Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Осыдан бірнеше жыл бұрын халық игілігіне «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген «Көкпекті аудандық орталық ауруханасы» денсаулық сақтау саласының жеткен жетістіктерінің бірі. Заман талабына сай соны технологиялармен жабдықталған орталық аудандық аурухана бүгінде ел қуанышына айналған. Елбасы тапсырмасына орай қазірде денсаулық сақтау саласын нығайтып, одан әрі жетілдіруге айырықша көңіл бөлініп отырғаны да сондықтан. Осы орайда, ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі қарсаңында Көкпекті ауданының орталық ауруханасында болып, медициналық мекеменің бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігіне зер салған едік.
Қай уақытта болмасын денсаулық сақтау саласында өзекті болып саналатын адам денсаулығын жақсарту мақсатында аянбай еңбек етіп, талапшылдығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшелене білген бас дәрігер Әсем Төлеуғазықызы Рахимова басқарып отырған Көкпекті аудандық орталық ауруханасының құрамына – 1 клиникалы-диагностикалық емхана, 6 дәрігерлік амбулатория, 13 медициналық пункт кіреді.
Нақты айтар болсақ, ауданда 35 дәрігер, 144 орта буын медицина мамандары және кіші мейірбикелер мен басқа да қызметкерлер бар. Мамандардың жоғары біліктілігі мен өз жұмысына деген жауапкершілігінсіз жақсы нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес. Осы орайда Әсем Төлеу-ғазықызы медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстарына жіберу мәселесін үнемі назарда ұстап келеді. Бүгіндері ауруханада 280 қызметкер еңбек ететін болса, олардың 35-і жоғары білімді дәрігерлер. Мұнда ота жасау, перзентхана, жансақтау, терапия, жұқпалы ауруларды емдеу, жедел-жәрдем және балалар бөлімшелері тұрақты түрде жұмыс жасауда.
Кадр тапшылығын болдырмау мақсатында хирург дәрігер анестезиолог - реаниматолог маманы болып қайта даярлау курсынан өтті. Жыл сайын бас дәрігер өзі медицина институттарына барып, оқу бітіргелі отырған жастарды жұмысқа шақыруды дәстүрге айналдырған.
Аудан ғана емес, облыстық дәрежедегі түрлі байқаулардың жеңімпазы атанып, әріптестері арасында оза шауып жүрген жарастығы келіскен ұжымның құпиясы да осы ауызбіршілікте. Аурухананың көп жылдық тәжірбиесі бар білікті дәрігерлері Нұрлан Құсманұлы Әубәкіров пен Мұхаметқан Алтынханұлы Мұсабеков медицина саласының үздіктері.
Жайшылықта адамдардың денсаулығын жақсарту жолында тыным таппай еңбек етіп жүрген ақжелеңді жандар жайлы ойлана бермейтініміз жасырын емес. Алайда, ерте ме, кеш пе, дәрігердің алдына бір баратынымыз да ақиқат. Ағзамызға шипа қонып, дертімізден айығып шыққан кезде олар атқаратын қызметтің маңыздылығына мән беріп, ризашылығымызды білдіріп жатамыз.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.