Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Шұғылбай ауылы аудан орталығынан 65 шақырым қашықтықта орналасқан. Шұғылбай ауылдық округі ежелден өзінің қазақы ұстанымымен, салт-дәстүрді сақтаған береке-бірлігімен қарапайым өз шаруасын дөңгелетіп отырса да ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып отырған шағын округтардың бірі. Округтің құрамына екі елді мекен Шұғылбай және Мелитополь ауылдары кіреді. Биылғы жылдың шілде айындағы есебі бойынша ауылдық округте 498 адам тұрады. Ал аула саны – 129 үйді құрайды.
Күздің алғашқы айы 18 қыркүйек күні біз Шұғылбай ауылының әкімі Қайрат Алғазиновтан ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі, шаруа иелерінің қам-қарекеті, өзекті мәселелері мен жетістігі туралы ақпарат алуды ұйғардық. Алдымен ауылдық округтің әкімшіліге жол тарттық. Қайрат Алғазыұлы әңгімесін нақты дерек келтірмей-ақ округ өмірін жан-жақты, әр қырынан сипаттауды жөн көрді. Шұғылбай ауылы жыл он екі ай жайылымда мал өсіретін танымал шаруашылықтың бірі болыпты. Жалпы жер көлемі 22882 га жерді алып жатқан округтың халқы бүгінгі күнге 3356 бас ірі қара, 2843 бас ұсақ мүйізді малды және 946 бас жылқыны өз пайдасына асырап бағып пайдасын көруде. Қыстың қақаған аязы мен жаздың аптап астығында да демалысы жоқ бейнеті мол ауыл тіршілігіне шыдаудың өзі бір ерлік. Дегенмен, 90-шы жылдардың қиындығымен салыстырғанда қазір аста-төк молшылық заман –дейді ауылдықтар.
Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде үш мемлекеттік қызметші және 5 штаттық жұмысшы қызмет етеді. Ауылдық округ аппаратында бас маман-хатшы Анар Назарханова аталған лауазымда 30 жыл тұрақты қызмет етсе, бас маман Айнұр Ыдырышованың мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылға толды. Штаттық қызметкерлер Дәлел Мұсағазинов мен Мұрат Шәкерханов 1-2 жыл қызмет етсе де өз істеріне жауапты қызметкерлер. Жастар маманы Д.Мұсағазинов округтегі жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін «Көңілді тапқырлар клубын», спорттық секцияларды ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда ауыл жастарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасай біледі. Әкім аппаратының осындай береке-бірлікте ұйымшылдықпен қызмет атқаруы оның басшысы Қайрат Алғазыұлы Алғазиновтың бастамшылдығы, өз ісіне деген жауапкершілігі, ұжымды ұйымдастыра білуінде екендігі сөзсіз.
Ауылдық округтің негізгі қызмет ету бағыты мал және егін ауылшаруашылық өнімін өндіру. Білім ордасынан оралғаннан кейін әкім ауылды аралатып көрсетті. Көріктендіру, санитарлық тазалық айлығының нәтижелеріне қанықтық. Ауылдастармен бірге айналаны тазартуға жәрдемдескен шаруа иелерінің еңбегіне де көңіліміз толды. Барлық үйлердің қасбеті, қоршауы реттелген, көптеген тұрғындар қысқыға қызу дайындықта. Сондай-ақ, округте Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектеп, медициналық пункт, 3 азық-түлік дүкені халыққа қызмет көрсетуде. Медбике Нұргүл Байжұманова ауыл адамдарына алғашқы жәрдем көрсетеді. Ауыл кітапханасының кітап қоры мол. Жаңа мерзімдік басылымы да жеткілікті. Сала маманы Гүлфия Атиманова жаңа кітаптарға ықыласпен шолу жасайды. Хат тасушы Зүлфия Құрмекешова мерзімдік басылымдарды жеткізу қызметін адал атқарады. Халықтың газет-журналға жазылу ықыласы да өз деңгейінде.
Ауылдағы клуб үйі апаттық жағдайда болса да, мәдени-көпшілік шаралар тұрақты ұйымдастырылып тұрады. Барлық іс-шаралар орта мектебінде өткізіледі - деді, округ әкімі.
МЕКТЕП - БІЛІМ ОРДАСЫ
Ілияс Жансүгіров орта мектебі 1991 жылы пайдалануға берілген ғимаратында орналасқан, бір орталықтан жылыту жүйесімен қамтылған. Биылғы оқу жылында 1 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі бала саны 81, даярлық сыныбына 8 бала қабылданып, жиыны 89 оқушы білім алуда. Мектеп ғимаратының бірінші қабатында орналасқан шағын-орталық толық күнге қамтылған. Оқу-тәрбиелеу жүйесін 26 мұғалім жүзеге асырады.
Мектеп ішінде жас ұлан ұйымы, дарынды баламен жұмыс жолға қойылған. Спорт залда оқушылар мен ауыл жастар үшін спорт секциялары ұйымдастырылған, спорт жөніндегі жаттықтырушылар бар. Оқушылар сабақтан тыс уақыттарында тоғызқұмалақ, шағын футбол, қазақша күрес, шахмат, үстел теннисі секцияларына қатысады. Біздің спортшылармыз аудандық және облыстық жарыстарда әр қашан жүлделі орындарды алады.
