Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...

Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    28.11.2024 15:11
  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жас қанат байқауының дипломанты, Өскемен қаласындағы ағайынды Абдуллиндер колледжінің түлегі Айдана Есболава былтырдан бері шығармашылық кешін өткізуді жоспарлап жүрген еді. Оның сәті 21 желтоқсанға түсіп, сол күні талантты әнші «Ертеңім үшін» атты халық алдында шығармашылық ән кешін берді.

Бұл жолғы концерті оның киелі сахнада өнер көрсетіп жүргеніне жиырма жыл, еліміздің бас қаласы – Астананың 20 жылдық мерейтойына орайластырылды.
Айдананың анасы Бақыт Шайболқызының айтуынша, Ол 5 жасынан бастап ән айтады. Айдананың өнер саласына алғашқы қадамы 1998 жылы Зырян қаласында өткен республикалық фестивальге қатысуынан басталыпты. Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепті оқып жүргенде де әртүрлі ән байқауларына қатысқан. Бүгінде балалар өнер мектебі бұрынғы музыкалық мектепке барып, дәріс алған. Музыка мектебінде жас өнерпазды өнерге баулып, дауысын қойып берген музыкалық жетекшісі Зульфия Сәкенқызы Тұрлыбаева болды. Ал, әншіні бала күнінен өнерге баулыған жан нағашы апасы Әмина Рахимжанова. Нағашы апасы Әмина сол кездегі тігін фабрикасында озат тігінші болған. Әмина апа Айданаға күйтабақтардан ән тыңдататып, халық әндерін айтқызып үйреткен.


Сондай-ақ өмірде көргені мен түйгені көп көреген халқымыз «Ақындық, әншілік өнер әкенің қанымен, шешенің сүтімен бітетін қасиет» деп жатады. Рас та болар. Айдана жас шағынан ән мен күйге құштар болып, оның бесігіне бөленіп, санасына сіңіріп өседі. Әкесі Ермек Оразханұлы өнерден қаражаяу қалмаған жан. Ол баянда, гитарада, домбырада ойнайды. Анасы Бақыт Шайболқызы да өнер саласында еңбек етеді, домбыра, шертер аспаптарында ойнайды. Осындай өнерлі жанұяда өсіп, өнер тарландарының көзін көрген Айдана ән әлеміне жалпы өнер деген құдіретке құштар болып өседі.
Сөз басында айтып өткеніміздей, ол ағайынды Абдуллиндер музыка колледжін вокал-ән салу факультеті бойынша бітірген соң, ең алғаш еңбек жолын аудандық Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде әнші болудан бастайды. Ана сүтімен дарыған әншілігінің арқасында М.Ілиясова, М.Садуақасова секілді өнер иелерімен бір сахнаға шығып, өнердің алғашқы мектебінен өтеді.
Бұл концертте әншінің ән қоржынындағы белгілі әндер орындалды. Сондай-ақ, ән кешінде жас әнші француз, италиян, үнді тілдерінде ән салды. Соңғы жылдары дәріс беріп, талантты шәкірт тәрбиелеп, ұлы көшке қосқан ұстаздың соңынан ерген ізбасарлары артынан өсіп келеді. Оның шәкірттері халықаралық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып жүр. Және де жетекшілерінің осы ән кешінде олар да әннен шашу шашты. Сол кеште Айданаға қолдау білдіруге Тарбағатай ауданынан келген нағашы жұрты Ғазиза Рахимжанова, Нұргүл Құлжабаева қыздарымен ән шырқады. Ал, Айдананың іні-бауырлары Расул, Ерасыл, Мадияр да өнерлерін көрсетті.
Өте әсерлі өткен кеште әнге сусап жүрген ауылдастарымыз бен өнер сүйер қауым бір серпіліп қалды. Біржарым сағаттан астам уақыт халықтың шалқыма шапалағы мен қошемет құшағында ән салған өнер иесі тыңдармандарын тәнті етті. Кеш барысында аудан әкімі А.С.Смаилов сахна төріне көтеріліп, өзінің зор ықыласын, ақжарма тілегін жолдады. Өнерді табыс көзі деп емес, құнды қазынаға балап, кейінгі ұрпақтың өнер жолындағы өрелі биікке қол жеткізуіне сіңірген еңбегіне толағай табыс тілеп, сый-сияпат көрсетті.
Анасы Бақыт Шайболқызы да баласының өнеріне көңіл бөліп, уақыт тауып, сый жасаған аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаиловқа, орынбасары Дәурен Қойгелдинге, аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің редакторы Дархан Бердібекұлына аналық алғысын айтады.
Сондай-ақ, Айдананың шығар-машылық ән кешін өткізуге ат салысқан жаны жомарт жандарда аз болған жоқ. Атап өтсек, жеке кәсіпкер В.Виничук, А.Бойков, Р.Беспаеваларға және Айдананың білім алған ордасы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі ұжымына, сахнаны безендіруге көмектескен балалар өнер мектебінің ұжымына зор алғысын білдіреді.
Өмірін өнерімен өрнектеген Айданаға шығармашылық табыстар мен зор денсаулық тілей отырып, әлі талай сахналарда Көкпекті ауданының мәртебесін асырарына кәміл сенеміз.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз