Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Ауған соғысы....Ауған жерінде жан кешкен өрендерді еріксіз ойға түсіретін жан жарасы. 10 жылға созылған соғыс - қазіргі аға буынның қайғылы естелігі, боздақтарынан айырылған отбасы қайғысы, із-түссіз кеткен жауынгер жақындарының үзілген үміті. Биыл 15 ақпанда Кеңестер Одағының әскерлері Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толады.
Көкпекті ауданында Отан алдындағы борышын ерлік шежіресімен өтеген ерлерді еске түсіру жиыны өткізілді. Жылдағы дәстүр бойынша бұл күні Көкпекті ауылының Заречная аумағында орналасқан Ауғанстанда көз жұмған жауынгерлерге арналған ескірткіш маңында митинг болып өтті. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Көкпекті ауданы Қорғаныс бөлімінің басшысы А.П.Цыбенко және сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымыздың атынан қаһарман жерлестеріміздің бірі ауған соғысының ардагері Мұрат Рақымбеков, «Арлан» әскери-патриоттық клубтың жетекшісі Ә.Артықбаев, Октябрь мектеп-балабақша кешенінің АӘД пәнінің ұстазы В.П.Онищенко барлық ардагерлерге мерекелік жылы лебіздерін білдірді.
Тарих беттеріне алтын әріппен жазылған соғыста қайтыс болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алған соң, аудан әкімінің орынбасары Д.Б.Қойгелдин, Көкпекті ауылдық округінің әкімі Е.Ниязбаев, және мектеп, балабақша, мекеме, ұйым басшылары ауған жерінде болған ардагерлер ескерткішінің маңына гүл шоқтарын қойды.
Өзге елде жүріп, тыныштықты тілеген ардагерлерге көрсетілген құрмет одан әрі ауданымыздағы алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірегейі Көкпекті орта мектебінің шаңырағында жалғасын тапты. Мектеп директоры Аслан Балабекұлының іскерлігі және мектеп ұжымымен бірлесе атқаруымен «Ауғанның отты жылдары» атты ауқымды жиын өтті. Ең алдымен бүгінгі мерекелік кештің қонақтары Ауған соғысының ардагері Л.Фахрутдинов атындағы әскери-спорт клубы және Кадет сыныбының бүгінгі тыныс-тіршіліктерімен танысты.
Мектеп қабырғасындағы Ауған соғысы ардагерлеріне арналған бұрышпен таныстыра келе, мектептің АӘД пәні мұғалімі Б.Рахимов осынау шайқастың елге әкелген зардабын, ауған соғысынан аман оралып, еліміздің өсіп-өркендеуіне елеулі үлестерін қосып жүрген ағалар еңбегін атап өтіп, соғыстың қайталанбауын, елімізде бейбітшілік пен тыныштықтың орнауын тіледі.
Сондай-ақ, жиын барысында Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин құттықтау сөз алды:
-Бүгін тарихтың талай бұралаң белесінен өтіп, бұл күнге де жетіп отырмыз. Бабаларымыз бізге аманат етіп қалдырған қасиетті ата мекенді қорғау – бәріміздің қасиетті борышымыз. Әсіресе болашақ ұрпақты өз Отанын қорғау, оны сүю, қадірлеу, қастерлеу оған қалтықсыз қызмет етуге үйрету баршамыздың парызымыз.
Болашақ ұрпақты ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелейтін олардың патриоттық сезімін оятатын ерліктеріңізбен қайтпас қайсарлықтарыңыз қандай құрметке болсын лайық! Баршаңызға жауынгерлік және еңбектегі ерліктеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!, - дей келе аудан әкімінің атынан Ауған ардагерлері Т.Ақжігітов, Б.Бәкібаев, С.Жақыпбеков, Қ.Жанбаев, Е.Жұмажанов, А.Мұқашев, М.Рақымбеков, А.Терлікбаев, А.Халиульдиндерге Алғыс хатты табыстады.
Мерекелік шара Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің әртістері және Көкпекті орта мектебінің, Балалар өнер мектебінің оқушыларының ұйымдастыруымен өткен концертпен жалғасты. Сахна төрінде патриоттық әндер айтылып, барлық қошемет пен құрмет ауған жауынгерлеріне арналды.
Сынаптай сырғып уақыт өтсе де, Ауған соғысы мәңгілікке олардың жадында. Көз алдарында кеше ғана Ауғанстанның аптап ыстығы жалын атқан тәрізді, автоматтар алқынып, пулеметтар күрсілдеген тәрізді. Әрине, соғыстың бар қорқынышы артта қалды, алайда жадында жатталған ауыр күндерді ұмыту мүмкін емес. Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 29 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге Көкпекті елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп, құрметтеу – біздің борышымыз.
Ақат Әділбекұлы Терлікбаев, Ауған соғысының ардагері, Толағай ауылы:
- Бүгінгі мерекелік кешті ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Қазір Еліміздің мерейі өсіп, даңқымыз әлемге жайылды. Міне, жас жеткіншектерге қол жеткізген осы абыройды сақтап, оның одан әрі өрістетуге тілектеспін. Ал Ауған ардагерлеріне денсаулық, отбасына береке, шаттық тілеймін.
КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.