соғыс жауынгері өз сөз кезегінде барлық жауынгерлерді ерен ерліктерімен құттықтап: «Енді соғыс бола көрмесін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»- деген тілек айтты.
Өзге елде жүріп, тыныштықты тілеген ардагерлерге көрсетілген құрмет одан әрі Көкпекті ауылындағы тарихи-өлкетану мұражайында жалғасын тапты. Шара барысында Отан үшін от кешіп, қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерген жауынгерлерімізді бір минуттық үнсіздікпен еске алып, олардың ерліктері мен азаматтық бейнелері туралы естелік әңгімелер айтылды. Олар Көкпекті орта мектебінің 6-8 кадет сыныптары курсанттарымен сұм соғыста бастарынан кешкен зұлмат кезеңдегі естеліктерімен бөлісіп, олардың көптеген сауалдарына жауап берді.
Шара соңында Көкпекті тарихи-өлкетану мұражайының директоры Клара Рафикқызы Смаилова жастарды Отанды сүюге, досқа деген адалдыққа, бейбіт күннің тыныштығын бағалай білуге, ел басына күн туғанда еш ойланбастан қолға қару алып елді қорғауға шақырды. Сондай-ақ, мұражайдағы тағылымды кездесуге арнайы келген Преображенка ауылының ардагер ұстазы, округтің ардагерлер кеңесінің төрайымы Т.Шнайдер, Көкпекті ауы-лы әкімінің орынбасары Н.Укешова ардагерлерге арнайы жылы лебіздерін білдірді.
Біздің аудан үшін аудан әкімшілігінің қолдауымен соғыстан оралмаған боздақтарды еске алу іс-шаралары дәстүрге айналған.
Ауған соғысы ардагерлерінің Қазақстан халқына арнаған ізгі тілектері:
Ринат Мәмбетұлы Әмренов, Ауған соғысы-ның ардагері, 1985-1987 жж Кабул қаласында № 103 полкте әскери борышын өтеді, Самар ауылы:
- Қаншама боздақтар 30 жыл бұрын Ауған елінде қаза тапты. Бүгін арамызда жоқ ардагерлерді еске алып отырмыз.Олардың жасаған ерлігін бәрі жасай бермейді. Біздегі тілек балаларымыз соғысты көрмесе екен дейміз.
Ғалым Кәкімұлы Нажинов, Ауған соғысының ардагері, 1987-1988 жж Джалабатияда 66 бригада әскери борышын өтеді, Көкжота ауылы:
- Халқымыз қашанда Отан алдындағы азаматтық борышына ақтық демі таусылғанша адал болған аяулы азаматтарының абыройын асқақтатып, беделін биіктете беру қажет. Бүгінгі мерекелік кештегі Ауған ардагерлерін құттықтаймын!
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.