Мемлекеттік қызметтік көмек алушы 16 отбасынан 38 оқушы күніне бір реттік ыстық тамақпен тамақтанады.
Сонымен қатар, биылғы жылы білім ордасы І.Жансүгіров орта мектебінің төбесіне аудан әкімі А.Смаиловтың тапсырмасымен тиісті қаражат бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Ал, мектеп түлектерінің көмегімен мектептің маңдайына түнде жарықтанып тұратын қанатты сөз орнатылып, оқушылар үшін спорттық құрал-жабдықтар сыйға тартылды. Шұғылбай ауылының әр жылғы түлектері ауданның мектептерінде робототехника кабинеттерін жабдықтауға арналған акцияға қолдау көрсетіп, берілген жоспарды толық орындап берді – деп, әңгімесін аяқтады директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В.Қалбағаева.
ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ ҚЫС ҚАМЫНА КІРІСКЕН
Ауылшаруашылық нысандарына келетін болсақ, округте бүгінгі күнге 29 шаруа қожалығы, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызмет істеп отыр. Жыл сайын мал санын арттырып, техникаларын жаңартып келе жатқан белсенді шаруашылықтар болашақта ауылда жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестиция тартуға қолайлы жағдай тудыратын болады. Әсіресе, «Қажы-мұқан», «Салтанат» шаруа қожалықтары өз жұмысшыларына ай сайынғы еңбекақыдан тыс адал еңбектерін бағалап жыл соңында мал азығына жем-шөптерін, қысқы отынын сыйақыларын да беріп отырады. Олар мал басын арттырумен қатар ауыл тұрғындарына көмек жасап, үнемі демеушілік көрсетеді.
Олардың қатарынан «Берік», «Қалима», «Алеке», «Мейірбек», «Марал» шаруашылықтарын атауға болады. Округтегі барлық мерекелер, қайырымдылық астары осы азамат-тардың қолдауымен өткізіледі.
Қылышын сүйретіп қыс та келеді. Күздің әрбір ашық күні диқан мен малшыға алтынға пара-пар кезең. Астық орылып қамбаға түсіп, шабылған шөп қораға тасылуда. Биылғы көктемде 21 шаруа қожалығы 850 гектарға бидай, 540 гектар жерге арпа, 3590 гектарға күнбағыс егіпті. Шаруашылықтар үшін биылғы жылғы ауа райының қолайсыз болып, алтын астықтың түсімі гектарынан 5-6 центнерден ғана айналды. Енді, күнбағысты ору науқанына дайындық жүргізілуде.
Тұрғындарға көмірді ауылдың тумасы Ерлан Дәулетханов тасымалдайды. Сапалы «Қаражыра» көмірін ауылдастары қылдай қылып бөліп алады. Себебі, Ерлан отынды ауылдастарының барлығына бөліп беруге, жағдайы келмегендерге қарызға да беруге келіседі. Нағыз жанашыр деп осындай азаматтарды айтса болар.
Ауылдың негізгі күн көрісі мал шаруашылығы болғандықтан малдың амандығы үшін малдың иесі де мал дәрігерлері де жыл бойы тынымсыз еңбек етеді. Аға мал дәрігері Қайырлы Қалдыбаев осы салада 40 жылдан аса ауылдастарына адал қызмет атқарып келеді. Оның қарамағындағы ветеринарлық техник Ербол Қалбағаев пен санитарлар Н.Рақымжанов, Е.Қалдыбаев, Н.Маутқазинов барлық жоспарланған ветеринарлық-проф-илактикалық жұмыстарды дер кезінде жүргізеді. Соның нәтижесінде, қазіргі уақытта округ аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына жол бермей отыр. Бір кездері белең алған бруцеллез ауруы да бәсеңдеді.
«Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 600 мың теңгеге ағымдағы жылы Сәтпаев көшесіне 14 жарықтандыру бағаны орнатылыпты. Осы бағдарламаның аясында өткен жылдары Мәметова, Уәлиханов көшелері жарықтандырылған болатын. Тағы бір көңіл толарлық жайт, ағымдағы жылы елді мекендерді абаттандыру жұмыстары бойынша әкімдік ғимаратының төбесі мен қоршауы жаңартылып, ғимараттың алдына кеспетас төсіліпті. Ауыл тұрғындары да бұл жаңашылдыққа қолдау көрсетіп бірнеше үй төбелерінің шиферларын ауыстырып басқа тұрғындарға ой салды. «Елу жылда –ел жаңа» демекші мұндай игілікті істер келер жылы жалғасын табатын болады.
Алдымызда, ауданымыздың 90 жылдық мерейтойы келе жатыр барлық аудан тұрғындарымен қатар белсенділік танытып өз үлесімізді қосу үшін екі жылда атқарылатын іс-шаралардың жоспары реттелді. Енді, егін-дала жұмыстары аяқталған соң, «Келісіп пішкен тон келте болмас» демекші халықпен ақылдасып алдыға қойған мақсаттарға жетудің жолдарын іздестіру жұмыстары тұр-дейді ауыл әкімі. Округтің шаруашылық иелері, шағын және орта бизнес өкілдері өңірдің қалыпты дамуына өзінің белгілі үлесін қосып келеді.
Шұғылбай ауылының әкімі Қайрат Алғазиновпен әңгімеміз осындай құптарлық сарында тәмамдалды.
Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.