Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Пластикалық терезелерді өндіру - бұл өз өнімдеріне деген сұранысты тез арада байланыстыратын танымал бизнес. Біздің ауданда пластикалық терезелер, есіктер орнатумен ресми түрде айналысатын еңбек нарығында белгілі бір орынды иеленетін бірнеше фирмалар бар.
Әрбір клиентке пластикалық терезе сатып алған кезде баға мен сапаның арақатынасына негізделген дұрыс таңдауды жасау керек? деген мәселе туындайды. Кімге таңдау жасау керек? Міне, бұрын сонды мақала жарияламаған пластик терезелер мен есіктер жасайтын фирма туралы таңдауға әсер етуі мүмкін.
Аудан орталығында және одан тыс жерлерде метал пластикалық терезелер мен есіктер жасайтын және орнатумен айналысатын жеке кәсіпкер Мисяковтың жұмыстары тұрғындар тарапынан үлкен сұранысқа ие.
- Еңбек нарығындағы шағын кәсіпорын өз қызметін 2013 жылдың көктемінде бастады. Сол кезде менің күйеубалам Александр Бархатов кәсіпкерлікпен толықтай айналысуға шешім қабылдады - дейді Федор Анатольевич Аверко. – Жас кәсіпкер Александр бір бөлмелі пәтерді жалға алды, бірақ күткендей нәтиже шықпады, ал оның бастаған ісіне уақытша қауіп төнді. Ол маған көмекке жүгінді, оған көмек қолын созуды ұйғардым. Құқық қорғау органдарынан лайықты демалысқа шыққаннан кейін бірлесіп жұмыс жасай бастадық.


Адам бір күнде кәсіпкер болып, өз ісін бірден өрге шығарып кетпейді. Ол үшін белгілі бір уақыт аралығында тәжірибе жинап, нарықтың заңдылықтарын үйреніп, жатпай-тұрмай білім алуы қажет.
Өз ісін басынан бастап, аз уақыттың ішінде бақуатты және құзыретті шыдамдылық көп еңбектің арқасында жетті.
Болашақ кәсіпкер жігіттер терезелер мен есіктерді шығаратын цехты Александрдың тұрғылықты жері бойынша Преображенка ауылында ашуға шешім қабылдады, бірақ бұл бастамалары ілгері баспады. Алайда, Александр Бархатовтың табандылығымен мақсат қоя білу қасиеттерінің, Федор Анатольевичтің өмірлік тәжірибесінің арқасында, істі аудан орталығында ашуды ұйғарды. Аудан орталығы болған соң адамдар уақытпен бірге өмір сүреді, олардың дүниетанымы өзгереді, орталық қарқынды дамығандықтан олардың өнімдеріне де сұраныс болады.
Ал жігіттер бұл таңдауларында қателеспеді. Олар бірлесе қолайлы ғимарат тауып, қажетті материалдар мен құрылғылар әкелді, құжаттары рәсімделді. Біз шағынан бастадық- пластикалық терезелер, содан кейін есіктер жасадық. Жұмыс ілгері жүрді, тапсырыстар қабылдап, тұтынушының көңілінен шығатын өнімдер шығара бастадық. Осылайша көп ұзамай тұрғындардың сенімінен шығып, пластикалық есік, терезелерге сұраныс арта түсті. Бір сөзбен айтқанда, жұмыстары жүріп, болашақ жиһаз жасаушылар өз бизнесін кеңейтуге кірісті.
«Мисяков» жеке кәсіпкері шикізат сатып алу бойынша «Галакси» фирмасымен іскерлік серіктестік орнатқан. Бүгінгі таңда ұжымда 8 адам - 3 орнатушы, 1 -жинаушы, 1- әйнектеуші және есепші жұмыс істейді. Фирманың барлық есеп-қисаптарын, қаржылық жұмыстарын Федордың жұбайы Алена жүргізеді. Осылайша, біз бұл таза отбасылық кәсіп екенін айта аламыз, ол бірте-бірте бизнестің жаңа биіктеріне ие болады.
- Қазіргі күнде біз еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін бизнесті кеңейттік, тапсырыс берушінің көлеміне қарай үлгілер бар жоғары сапалы жиналмалы жиһаз шығара бастадық. Бұл салада Алматы қаласынан «Галакси» атты түрік фирмасымен жұмыс істейміз, ол жерден пластикалық терезе үшін құрал-жабдықтар сатып аламыз. «Галакси» фирмасы жоғары сапалы қазақстандық шикізат ұсынады», - деп атап өтті Федор Анатольевич. – Есік, терезелеріміздің беріктілігі, сапаға сәйкестігі туралы сертификаттармен расталған. Бүгінгі күні жұмыс жүктемесі шамамен 80-90% құрайды. Терезелер мен есіктерді орнатудың негізгі маусымы тамыз-қыркүйек-қазан айларында басталады. Жаз маусымында жөндеу жұмыстары көп болғандықтан, біздің цехта жұмыс қызу жүріп жатады, сондықтан жігіттер фирманың бет-бейнесін сақтап, беделін көтеру үшін күндіз-түні еңбек етеді. Қызмет көрсетудің жоғары деңгейі, тапсырыстарды уақтылы орындау және жұмыстың сапасы біздің компанияға ризашылықтарын білдіретін тұтынушыларға ұсыныс береді.
Федор Анатольевичтің айтуынша, сапалы, жоғары технологиялы жабдықты сатып алу үшін қомақты қаражаттың болуы шарт. - Биылғы жылы «Галакси» фирмасы жабдықтардың бағасын көтерді, бірақ біз өз клиенттерімізге қолдау көрсетіп, имиджін көтеру мақсатында және тұрақты тұтынушыларды ұстап тұру үшін бағасын көтермедік», - дейді кәсіпорын басшысы.
Қазірде ауданымызда бәсекелестер көп болса да, «Мисяковтар» өз жұмыстарын тиянақты және жауапкершілікпен жасайды. Бәсекелестеріне түсіністікпен қарап, жерлестерінің сенімдерінен шығуға тырысуда.
Сондай-ақ, кез-келген кәсіпорындардағыдай, «Мисяков» жеке кәсіпкерлігінде шешілмеген мәселе де аз емес, яғни «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша автокөліктерді сатып алу үшін несиені төлеу. Түскен пайда, негізінен, бизнесті кеңейтуге және несиені өтеуге кетеді.
«Несиені өтегенен кейін бастаған ісімізді одан әрі дамыту үшін жаңа жоспарларымыз көп» - деп Федор Анатольевич әңгімесін қорытындылады.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз