Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Тәуелсіз еліміз үшін үшінші жыл қатарынан мереке ретінде тойланып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен бірлігін жаңа деңгейге көтеретін ерекше мереке - Алғыс айту күні. Алғыс айту – ол ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Елбасы Жарлығымен «1 наурыз - Алғыс айту күні» болып бекітілгені бәрімізге белгілі. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келген мереке қарсаңында ұлттар бірлігі нығая түспек. Қайырымдылық, ризашылық, өзара жәрдемдесу сияқты ең құнды адамгершілік қасиеттер көрініс тапқан, сол бір қиын кезеңдерді еске түсіретін тартымды іс шара Көкпекті ауданында Қ.Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінде өтті.
Салтанатты шараға қатысушылардың назарына экран арқылы бейнебаян ұсынылды. Бұндағы көріністерден бүгінгі күні тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдеріне деген қазақ елінің қонақжайлығы, бауырмалдық пен көмек қолын созғандығын көруге болады. Келесі кезекте көрермендерге түрлі халықтардың ұлттық костюмдерімен шыққан Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйі әншілерінің «Ағайынбыз бәріміз» әні орындалды. Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара ашық деп жариялағаннан соң, мемлекеттік Әнұран шырқалды. Алғашқы сөз кезегі аудан әкімінің орынбасары Д.Б.Қойгельдинге берілді. Дәурен Бақытжанұлы ауыл тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтай келе, тарих тоғыстырған ұлттардың бірлігі мен татулығы бүгінде Қазақстан халқының достығын нығайта түсетіндігін сеніммен айтып өтті.
- Қымбатты отандастар!. Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақ сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту болып саналады. Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бақ-береке, бейбіт өмір және табыс тілей келе, бүгінгі күні біз бір үлкен отбасында өмір сүріп жатырмыз. Бір-бірімізге қолдау, жылылық пен мейірімділік үшін алғысымызды білдіреміз. - деді сөзінің соңында Дәурен Бақытжанұлы.
Қазақстанға Ұлы Отан соғысының қиын қыстау кездерінде 50-жылдардың басындағы тың игеру, өнеркәсіптік нысандардың құрылысы, комсомол құрылысымен мыңдаған адамды жер аударды. Шамамен есептегенде бұл көші-қон ағындары Қазақстанға әртүрлі ұлттардың 5,6 миллион адамын әкелді. Бүгінде қазақ жерінде 100-ден астам ұлт өкілі тұрып жатыр. Олардың барлығы туған жерінен қазақ еліне депортацияланған халықтар. Бұл тарихи оқиғаны мәдениет үйі әртістері «Репатрианттар» шығармасының желісі бойынша сахналық қойылымда тамаша сомдады. Көріністе Ұлы Отан соғысы жылдарында туған жерінен тыс, алыс аудандарға күшпен жер аударылып келген поляк, кәріс, неміс, шешен, татар ұлттарының балаларының тағдыры көз алдымызға келді. Бауырмал, қонақжай халқымыздың, өзге ұлт болса да келімсектер деп кемсітпей барымен бөліскен қазақ жұртының адамгершілік, қасиетін көруге болады.
Ауыл тұрғындарының жетім балаларды бөліп алып, тек 5 жасар неміс ұлтының баласын «ұлт жауы», - деп қарауы алайда ақылгөй ақсақал «балалар - періште жандар, олар ересектердің істері мен әрекеттері үшін жауап бермеу керек» деп, баланы алып, жаңа есім беріп, оны ұлым деп айтқандағы сәті залдағы көрермен көзіне жас алдырды.
Сол ұлттардың ұрпақтары екінші отанына айналған Қазақстан жерінен баспана тапты. Ата-бабаларының қазақ жері қалай қабылдап, қолдағаны туралы естеліктері олардың есінде мәңгі сақталады. Сонымен қатар, ауыл тұрғыны Жанна Сүйіндікова қазақ халқына деген ризашылығы мен алғысын білдіріп, жиналғандар алдында сөз сөйледі. Қазақ халқының қайырым-дылығының, қонақжайлығының арқасында бүгінде біз өз Ота-нымызды тауып, өмір сүріп, білім алып, еңбек етіп келеміз», - деді.
Соңында Мәдениет үйінің әртістері және өнер мектебі оқушыларының орындауындағы «Қазақстан жері», «Мәңгілік Ел», «Атамекен» әндері көременді тәнті етті. «Інжу Маржан» әжелер ансамблінің «Желаем счатье вам» әндерін тыңдаған көрермендер жақсы көңіл-күймен тарқасты.
Әсия Талханқызы Калимуллина ұлты татар, Көкпекті ауылының тұрғыны:
- Елбасының бастамасымен өмірге келген бұл мерекенің мәнісі зор.Бүгінде бір шаңырақ астында әр түрлі ұлт өкілдері Қазақстанда тату тәтті өмір сүріп жатырмыз. Жарасымды, берекелі, ынтымақты тіршілігіміз бар. Бұл мереке бізге осы тұрғыдан қымбат болуы тиіс.
ШОЛПАН АСЫЛБЕКҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.