Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының бір шетінде томаға-тұйық тірлігімен ерекшеленіп, мамыражай ауыл шаруасымен күнелтіп жатқан Теректі округінде оның барша тіршілігіне белсене араласып жүрген жігіт ағасы тұрады. Ол - ауданымызға танымал, беделді, сыйлы азамат Қанат Бидахметұлы Садықов. Бүгінгі таңда «Теректі» шаруа қожалығының басшысы және аудандық мәслихаттың екі шақырылымындағы депутаттық қызметін қоса абыроймен атқарып жүр. Қанат Бидахметұлы ел-жұрттың сенім артқан арқалы азаматтарының бірі әрі бірегейі екендігін ұғындық. Осы шағын ауылға сүйеніш болып жүрген азаматты сөзге тартқанды жөн көрген едік.


-Елбасының: «XXI ғасырда қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту дамудың басты факторына айналып отыр. Бұл Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы, жоғары әлеуметтік жауапкершілік, халықтың неғұрлым әлсіз буындарына атаулы көмек қағидаттарында бүкіл мемлекеттік, қоғамдық және жеке институттарды кең ауқымды жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізудеміз» деген сөзінде ерекше мән бар. Расымен де, қазіргі таңда еңбектің мән-маңызы арта түскені ақиқат. Ауылдастарымды жұмыспен қамтып отырмын. Еңбексіз өмірдің мәні де, сәні де жоқ екені, онсыз елді дамытып, өркендету мүмкін емес екені белгілі. Қарапайым еңбек адамының жұмысы ел экономикасының артуына көп үлес қосатыны анық. Осы тұрғыдан алғанда елімізде қарапайым еңбек адамының рөлі жоғарылай түсуі қажет. Жастар арасында ауылға керекті маман иелері көбірек насихаттала түссе оңды болар еді. Қарапайым еңбек адамдары арқасында экономикалық дағдарысты еңсеруге болатыны даусыз, - дейді Қанат Бидахметұлы.
Иә, атақ-абырой, бақ-дәулет, толағай табыс кім-кімге де өздігінен келе қоймайды. Бұл – бірнеше жылдардың жемісі, адал еңбектің нәтижесі. Ал, біз бүгін Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып отырған кәсіпкердің жеке өмір жолына көбірек үңілетін боламыз.
«Ол өзіне сәлем берген жандардың қай-қайсына да жылы шырай танытып, жымиып жүреді. Қашан көрсең де үлкеннен құрметін, кішіден ізетін аямайды. Дауыс мәнерінің өзі бойындағы үлкен мәдениеттілікті аңғартады. Кейбір адамдар бұрын еш жерден кезіктірмесең де алғаш көргеннен-ақ жағымды әсер қалдырады. «Шіркін, қандай кеңпейілді, парасатты жан еді?!» деп болмысына сүйсініп қарайсың. Бәлкім, ол кісіге еліктеп жүрген жастар арамызда аз емес шығар. Дана Абай «Болмасаң да ұқсап бақ» деп бекер айтпаған». Бұл сөздерді қожалық басшысымен жүзбе-жүз кездескен әр адам, әр ауылдасы айтады.
Көкпектінің төл тумасы Қанат Бидахметұлының айтуынша, ол 04.04. 1953 жылы бұрынғы Семей облысы Көкпекті ауданы Буденный кеңшарына қарасты «Жаңа талап» ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Көпбалалы, береке ұялаған отбасында еңбекқор ата-ана тәрбиесін бойына сіңіріп өскен Қанат мектеп бітірісімен Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтына оқуға түседі. Жоғары білім алып, 1975 жылы ветеринарлық дәрігер біліктілігін меңгеріп шыққан жас маман еңбектегі алғашқы қадамын Жарма ауданы Первомайский кеңшарында аға ветеринар қызметімен бастайды. Ал, 1979 жылы Көкпекті ауданындағы ветеринариялық зертханада директор, одан соң Ленин атындағы ұжымшарда, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында бас ветеринарлық дәрігер ретінде жоғары жауапкершілігі мен атқарған қызметіне адалдығы арқасында жоғары лауазымдарға қол жеткізеді.
1988-1996 жылдарда Қ.Аухадиев атындағы ұжымшар басқармасының төрағалығы қызметіне тағайындалып, міндетін абыроймен атқарады.
Елімізді тоқыраудың тұманы басқан кезеңде, оңтайлы шешім қабылдап, таратылған Қ.Аухадиев атындағы ұжымшардың негізінде «Теректі» ШҚ құрған шаруашылық басшысы тәуелсіздік жылдарында толымды табыстарға қол жеткізді. Ол тұрғындарды жұмыспен қамтып, мемлекет қазынасы – салықты да молайтуға үлкен үлес қосып отыр. Аудан экономикасы мен ауылдың әлеуметтік дамуына сүбелі үлесін қосқан Қанат Бидахметұлының ауыл шаруашылығы саласында тер төккеніне 40 жылдан асып барады.
