Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Ауданның азық-түлігі Көкпекті ауылшаруашылық жәрмеңкесіне келушілердің зор сұранысына ие болып отыр. Жеміс-жидек, көкөніс, ақ тағамның түр-түрі, қойдың, сиырдың еттері мұнда бәрі жетерлік.
Көкпекті ауылында айына екі рет өткізілетін ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу игі дәстүрге айналған. Халық пайдасына шешілген бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы Теміржанов арнайы келіп, көппен бірге болды. Жәрмеңке күні Көкпекті ауылының орталық алаңында округтен әкелген ауылшаруашылық өнім-дері саудасы қызады. Мұнда жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері де сатылымға түсіп келеді. Жалпы, мұндағы баға 10-15 пайызға төмен.
Расымен, жәрмеңкені аралау барысында ұзын-сонар кезекті байқамадық. Десек те, бұл жәрмеңкенің саудасы жүрмейді деген сөз емес. Мәселен, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің ақпараты бойынша бұл күні 970 келі, сиыр еті, 280 келі қой еті, 200 келі шошқа еті, 600 келі балық, 20 литр күнбағыс майы, 210 келі тартылған балық еті, 8 200 дана жұмыртқа, 49 келі тары-талқан, 125 литр сүт, 175 келі бал, 457 келі сүт өнімдері, 187 литр тұздалған азық қоры, 2070 келі көкөністер сатылды. Сонымен бұл күнгі жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 3 680 050 теңгені құрайтын, 5363 келі өнім сатылыпты. Демек, көкпектілік тұрғындардың дастарханы құнарлы тағамдарға толып, көңілдері марқайып қалғаны сөзсіз. Сонымен қатар, бұл күні Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйі әртістерінің салған әні «Толағай сазы» ансамблінің күмбірлеген күйі жәрмеңкенің сәнін келтірді. Ал, аудандағы Мұрағат және Жұмыспен қамту бөлімінің дайындаған дастарханы, мұрағат қызметші қыздарының қолынан құйылған қызыл күрең қою шай жәрмеңкеге келген жұртшылықтың шөлін қандырды.
Жәрмеңке жайлы біздің газеттен оқып, «қап, үлгермей қалдым-ау» деп қапа болмаңыз. Себебі енді мұндай жәрмеңке Көкпекті және Самар ауылдарында айына екі рет сенбі сайын қазан айына дейін тұрақты ұйымдастырылатын болады.
Сандуғаш Қажыморова:
- Мұның бәрі халық игілігі үшін жасалып жатқан шара. Жәрмеңкеде азық-түлік бағасы төмен. Ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын. Осындай сәтте жәрмеңке жиі өтіп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді.
Гүлмира Қасабаева:
- Көкпекті ауылында ұйымдастырылып жатқан, ауылшаруашылық жәрмеңкесі көптің көңілінен шығуда. Осындай шаралар билікті халықтың ризашылығына бөлейді. Округтерден алып келген ауылшаруашылық өнімдері өте жақсы. Жәрмеңкенің ауыл тұрғындарына қолжетімді бағамен жасалып жатқандығы қуантарлық жағдай.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.