Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасымыз тыныштық пен тұратылықты сақтаудың жас мемлекетіміздің болашағы үшін маңызы зор екендігін өз жолдауларында: «Кез келген халықтың рухани мәдениетінің негізін бейбітшілікке, келісімге, әділдікке ұмтылу құрайды. Көп ұлтты қазақстандық мәдениетке тән рухани бастамаларды нығайту мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі. Жыл сайын Қазақстанда рухани келісім күні атап өтіледі. Қазіргі таңда түрлі этностар мен дінге жататын адамдарды біріктіруге қабілетті рухани құндылықтарды бекіту тұрақты күш-жігерді, әрі түрлі елдердің діни көшбасшылары, ғалымдары, мәдениет және өнер қайраткерлері тарапынан үнемі назарды қажет етеді. Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумын өткізу қазіргі әлемнің руханилығын нығайтуға, мәдениеттер мен өркениеттер үн қатысуларын кеңейтуге маңызды қадам болатындығына сенімдімін», - деген ойларымен білдіріп отырды.


Бүгінде осы игі бастамаға еліміздің барлық аймақтарында қолдау көрсетіліп, түрлі іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі ретінде «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалында Жастар орталығының ұйымдастыруымен өткен «Рухани келісім - бейбітшілік тірегі» атты дөңгелек үстелді атауға болады. Аталған іс-шараға «Нұр Отан» партиясының консультанты Қайрат Мәлікаждар, Орталық мешіттің имамы Кенжебек Ахметқалиев және ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық орталық кітапхананың мамандары қатысты. Келген қонақтар өз ой-пікірлерін ортаға салып, рухани келісім мен діни тұрақтылық мәселелері бойынша түрлі тақырыпта әңгімелер қозғады.
Дөңгелек үстел барысында алғашқы сөз алған Қайрат Мәлікаждар: -Рухани келісім көптеген елдер үшін бірінші кезектегі міндетке айналды. Осы жағдайда Қазақстан ұлттық бірлігіне негізделген тұрақтылықты көрсетіп отыр. Елімізде өмір сүретін этностардың ауызбірлігі мен төзімділігі қазақстандықтар үшін егемендік құру жолындағы күрделі кезеңдерден өтуге жәрдемдесті және әлі күнге дейін ел дамуына үлкен күш-қуат беріп отыр. Қазақстан тұрақтылықты еуразиялық кеңістікте ғана сақтап қалуға тырыспайды, сонымен бірге, бүкіл әлем діндері өкілдерінің арасында жаҺандық құрылымдық сұхбат құру бастамасын алға тартады, - деп ойын ортаға салып, жастарға атаулы күннің еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнауына қосатын үлесінің зор екенін атап кетті.
Ал, аталмыш жиынның қадірлі қонағы Орталық мешіттің молдасы Кенжебек Ахметқалиев:
- Үстіміздегі жылы Қазақстан егемен, зайырлы және демократиялық мемлекет ретінде алғашқы қадам жасағалы Рухани келісім күнін 25 мәрте атап өтпекші. Көпұлтты еліміз үшін бұл күннің маңызы зор. 1992 жылдың қазанында Алматыда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығымен тұңғыш рет Дүниежүзілік рухани келісім конгресі өткен болатын. Жаратқан Иемізге мың да бір шүкір, Тәуелсіздік алғалы руханиятқа шөліркеген халқымыз уақыт өткен сайын имандылыққа бет бұруда. Аллa тағаланың рақымымен, халқымыздың талпынысымен ислам діні Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Нәтижесінде мешітке келушілер мен намазға жығылушылар саны күн сайын артуда. Біздің түсінігіміздегі барлық діндер өзінің жақынын сүю, қиналғанға көмектесу, кедей-кепшікті аяу, мәңгілік парыздарға мойынсыну деген бүкіл адамзат үшін түсінікті және қарапайым ортақ ұстанымға негізделген. Рухтың осы кеңістігі адамдарды біріктіретін жалпыға бірдей орта болып табылады. Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін осы күн - қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі ретінде атап өтіледі, - деп өз ойын ортаға салды.
- Шындығында тәуелсіздік алған жылдардан бастап көп ұлтты Қазақстанда достыққа негізделген үлкен саясат жүргізіліп келеді. Соның нәтижесін қазір көріп отырмыз. Бүгінгі күні аяғымыздан нық тұрған, әлем таныған елге айналдық. Бұл еліміздегі этностардың бір-бірін түсініп, бір-біріне деген сенімі мен үлкен мәдениетін көрсетеді. Қазақстанда осындай жағдай қалыптасып отырғанына біз қуанамыз. Достыққа еш нәрсе жетпейді. Соның негізінде біз үлкен жетістіктерге жетеміз, - деді басқосуда сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Рахат Құсманов.
Қазақстан қоғамында берік орныққан рухани келісім халқымыздың мәдени және рухани өмірінің дамуындағы ханафи бағытындағы ислам мен православиелік христандықтың тарихи рөлін мойындауға, сондай-ақ, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін өзге де діндерді сыйлауға үндейді. Қазіргі таңда еліміздегі діни бірлестіктер тарапынан қайырымдылық көмектер көрсету, отбасылық құндылықтарды нығайту, қылмыстың алдын алу секілді көптеген маңызды әлеуметтік жобалар іске асырылуда. Жиынды қорытындылаған Жастар Орталығының директоры Азамат Серікұлы, келген қонақтарға алғысын білдірді. Әрине, бүгінгі алмағайып заманда еліміздегі ұлтаралық және дінаралық түсіністікті сақтау, оны күллі әлемге дәріптеу осындай игі істерден бастау алмақ.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз