Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов жұмыс сапарымен Көкпекті ауданына келіп қайтты. Жұмыс сапарының барысында аймақ басшысы көкпектілік шаруа қожалықтары басшыларымен кездесіп, саланы дамытуға қатысты сұрақтарды талқыға салды. Білім беру саласындағы оңды өзгерістермен танысып, аудан орталығында «Толағай» сүт цехының ашылу салтанатына қатысты.
Өңір басшысы ең алдымен «Қалисатарұлы» шаруа қожалығына ат басын тіреді. Астық ору науқаны қызу жүріп жатқан егін алқаптарын аралап, аудандағы шаруашылық басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында Даниал Кенжетайұлы аудан аграр-шыларының егіс алқаптарының құрылымын дұрыс бағытта пайдаланып отырғанына,жалпы жұмыстарына көңілі толатынын жеткізді. Солардың ішінде Самарқан Қалисатарұлы басшылық ететін шаруашылықты ерекше атап өтті. Сондай-ақ, облыс әкімі өсімдік шаруашылығының мәселелеріне тоқтала келе, дәнді және майлы дақылдардың өнімділігі жайын көтерді. Аудан әкімінің орынбасары М.Теміржанов өңір басшысын ағымдағы жылдың жеті айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен қысқаша таныстырып өтті. Д.Ахметов ауданның асыл тұқымды мал шаруашылықтарындағы және жеке секторлардағы мүйізді ірі қараның жыныстық құрамының санына қызығушылық танытты. Аудан аграрилері мал шаруашылығымен қоса өсімдік шаруашылығымен де шұғылданады. Осыған орай, Даниал Кенжетайұлы арпа мен бидайды будандастыру арқылы ауданда өсіріліп жатқан жаңа дәнді дақыл – тритикалдың өнімділігімен танысты.
- Егер Самарқан Қалисатарұлы тритикалды өсірумен шұғылданатын болса, ол әр гектарынан 40-50 центнерден өнім алатын болады. Біріншіден, бұл ыстыққа төзімді, екіншіден өнімділігі жоғары дәнді дақылдың технологиялық түрі. Дақылдың бұл түрі топырақтың құнарлылығын аса қажет етпейді. Тритикалдан алынатын өнім көбінесе құрамажемдер дайындауға қолданылады. Онымен ірі қара мал, қой-ешкі, шошқа және басқа жануарларды азықтандырады, - деді Даниал Кенжетайұлы.
Одан әрі қарай, өңір басшысы «Теректі» ШҚ (басшысы Қ.Садықов) өсіріліп жатқан сояның өнімділігіне көңіл аударды. Осындағы суармалы жерлердің пайдаланылуы, егістік кешендерін сатып алу жағдайларын да сұрастырды.
Облыс әкімінің келесі кезектегі тоқталған орыны Самар ауылындағы спорттық модуль болды. Бұл жерде Д.К.Ахметов ауданның жас спортшыларымен, №2 БЖСМ-нің волейболшылармен жүздесті. Олардың білім мен спортта биіктерден көрінулеріне тілектестігін білдірді.
Көкжыра ауылына ат басын тіреген аймақ басшысы шағын елдімекенде қайнап жатқан үлкен жұмысты көргенде таңданысын жасырмады. «Серік» шаруа қожалығының басшысы Асқар Қажығалиевтің «Көкжыра сүт» ауыл шаруашылық өнімдері кооперативінде болып, шағын балық цехының жұмысына қанықты.
- Осындай шағын ауылда өндіріс ашылғаны мен үшін қуанышты бастама. Болашақ шағын кәсіпкерлікке бағытталған ауыл шаруашылық өнімдері кооперативтерінде болмақ. Ол үшін біздің мүмкіндігіміз жеткілікті. Мемлекет тарапынан копперативтердің жұмысын алға бастыруға барлық қолдау көрсетіліп келеді, - деді аймақ басшысы.
Атқарылып жатқан жұмысқа қаныққан Даниал Кенжетайұлы шаруа қожалық басшысының іскерлігіне зор баға беріп, бүкіл облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан жобаның маңыздылығна ерекше назар аударды. Көкпекті ауданының басшылығына игілікті бас-таманы жан-жақты қолдау арқылы сәтті жүзеге асыруға тапсырма берілді.
Жеке мал шаруашылығымен айналысып отырған 22 шаруаның басын біріктіріп, жұмысын бір арнаға тоғытқан «Көкжыра сүт» тұрғындарға жоғары сапалы сүт өнімдерін ұсынып отыр. Аудан тұрғындарын жергілікті таза әрі қолжетімді өніммен қамтуда маңызы зор жобаның мемлекеттік қолдаудан тыс қалмасына көз жеткіздік.
Казнаковка орта мектебі бүгінде ауданның көш басындағы білім ордаларының бірегейі. Өткен жылы түлегінің жомарт сыйымен қайта түлеген мектеп ғимаратына ат басын тіреген аймақ басшысы сала мамандарымен және оқушылармен жүздесті. Биылғы жылы Көкпекті ауданы ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғарғы көрсеткішпен көш бастады.
