Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
2018 жылдың 10 сәуір күні Көкпекті ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында «Шығыстың ұлы тұлғалары» облыстық айлығы аясында «Мемлекеттік қызметтегі тіл шебері 2018» атты мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында байқау ұйымдастырылды. В1 деңгейін меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасындағы байқауға ауылдық округ әкімдіктері аппараты мен дербес бөлімдерден 13 маман қатысты.
Сайыстың мақсаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдері туралы» Заңын, 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және мемлекеттік қызметкерлердің тілдік мәртебесін көтеру. Байқау «жазба тіл шебері» жазылым құзыреттігі, «сөз шебері» сөйлесім құзыреттілігі және «қиыннан қыстырар ер данасы» таным мен сөйлесім құзыреттілігі бағаланатын үш кезең бойынша өтті.
Алғашқы кезеңде мемлекеттік қызметшілер орыс тілінде дайындалған құжаттан үзіндіні мемлекеттік тілге аударса, екінші бөлімде қазақ тілінде ұсынылған ақпаратты синхронды түрде орыс тіліне аударулары шарт болды. Соңғы үшінші кезеңде көпшілік алдында мемлекеттік қызметшісінің мәртебесін сақтай отырып, сөйлеу шеберліктері бағаланды. Әділқазылардың шешімімен Көкпекті ауылдық округінің бас маманы Қ.Қонақаева «Жазба тіл шебері» аталымын, Тассай ауылдық округінің бас маманы С.Қайкибаева, «Қиыннан қиыстырар ер данасы», аудан әкімі аппараты кеңсе бөлімінің бас маманы М.Шыныбаева «Сөз шебері» номинацияларын иеленді. Байқауға қатысқан мемлекеттік қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды.
ШОЛПАН НҰРҒАЛЫМОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.