Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Облыс әкімі Даниал Ахметовтың мұрындық болуымен бастау алған «Менің мектебім» акциясы жалғасуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы акцияның басты мақсаты мектептерді Назарбаев интеллектуалды мектебінің стандарты бойынша модификациялық кабинеттермен жабдықтау.
- Жаңа модификацияланған кабинеттерді және жаңа құрылғыларды әкелу үшін аудандағы орта мектептердің дайындығы 1 мамырға дейін толық аяқталды. Қазіргі күні 7 толық кешенді мектептерге роботты техника кабинеттері үшін 42864,5 мың теңгеге құрал-жабдықтар жеткізілді. Патриоттық акцияға ауданның барлық кәсіпкерлері мен елжанды азаматтары үлестерін қосты. Әрбір мектеп түлектерімен жұмыс жасап жатыр. Жаңа оқу жылын ауданның 7 толық кешенді мектебі 10 модификациялық кабинеттермен бастайды, - дейді сеніммен білім беру бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы.
Облыс көлемінде іске асырып жатқан акцияға мемлекеттік қызметкерлер де сүбелі үлес қосты. Аудан әкімі Асхат Смаиловтың бастамасымен әкімшіліктің мәжіліс залында қаражат жинау акциясы ұйымдастырылды. Ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары, мекеме және ұжым жетекшілері атсалысқан акцияны Асхат Сайдахметұлы өз бастап, қорға қомақты қаржы жиналды. Бір күндік акцияның нәтижесінде «Парыз» қоғамдық қорының есебіне 1 миллион теңгеден астам қаражат құйылды.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.