Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Ағымдағы жылдың 6 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, облыстық ақпараттық топ мүшесі Алмасхан Бауыржанұлы Сматлаевтың Көкпекті ауданы активімен кездесуі болып өтті. Кездесу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткенімізді бағамдап, болашағымызды нақтылайтын 2018 жылдың 5 қазанында жарық көрген «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының негізгі бағыттары мен одан туындайтын міндеттерді орындау барысы төңірегінде өрбіді.
Жиынға дербес бөлімдер басшылары, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, баспасөз қызметкерлері қатысты. Жиында төрағалық еткен аудан әкімі Асхат Смаилов Елбасының халыққа арналған Жолдауы туралы түсінік берді. Ал, облыс әкімінің орынбасары Алмасхан Бауыржанұлы Елбасы Жолдауында аталған негізгі бағыттарға тоқталып, әр қайсысының маңыздылығын және облыс көлемінде қолға алынып жатқан жобалар мен 2018 жылдың қорытындысы бойынша жеткен жетістіктерді айтып өтті.
- Елбасының Жолдауы тарихи тағдырлы шешімдер тоғысқан сыртқы сын қатерден сүрінбей өтіп егеменді елді одан әрі дамыту жолы айқындалған стратегиялық бағдар. Бұл құжат Елбасымыздың тәуелсіздік алған жылдар ішінде жүргізіліп келе жатқан сындарлы саясаттың заңды жалғасы. Ол біртұтас халқымыздың, әр шаңырақ, әр азаматтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға негізделген. Әлеуметтік сала тұтастай қамтылған 6 бағыт ел ойында жүрген сұрақтарға толық жауап береді. Мұның бәрі Жолдаудың шын мәнінде халыққа жолданған, халық туралы және халыққа арналған бағдарлама екенін қуаттайды. Біздің мақсат Елбасымыздың ұсынған стратегиялық міндеттерді лайықты орындап ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыздың бүгіні мен болашағына баяндап өту, - дей келе жолдаудан туындаған мәселелер бойынша жұмыстанып жатқанын айтты.
Жиын соңында өңір басшысының орынбасары саяси құжатта айтылған міндеттемелердің Қазақстан халқы үшін маңыздылығын атап өтіп, Елбасының айқындап берген тапсырмаларын бірлесе жүзеге асыруға шақырды. Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов облыс әкімінің орынбасары А.Сматлаевқа алғысын білдірді.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.