Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Белгілі жаттықтырушы Бақыт Рахимов дайындайтын таэквандошылар Моңғолияның астанасы Ұлан-батыр қаласында өткен Азия құрлығы чемпионатынан жеңіспен оралды. Анатолий Бойков алтын медаль иеленсе, Рахат Байсақалов қола жүлде алды. Жеңімпаздарды аудан орталығы Көкпекті ауылындағы жан-күйерлері көкбайрақты желбіретіп автошерумен қарсы алды.
Анатолий Бойков туралы айтар болсақ, ол осы Көкпекті ауылындағы үлгілі жанұя Бойковтар отбасында дүниеге келген. Әке-шешесі ауданға мәлім кәсіпкерлер. 2011 жылы Көкпекті орта мектебінің бірінші сыныбына барған Толя жастайынан Бақыт Рахимовтың таэквон-до ITF секцисында даярланады.
2017 жылы Қазақстан Республикасының чемпионатында екі жүлде – алтын және күміс медальдарды иеленді. Үстіміздегі 2018 жылы Қазақстан Республикасының чемпионы болып алтын медалін жарқыратып бірінші пъедастальға шықты. Дәл осы жылы өткізілген халықаралық турнирде салмағы 60 қадақ, бойы 1 метр 85 сантиметр болатын Толағай елінің тегеурінді ұлы Анатолийдің қарқынына ешкімде шыдас бермеді. Ұпай санымен ғана қола жүлдеге ұйғарылды. Бұл Көкпекті орта мектебінің оқушысы, атақты жаттықтырушы Бақыт Рахимовтың тәрбиеленушісі Анатолий Бойковтың көптеген жеңістерінің бір парасы ғана. Азия чемпионының алда алар асуы көп, тек қана өзі айтқандай «Барлық жетістіктерім мен жеңістерімді сүйікті Отаным Қазақстанға арнаймын!» - деген тілегіне жетсе дейміз.
Киіз туырлықты қазақ-моң-ғолдың бәсекелі бәйгесінде бәсіресіне қола медаль бай-ланған жүлделі оғланымыз, жеңісті ұланымыз Аманкелді мен Нұргүл Байсақаловтардың үміт күткен ұлдары – Рахат Байсақалов болды. Рахат таэквандошыны да жаттықтыратын барған жерінен жүлдесіз келмейтін, Көкпектіге жылына неше алтын әкеп медаль жаңбырын төктіретін – Бахыт Ғазизұлы Рахимов. Бапкер Рахимовтың айтқан үддесінен шығып, сенімін ақтаған Рахат Байсақалов 2015 жылдың әлем кубогы чемпионатында қола жүлдені қағып түсірсе, 2018 жылы Қазақстан чемпионатында жүлдені жұлып әперді. Бойы 1 метр 65 сантиметр болсада, 60 қадақ салмағымен талай таэквандошыны тәубесіне келтірген Рахаттан көкпектілік жанкүйердің күтері көп.
Көкпектілік таэквандо спортын әлемге танытып жүрген Анатолий мен Рахат көкпектілік жанкүйерлерге әлі талай жеңісті күндер сыйлайды - деп үміттенеміз.
Қайрат БЕСБАЙЫС
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.