Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Көкпекті аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалында 21 қазан күні қатарынан бірқатар жұмыстардың басы қайырылды. Оған аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова, аудандық дербес бөлімдерден, білім беру орындарынан, ақсақалдар кеңесінен, денсаулық сақтау саласынан аудандық мешіттен және БАҚ өкілдері қатысты. «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» тақырыбындағы дөңгелек үстел басталар алдында жиналғандар Қаракезең таңбалы тастары көріністерінің көрмесімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Ақшабаева сөйлеген кіріспе сөзінде «Нұр Отан» партиясы іс жүзіне асырып отырған жобалар жайына тоқталып, бүгін фотокөрменің «Ұлы дала қазынасы» бағыты бойынша ұйымдастырылғанына тоқталды.
Ал партия филиалының консультанты, тарихи ескерткіштерді зерттеумен шұғылданып жүрген Қайрат Мәлікаждаров келгендердің назарын фотокөрмеге ілінген бұдан бірнеше ғасыр бұрын салынған суреттер сырына аударды. Ертеде қазақ жерінде өмір сүрген тайпалардың тіршілік әрекеті, арман-мақсаттары тасқа қашап салынған суреттерінен көрініс тапқаны жайында баяндап берді. Ұлы дала елінің тылсым тарихынан сыр шертетін таңбалы тастар бейнесі көпшіліктің қызығушылығын тудырғаны рас.
Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Ақшабаеваның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанның барлық жерлеріндегі «Нұр Отан» партиясы филиалдары белгілі бір жүйе бойынша «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» тақырыбында акция өткізілуде. – Бақытты отбасында бақытты балалар өседі. Қай уақытта болмасын мемлекеттің дамуына қоғамдағы отбасы жағдайына байланысты баға беріледі. Елімізде осыған орай көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Қазақ халқы «Отан - от басынан басталады»деп тегін айтпаған ғой. Егер әр отбасында балалар бақытты өмір сүріп, ата-ана мейірімі мен ұлттық құндылықтар бастауынан толыққанды нәр алып өссе, ел болашағының жарқын болатынына алаңдамауға болады. «Нұр Отан» партиясының 17 съезінде 2016 жылы қабылданған «Қазақстан-2020-21: бірлік, тұрақтылық, жасампаздық» бағдарламасында отбасын дамытудың жолдары кеңінен жоспарланғаны белгілі, - дей келе, Гүл-баран Майлыбайқызы тақырып бойынша сөз кезегін аудан әкімінің орынбасары А.Әкімоваға берді.
- Бүгінгі өтіп жатқан акция аса өзекті мәселе болып отыр. Шаңырақ көтермей жатып, қиындықтарға шыдамай айырылысып кететіндердің саны көбеюде, жаңа дүние есігін ашқан шақалақтарын тастап кететін көкек аналардың ортамыздан табылуы - қазіргі таңда отбасылық құндылықтардың маңызы төмендеп кеткенін көрсетеді. Осындай тақырыптарды үлкен аудиторияларда кеңейтіп өткізген жөн. Бұл бағытта мектеп, денсаулық саласы, қоғам болып жұмыс жүргізіп отыр. Мені қатты алаңдататыны, мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайы. Ауданда 90-ға жуық мүгедек балалар бар. Оларды сау балалардың қатарына қосу үшін мемлекет тарапынан қомақты қаражат бөлініп, ауданымызда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жұмыс істеуде. Бұл орталыққа келуші балалардың ішінде сауыға бастағандары бар. Сондықтан, біз бала болашағы үшін барымызды салсақ, нәтижесі де қуантарлық болатыны рас, - деді Алмагүл Жанахметқызы.
Келесі кезекте Ж.Шайжүнісов атындағы ОМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Тлебалдина, Көкпекті ОМ тәрбие ісі меңгерушісі Р.Найзабаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты Қ.Мәлғаждаров, ардагер қария Камалбек Кисин, мешіт молдасы К.Ахметқалиев, СӨС кабинетінің дәрігері О.Дериглазова бала тәрбиесі баршаға ортақ іс және тәрбиеге дер кезінде көңіл бөлу керектігі, жас ұрпақты имандылыққа баулу, отбасын жоспарлау, ана мен бала денсаулығы т.б. жайында келелі ойларын ортаға салды.
Бұл жерде, үлкендердің көпшілігін қамықтыратын, қазіргі қоғамның дерті ретінде есептеп, көңіл аударатын басты мәселе - жастардың көшеде, қоғамдық орындардағы өзін ұстауы, тәрбиесін айту керек. Көпті көрген Камалбек атамыз көшеде кезіккенде, тіпті, сәлемдеспек түгілі, үлкенге жол бермей, алдын кесіп өтетін ибасыз қыз балалардың көбейгенін көзіне жас ала жеткізгені көпшіліктің көңілін күпті еткені, алаңдатқаны рас.
Дөңгелек үстелдің қорытынды кезеңінде аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Р.Құсманов отбасы тақырыбындағы өз ой-пікірлерін қатысушылар назарына ұсынып, жан-жары Әйгерім Құмарханқызын таныстырып, Раяна атты бөбегі бар екенін айтты. Бүгінгі шараға көтерген шаңырақтарында татулықтың үлгісін көрсетіп, бірін-бірі қас қабағынан ұғынып, берекелі тұрмыс кешіп жүрген, арнайы шақырылған бірнеше жұптың ішінен жауапкершілік салмағын жете түсінген жас отағасы Рахат пен оның жұбайы Әйгерім келіпті.
Екі жасқа аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова бағалы сыйлық пен Мақтау грамотасын құрметпен табыстады. Екі жасқа қарап, әркімнің көңілінде өз баласы осындай отбасын құрса деген жағымды ой-арманның оты жылт еткені анық. Тіл-көзден аман болып, ұзақ әрі бақытты тірлік кешіңдер деген ыстық тілекпен жиналған жұрт тарасып жатты.
Бақыт МҮЛІКОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.