Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет. Мемлекеттік қызмет жолын таңдаған азамат әрбір ісіне аса зор жауапкершілікпен қарағаны жөн-ақ. Сәл нәрседен мүлт кетсе, ол оның абыройы мен атқарған жұмысына сын болары анық.
Осы орайда, аудан әкімдігінің мәжіліс залында Шығыс Қазақстан облысы бойынша әдеп жөніндегі уәкілі Зарина Мұратқызы Әбіжанованың қатысуымен арнайы кездесу болып өтті. Өзінің сапары барысында ШҚО этика бойынша уәкілетті тұлға З. Әбіжанова Көкпекті ауданының мемлекеттік қызметшілеріне жеке қабылдау өткізді, және олар қойған сұрақтарға жауап берді.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Әдеп нормаларын сақтау мемлекеттік қызмет жүйесінде ерекше орын алады. Қазақстанда «Мемлекеттік қызмет туралы» заң, мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі және ведомстволық қызметтік этика ережесінен тұратын мемлекеттік қызметші әдебінің жүйесі 2005 жылдан бастап қалыптасты. Қызметтік әдеп ережелерінің ведомстволық ережелері әрбір мемлекеттік органда кодекс ережесінің көшірмесі іспетті.
Кездесуге аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім және мекеме басшылары, мамандар қатысты. Жиынға төрағалық еткен аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Кемербаева ең алдымен мемлекеттік қызметтің маңыздылығына тоқталып, қызметкерлерге артылар міндеттерді түсіндірді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілерге деген халық сенімін нығайту мәселелері жайында жан-жақты әңгіме қозғады.
Облыстық Әдеп жөніндегі уәкіл – Зарина Мұратқызы өз баяндамасында мемлекеттік: қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылардың алдын-алуын қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелерін қамтыды. Сонымен қатар, «Әдеп кодексі» мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне ғана емес, олардың жұмыс және жұмыстан тыс уақытта өзін-өзі ұстау стандарттары туралы да кең көлемде мағлұмат беріп өтті.
Мемлекеттік қызметшілер бас қосқан отырыс-та одан әрі қызметкерлердің көкейлерінде жүрген сұрақтарына сәйкес ситуациялық мысалдар келтіріліп, қолданыстағы заң нормаларына сай тиісті жауаптар ортаға салынды. Осы ретте, мемлекеттік қызметте көп жылдық тәжірибе жинақтаған бірқатар дербес бөлім басшылары өз ойларымен бөлісіп, жиынға қатысушылар әдеп қағидасын орындау мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті екенін ұғынды. Оны үнемі қаперде ұстайтындарын да жеткізді.
Иә, еліміздің ертеңі бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің адамдық парасаты мен ар ождан және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, «Біздің міндет - халыққа қызмет» - деп Елбасы белгілеп берген ұран аясында елге деген адалдықтың ақ туын абыроймен ұстану баршамызға ортақ міндет екені хақ.
КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.