Аталмыш мектеп оқушылары робот құрасты-рып, оны жобалайтын бағдарламалау жүйесін компьютерге енгізуді меңгеріп алған. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, жан-жақты дамуына жол ашуға септігін тигезін жоба Казнаковка мектебінде былтырғы оқу жылынан жүзеге асырыла бастаған. «Робот техникаларымен жұмыс істеу балалардың ойлау қабілетін дамытып, өзге пәндерді де жақсы меңгеруіне септігін тигізеді. Оқушылар бастапқыда шағын машиналар құрастыра келе, кейін күрделі бағдарламаларға көшеді. Мақсатымыз ауылдық жерлердегі мектеп жасындағы балаларға робот техникаларын құрастыруды жете таныс-тыру, заманауи технологиямен жұмыс істеуге машықтандыру» дейді ұзтаздар. Даниал Кенжетайұлы бұл жобаны алдағы уақытта өңірдің өзге де мектептерінде жүзеге асырудың қажеттілігі туралы сараптама жасап, нақты ұсыныс енгізуді тапсырды.
Преображенка ауылында облыс әкімі «Өрнек» жекеменшік балабақшасында болып, кішкентай бүлдіршіндерге сыйлық тарту етті. 40 орындық кешен заман талабына сай салынған. Жергілікті кәсіпкер Ержан Қойгелдин қолға алған жоба мемлекет қолдауымен жүзеге асты. Ата-аналар мұнда бала басына 7 мың теңгеден төлейді. Қалған шығын «Балапан» бағдарламасы аясында өтеледі.
- Елбасы айтқан «Туған жер» бағдарламасының әдемі үлгісін көріп тұрмыз. Ауылдың азаматы өз қаражатына бүлдіршіндерге балабақша салып берді. Жиырмадан астам жерлесін жұмыспен қамтып отыр. Әрбір елін сүйетін азамат ауылдастары үшін пайдалы іс қылса «Туған жер» бағдарламасы деген осы, - деді Даниал Кенжетайұлы.
Көкпекті ауылында аймақ басшысы «Қали-ханұлы» шаруа қожалығына қарасты «Толағай» сүт қабылдау және сүт өнімдерін өңдеу цехының ашылу салтанатына қатысты.
Аталмыш қожалық ауданымыздағы жетекші шаруа қожалықтарының бірі болып табылады. 2005 жылы құрылған ұжымда 107 адам жұмыс істейді. Негізгі бағыты мал шаруашылығы. Бүгінгі таңда шаруа қожалығында ет бағытындағы 1318 қазақы ақ бас ірі қара, сүт бағытындағы 407 бас ірі қара мал бар.
Ірі қарадан бөлек, қожалықта 670 жылқы, оның 22 басы «Жабе» тұқымына жататын асыл тұқымды құлын болып табылады, сондай-ақ, 7 түйе бар. Ауыл шаруашылығына қажетті техника, егістік және шабындық алқаптарынан да кенде емес. Биылғы жылы шаруа қожалығы сүт өнімдерін өңдеу цехынан бөлек, Ажа ауылында 150 басқа арналған сауу алаңы бар автоматтандырылған сүт-тауарлы ферма ашуды жоспарлап отыр.
Облыс әкімі Даниал Ахметов цехты аралау барысында шаруа қожалық басшысы Марат Каликов цех аудан тұрғындары үшін қаймақ, ірімшік, айран сияқты басқа да сүт өнімдерін ұсынатынын айтып берді. Даниал Кенжетайұлы сүт өнімдерін өңдеу цехын іске қосуда жасалған жұмыстарды жоғары бағалап, аталмыш цех ауданға аса қажетті орындардың бірі екенін айтты.
– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында бүгінде елімізді бар әлем таниды. Ресей, Қытай, АҚШ сияқты алпауыт елдермен ынтымақтастық байланыс орнаттық. Алайда, әлемдік нарыққа өзіміздің қазақстандық өнімдерді шығаруымыз қажеттігін ұмытпауға тиіспіз. Біз бүгінгі таңда Елбасы алдымызға қойып отырған барлық міндеттерді орындауымыз керек. Бұдан да үлкен жетістіктерге жету үшін біз Мәңгілік Ел бірыңғай ұлттық идеясын нығайтуға бас біріктіріп, жұмыла көтеріліп, жұмыс жасауымыз қажет. Сіздердің аудандарыңыз даму үстінде, ел экономикасына елеулі үлес қосатын үкен жобалар да бар. Барлықтарыңызға денсаулық, бастарыңызға амандық, сонымен қатар, алға қойған жоспарларды жүзеге асыруда істеріңізге сәттілік тілеймін, - деп аудан тұрғындарына арнаған сөзін қорытындылады Даниал Кенжетайұлы.
Облыс әкімі жұмыс сапарының соңында «Елімай - Көкпекті» агроөнеркәсіп кешенінің жұмысымен танысу мақсатында шаруашылықта болып, асыл тұқымды мал басын тамашалады.
Шаруа қожалық басшысы Болат Бек-бердиновтың айтуынша, ірі жоба аясында қара ангус пен қазақтың ақбас сиырынан жаңа тұқым алынған. Асыл текті мал шаруашылығының асығын алшысынан түсіріп отырған жергілікті қожалықтың бұл жаңалығын облыс әкімі Даниал Ахметов жылы қабылдады.
Суармалы шабындық басында ұйым-дастырылған презентация барысында «Елім-ай - Көкпекті» АӨК осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлар сараланды. Аймақ басшысы ірі инвестициялық жобаның сәтті жүзеге асуы өңірдің экономикалық қуаттылығына тікелей әсер ететінін еске салды. Сондықтан да, барлық мемлекеттік көмекті көрсетіп, жоба жетекшілерінің сәтті басталған ісіне әрқашан қолдау болатынына сенім білдірді.
Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Даниал Ахметов атқарылған істерді сараптай келе, жүктелген міндеттерді жаңа тапсырмалармен толықтырды.
Дархан БЕРДІБЕК
Қанат АПСАДЫҚОВА
Жансая СМАҒҰЛОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.