Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
«Қыс – қыр астында». Демек, арқаны кеңге салып, бейқам отыруға болмайды. Оның үстіне, алты ай қысы бар өңіріміздің аязын бәріміз жақсы білеміз. Осы себепті Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а. Қайрат Джилкишев 2017-2018 жылдарда ауданның автомобиль жолдарында жүргізілген жол-құрылыс жұмыстарының қорытындылары және қысқы кезеңге дайындығы туралы әңгімелеп берді.
- Көкпекті ауданындағы маңызы бар автомобиль жолдарына және елдімекендердің көшелеріне 2017 жылға ағымдағы жөндеу жұмыстары 103527,7 мың теңгеге жүргізілді.Тапсырыс беруші Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Көкпекті ауданының автомобиль жолдарының ұзындығы 868,7 км құрайды. Олардың ішінде: республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» жолы 161 км, облыстық маңызы бар жолдар 237 км құрайды. Аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 470,7 км, оның ішінде асфальт бетонды жабынмен 23 км, қара құмтас жабынымен 123,6 км, құмды-қиыршық тасты төсенішпен 307,6 км, топырақ жабындымен жабылған 16,5 км. Оның ішінде жақсы жағдайдағысы 53 км, қанағаттанарлық 273,7 км, қанағаттанарлық емесі 144 км. Ал жергілікті маңызы бар жолдар 56 елдімекенде бар.
Республикалық маңызы бар «Омбы – Майқапшағай» (ұзындығы 161 км) жолына, «ДЭУ – 29» «Қазақавтожол» РМК учаскесі (бастығы Г.Мұхамадиева) қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарды қыста күтіп ұстауға 11 бірлік қар тазалау техникасы дайындалды және жұмыс істеуге дайын. Бастапқы кезеңге арнап, 5 тонна ЖЖМ және 2 тонна бензин, отын түрлері дайындалды.
Бүгінгі таңда көктайғаққа қарсы материалдың 800 тоннасы әкелінді, соның ішінде 140 тоннасы республикалық маңыздағы жолдардың 302 шақырымындағы жол жиегі жабылды. Қауіпті жол учаскелеріне 240 дана сигналдық белгілер орнатылған және 520 бгб метр қар тоқтататын қалқандар дайындалды.
Ал, облыстық маңызы бар автожолдардың ұзындығы 237 км (Казнаковка өткеліне кіреберіс – 12 км, Көкпекті-Самар-Васильевская өткелі– 169 к, Қайыңды ауылына кіреберіс – 4 км, Самар-Тарғын-Өскемен 52 км-лік автожолын «ПДУ-6» «Облшығысжол» КМК қызмет көрсетеді (учаске бастығы М.Аипов).
Қазіргі уақытта облыстық маңызы бар жолдарды қыста күтіп ұстауға қардан тазарту техниканың 9 бірлігі әзірленді және жұмыс күйінде. Бастапқы кезеңге -15 тонна ЖЖМ және 2 тонна бензин дайындалды. Бүгінгі күні көктайғаққа қарсы материалдың 250 тоннасы әкелініп, оның ішінде жолға 120 тонна жұмсалып, 800 дана сигналдық белгілер дайындалды. Осы жолда ең қауіпті Умыш асуы қауіпті қар үйінділері жиналатын учаске болып табылады. Учаскеде жылынатын пункт және байланыс қызметі болады. Жергілікті маңызы бар автожолдардың ұзындығы 470,7 км. «Көкпекті Жолдары» ЖШС (директоры Г.Нұрғалиева) және «ДСУ-14» (директоры А.Калинин), «Батраков» ШҚ қызмет көрсетеді.
Қазіргі уақытта жергілікті маңызы бар қысқы жолдарды ұстауға 36 бірлік қар тазалау техникасы дайын тұр. Оның ішінде: «ДСУ-14» ЖШС - 23 бірлік (оның ішінде 8 бірлік жөндеуде тұр), «Көкпекті Жолдары» ЖШС - 11 бірлік (2 бірлік жөнделуде ), «Батраков» ШҚ - 2 бірлік К-700. Бүгінгі күнге 12 тонна ЖЖМ дайындалды (оның дизель отыны – 7 тонна, бензин – 5 тонна). Оның ішінде: «ДСУ-14» ЖШС 3 тонна дизель отынын және 3 тонна бензин, «Көкпекті Жолдары»- ЖШС 2 тонна дизель отыны, 2 тонна бензин, «Батраков» ШҚ 2 тонна дизель отынын дайындаған. Бүгінгі таңда көктайғаққа қарсы материалдың 300 тоннасы жеткізілді. 2017 жылы (қазан-желтоқсан) айларына аудандық маңызы бар қысқы автомобиль жолдарын қалыпты жағдайда ұстау үшін құны 20261276 теңгеге ашық конкурс жарияланды (26 лот). 20-лот бойынша «Көкпекті-Жолдары» ЖШС, «ДСУ-14» ЖШС және «В.И.Батраков» ШҚ жеңіп алды.5 лот бойынша конкурста 2770215,5 теңге үнемделді.
Ал, аудан орталығындағы мекемелер де қыс маусымына қатты отын дайындауы қажет екенін ойдан шығармаған абзал. Қазірден бас-тап қам жасалса, қапы қалмайтынымыз анық. Ертең жасап аламын ғой деген еріншектіктің керегі жоқ. Бүгіннен бастап алдағы күндердің қамын жасау таптырмайтын ақыл. Сондықтан әрбір мекеме басшысы дайындықты ширатуы керек. Олай етпесек ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Жеке тұрғындар да дайындықтан тыс қалмауы қажет.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.