Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Жеңіс күні - халықтық ұлы мереке. Оның тарихының мәні зор. Соғыс жылдарындағы аталарымыз бен әкелеріміздің ерліктерін есте сақтау маңызды. Бұл күні тағы бір айрықша бейбіт көктемнің лебі сезілсе де, ұзақ жылдардағы жүрек жарасы жазылмасы анық. Сұм соғыста қаза тапқандарды жадымызда сақтау, біздің жан дүниеміздің баға жетпес байлығындай. Олар бүгінгі бейбіт күн үшін өмірін қиған батырлар.
Дәл осы тақырыпта жылдағы дәстүр бойынша Самар аграрлық-техникалық колледжінің АӘД пәнінің мұғалімі Қабдрахмен Жақиярұлы Оспановтың ұйымдастыруымен ерлік сабағы өтті. Мерекелік кездесуге Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагер Мүтәлап Ықыласов, тыл еңбеккері Баймұхамбет Шахиев, «Көкпекті ауданының Құрметті азаматы» Баянды Кәкенұлы Қожамбетов, Еңбек ардагері Василий Андреевич Приходько, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, «Өрнек» ЖШС басшысы Ержан Қойгелдин, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Мұқашев, оқытушылар мен колледж студенттері қатысты.
Колледж студенттері қатысушыларға өткен уақыттың батырлары, біздің майдангер жерлес-теріміздің Жеңіс күнін жақындатудағы ерліктері туралы айтып берді.
Жасаған ерлігі үшін полк қолбасшылығы Рейстахқа ту тіккен лейтенант Рақымжан Қошқарбаевты Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынды. Бірақ «халық жауының» ұлы болғандықтан Сталиннің қолымен ұсыныс қабылданбады. Кейінірек оған даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы және жазушылар Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев қолдау хат жазды. Оған жауап болмады. Тек 1999 жылы қайтыс болғаннан кейін, оған «Халық Қаһарманы» жоғары атағы берілді.
Кеңес Одағының Батыры Қойгелді Аухадиев, аңыз-адам Құмаш Нұрғалиев, халық батыры Бауыржан Момышұлы, партизан-жазушы Қасым Қайсенов, қазақтың ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың ерен ерліктерін мақтан етеміз.
Олардың есімдері Ұлы Отан соғысы шежіресінде алтын әріптермен жазылып ұрпақтан –ұрпаққа аманат болып келеді. Сабақ барысында балалар жауынгер-майдангерлердің соғыс кезіндегі ерліктерін, өмірбаяндарын қысқаша айтып, қаза тапқан жауынгерлерді қатысушылар бір минут үнсіздікпен еске алды. Кездесу барысында Кеңес Одағының Батыры Қойгелді Аухадиевтің немересі Ержан Қойгелдин, он жыл бұрын атасының Украинада, яғни Парышев Чернобыль аймағында жатқан қабіріне барып, туған жердің бір уыс топырағын апарғаны туралы жылы естеліктерімен бөлісті.
Өмірінің соңғы минутында жаралы Қойгелді Аухадиевпен бірге болған майдангер жолдастарымен кездесіп, оны құрметпен Украина жерінде жерлегені үшін алғысын білдірді. Сөйтіп, ол жарқын болашақ үшін өз өмірін құрбан еткен атасының алдында перзенттік парызын өтеді. Отбасы аты аңызға айналған Қойгелді аталарының атына кір келтірмей, ар-намысы мен қадір-қасиетін бағалап оның бастаған ісін жалғастыруда. - Олар біздің болашағымыз үшін шайқасты, біз бабаларымыздың ерлігі арқасында ер жетіп өстік, сондықтан, біз олардың ерліктеріне лайық болуымыз керек, - деді Ержан Тұрсынханұлы.
Кездесу барысында сөз сөйлеген аға буын өкілдері Б. Шахиев, В. Приходько балаларға әрдайым үлкен қиындықпен келген Жеңіс-тің қадірін білуге, Отанды сүюге, егеменді еліміздің ұландары болуына тілектерін білдіріп, барлықтарына денсаулық және ашық аспан тіледі.
Ал, Баянды Кәкенұлы Қожамбетов колледж басшылығына ардагерлерді ұмытпай, осындай патриоттықты және Отанға деген сүйіспеншіліктерін оятатын кездесулерді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол колледж студенттеріне, қандай мамандық иесі болмасын, қай жерде тұрса да, елінің игілігі үшін аянбай еңбек етуіне тілектестігін жеткізді. -Бүгін патриоттық тақырыптағы керемет іс-шара өтуде. Біз ардагерлерімізді құрметтеп, мәңгі есте сақтауымыз керек. Ең бастысы – Отанымыз үшін жауға қарсы күресіп, жеңіп алған ардагерлеріміздің арқасында, біз бейбіт аспан астында өмір сүріп, оқып, жұмыс істейміз. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне тек қана мереке күндері ғана емес, тұрақты қамқорлық көрсету қажет.Осындай келелі кездесулер жиі болғаны кейінгі ұрпаққа үлгі. Ал, біздің даңқты ардагерлеріміз ұзақ уақыт бізбен бірге бола берсін деді, өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Насырбайұлы Мұқашев студенттерге соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерліктерін есте сақтап, даңқты істерін лайықты жалғастырушылары болыңдар деді. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Қарымбаева ардагерлерді және қатысушыларды алдағы мамыр айындағы мерекелерімен құттықтай келе, колледж студенттерінің соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетуге белсене қатысатын жеткізді.
Кездесу соңында шақырылған қонақтарға естелік сыйлықтар тапсырылып, мерекелік дас-тархан жайылды.
Қанат АПСАДЫҚОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.