-Жалпы «Теректі» ШҚ жайын айтатын болсам, ауыл шаруашылығындағы негізгі бағытымыз – егін шаруашылығы. Бидай, арпа, күнбағыс, соя өсірумен шұғылданудамыз. Қожалық иелігінде 3400 гектар жердің 1200 гектары суармалы жерлер. Шаруашылық жұмысын қажетті деңгейде жүргізуге қажетті техникалар толығымен сатып алынған. Сонымен қоса, шаруашылықта аздаған мөлшерде жылқы малын өсіреміз. Еліміз еңсесін тіктеп, әлемдік аренада өзіндік орынға ие болғалы бері аграрлық салада оң өзгерістер орын алды. Мемлекеттің бұл салаға деген қамқорлығы ауылды дамытуға көп жәрдемін тигізуде деп санаймын. Қиын-қыстау кезеңдерде жұмысшыларға жалақы тауып бере алмай, қант, май, ұн, шөп беріп есептескен күнде де мойымай, шаруашылық жүгін бірге арқалап келе жатқан ұжым жұмысшыларына айтар алғысым шексіз. Ауызбіршілігі берік ұжым қандай қиындық кездессе де, бірге еңсерді. Қазір қарамағымда жұмыс істейтін механизатор, көлік жүргізушісі, диқаншы және т.б. еңбекшілердің саны 30 шақты адам. Олардың барлығы соңғы 5-6 жыл бойы ай сайын тұрақты еңбекақыларын алып тұрады. Мерекелер мен атаулы күндерде жұмысшыларды көтермелеп, ынталандыру шаралары да назардан тыс қалмайды, - дейді халық қалаулысы. .
Бір істі бастау, оны ілгері қарай дамыту үшін – қаржы мәселесінің оңтайлы шешім табуы маңызды. Бұл орайда тәжірибелі де білікті басшы Садықовтың тасы өрге домалады. Жыл сайын өркендеп келе жатқан шаруашылық, ендігіде алынған өнім мөлшеріне орай жеңілдіктерге де қол жеткізуде. Алайда, халық игілігі үшін жасалып жатқан істерінің бір-жарына тоқталып өтуін сұрап, өтініш білдірдік. Ауылының ажарын айшықтап, тұрғындардың тілегін хал-қадірінше орындап жүрген абыройлы азаматтың адамгершілігі де бір төбе. Округте өтетін атаулы мерекелерге демеушілік жасау сияқты ауыз толтырып, айта берер жақсылық көп, әрине. Дегенмен, шаруашылық басшысы көмегін көпшілік білсін деп емес, адамгершілік тұрғысынан беретіндіктен бәрін тізбектей беруді жөн санамадық.
Иә, расында да байлық та, бақыт та адал еңбек, маңдай тердің арқасында келеді. Шалқалап жатып, шалқып өмір сүрсем деп, қиялдағаннан қарын тоймайды. Бүгінгі әңгімемізге арқау болған шаруашылық басшысы Қанат Садықов «Ерен еңбегі үшін» және көптеген мерейтойлық медальдарының иегері. Екі шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаты, халқының қалаулысы. «Бұл мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік», дейді орден иесі.
Табыстың кілті адамның ынта-ықыласы, ерік-жігерінің арқасында деп санайтын ол қашан да халыққа қызмет етуге даяр. Қолынан келгенінше қайырымдылық шараларына қатысып, мұқтаж жандардың мұңын тыңдайды, қаржылай қолдайды. «Оң қолыңның бергенін сол қолың көрмесін» дегенді ұстанатын ол алған-бергенін айтып, дандайсымайды.
Өзінің адал еңбегімен жанұясын бағып, ұрпағын өсіріп, екіншіден, қоғамға белгілі түрде пайда әкеліп жүрген азаматты қолдап, жағдайын жасап отыратын жары Бақыт та қол қусырып үйде отырған жоқ. Оның да мамандығы ветеринар болған. Бүгінде ауылда дүкен ашып, тұрғындардың керек-жарағын, азық-түлігін жеткізіп отыр.
– Отбасымызда 2 қыз бір ұл тәрбиелеп, қазіргі күні әрқайсысы жеке шаңырақ көтеріп, балалы-шағалы болып отырған жайы бар. Бақытты ата-әже болдық. Немерелерімнің үлкені тұрмыс құрды. Балаларыма әрдайым қолға алған жұмысыңды аяқсыз қалдырма. Талпынсаң тау да басын иеді. Ең бастысы, жігерің жасып, мұратың мұқалмасын деп рух беріп отырамын, - дейді Қанат Бидахметұлы әңгіме соңында.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз