Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекеттік тілдің жағымды бейнесін қалыптастыру деген тіркес бар. Жағымды сөз тілімізге жарасып тұрған жоқ. Оны көркем бейнесін деп өзгерткен ләзім. Өйткені, қазақ тілі әлемдегі әрі шешен, әрі көркем тілдердің біріне жатады. Елбасымыз, «Қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш жігерімізді салуымыз керек» деп ұран тастап отыр. Енді осыны іліп әкетіп, көрінетін жердің бәріне неге ілмеске, неге оны қару етпеске. Соны тілге тиек ете отырып, тиісті жерлерде талап етейік. Қазақ тілін білуді алдымен қазақтардың өздерінен қатаң талап етейік. Сөзге келетін жерде тастамайық. Мемлекеттік тіл қазақ тілі дегенімізбен орыс тілінің қолданылу аясы өте үлкен екендігі өзімізге белгілі. Мемлекеттік жиындар әлі күнге дейін көрші мемлекеттің тілінде жүргізіледі. Ата- бабасында өзге ұлттың бір қасық қаны жоқ қазақ шенеуніктерінің өз ана тілінде сөйлеуді қорсынып, орыс тілінде жосылтатынын күнде көріп жүрміз.


Мемлекеттік тіл мәселесіне заң тұрғысынан қарайтын болсақ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» заңы Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілдерге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Мемлекеттік тіл – конституциялық тұрғыдан бекітілген жоғары саяси- құқықтық мәртебеге ие, Қазақстанның барлық аумағындағы қоғамдық қатынастардың барлық саласындағы мемлекеттік басқаруда, заң шығаруда, сот ісінде және іс жүргізуде қолданылуы міндетті, алдағы уақытта ұлтаралық қатынас тілі қызметін атқаратын тіл. Тілдерді дамыту үшін қажетті жағдай жасауға бағдар ұсынған мемлекеттік саясат бүгінгі таңда айқын орын алып отырған тілдер мәртебесін түзеуге , мемлекеттік тілду дамытуға басымдық беруге бағытталу қажет. Мемлекеттік тілдердің қоғамдық өмірдің барлық саласында бірдей қолданылуына қатысты проблемалардың түйіні шешілу үшін жекелеген азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің күш- жігері жеткіліксіз, мемлекеттік деңгейде басымдық беру арқылы ғана мемлекеттік тіл мәселесі оң шешім табуы мүмкін.
Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу 2009 жылдан бастап толығымен мемлекеттік тілге, яғни қазақ тіліне көшкен. Атап айтқанда, жұмыс жасап отырған «Төрелік» бағдарламасының өзі, сайт, қағаз жүзінде жүргізілетін тізімдер мен журналдар мемлекеттік тілде жүргізіліп келеді. Хаттар, сұранымдар мен жауаптар да мемлекеттік тілде рәсімделеді. Сонымен қатар тілді жеттік меңгермеген сот жүйесі қызметкерлері қазақ тілін үйрету курстарына қатысып, үйрену нәтижесі бойынша арнайы тестілеу тапсырады.
Осылайша сот жүйесі де мемлекеттік тілді дамытуға өз үлесін қосуда.

М.Маутқанова, Көкпекті ауданының № 2
аудандық сотының жетекші маманы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз