12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Ауданымыз үшін таудай табыс, толағай жетістіктер әкелген жеті қазынанаың бірі ит жылы кетіп, талпақ танау доңыз жылына төрін беріп, адамзат баласы 2018 жылмен де қоштасты. Биылғы жыл аудан тұрғындары үшін маңызы зор жетістіктерге толы болды. Қоржынымызды қамбаға толтырдық. Өткен жылға қарағанда биылғы жылы қыс мезгілі елімізге ерте түсті. Айнала ақ мамыққа оранып, желтоқсанның ызғарлы желі ысқырып, шытынаған сары аяз қысып, қыраулар әйнектерге өрнек салып, қыс мезгілі өзінің қырын мінезін көрсетті. Тылсым табиғаттың қыраулаған қысы мен әйнектей шытынаған суығына қарамай аудан округтерінде жаңа жылдық көңіл-күй сезіліп, көшелер безендіріліп, барлық ұжымдар мен мекемелерде түрлі мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды.
Балдырғандарға ерекше қуаныш сыйлаған айтулы шаралардың бірі жасыл шырша аясындағы Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде жалғасын тапты. Солардың ішінде аудан бүлдіршіндерінің ерекше есінде қалған Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен Түзету кабинеті ұжымы өткізген қайырымдылық ертеңгілігі.
Жылма-жыл дәстүрлі түрде өткізілетін қайырымдылық шыршасына жиналған мектеп оқушылары жаңа жылдың символы атанған жасыл шыршаны айнала төңіректеп, қызықты думанның көрігін қыздыруға өздерінің түрлі түсті әдемі киімдерін киіп, жаңа жылды қарсы алуға төзімдерін сарп еткендей. Барлығының келер доңыз жылынан күтері көптей. Шырша маңын төңіректеп думанды ертеңгіліктің кейіпкері болуға асыққандай бар бала.
Көп күттірмей ақ мамыққа оранған қыстың кейіпкері қыс ханшасы да өзінің ақшақарларын ертіп, Жаңа жыл мерекесін бастап жіберді. Торай кейпіндегі қызылсары бүрмелі көйлектерімен дөңгелене шыр айналып билеген толықша апай, мың бұрала билеген бүлдіршін қыздар мен сарылы-жасылды боянған сайқымазақтар да көңілді кештің көрігін келтіргендей. Әрмен қарай Жаңа жылдың басты кейіпкері Аяз атаны мерекеге қатысушы барлық бала шақыра бастады.
Міне, көптен күткен Аяз ата да ауыздығымен алысқан сәйгүліктерімен Ақшақарын ілестіріп, алыс сапардан келді. Қоржынын сыйлыққа толтырған Аяз атамен бірге аудан әкімі Асхат Смаилов, маслихат хатшысы Талғат Сарманов, аудан әкімі орынбасары Дәурен Қойгельдин, ауданың атасы – ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек ата Мұқашов төрден орын алды. Жүздері балбұл жанған балдырғандар шыршаны айнала ән салып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы қызылды-жасылды түстермен көмкеріліп, шамдары төңкеріліп жымыңдаған шыршаның жанында тұрып, қайырымдылық шыршасына қатынасқан балғындарды жаңа жылдық мерекемен құттықтады.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен Түзету кабинеті ұжымы басшылары Райхангүл Капезқызы Баймолдина мен Шынар Кәрімғалиқызы Мәдиева ортаға шығып, тағдыр тауқыметін тартып, жан жылуын аңсаған, жанына жақындық іздеген 67 балаға сыйлық үлестірді. Кәсіпкерлік Палатасының аудандық филиалының директоры Әлия Орынбекқызы Мұқашова мен аудандық жастар орталығының директоры Азамат Калыковтың ұйымдастыруымен жаны жомарт Шолпан Бекбердинова, мейірімі мол Бибинұр Мұрсалимова, қолы ашық Рауфа Беспаева, берекелі Надия Айдарова, бергенін бұлдамайтын Марат пен Гаюр Камиловтар, елге қамқор Зухра Калиева, ер көңілді Денис Долгих пен қормалды Күлиза Бірлікқызы және Көкпектіде сүт бұлағын тасытар «Толағай сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер сияқты жомарт жанды жандар «жаңа жыл қоржын сыйын» дайындапты.
Жанарларынан жылылық лебі сезілген балғындар бір сәтке болса да бақыттың бал дәмін сезінгендей.
Жанына барша баланы жинаған доңыз да шыршаны айнала балалармен бірге қуанышты сәттерді бөлісіп, ән салып қызықты Жаңа жылды қуанып қарсы алуда. Аяз ата да балғын балдырғандарға өзінің ақ тілегі мен батасын арнады. Міне, бақытты балалық шақтың ұмытылмас сәттері деп осыны айтар болса керек.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.