Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Аудан әкімі Рамиль Сағандықов «Рухани жаңғыртуға» үн қатты. Елбасы мақаласынан туындаған бағдарламаларды жүзеге асыру Көкпекті ауданында бастау алды. 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында аудан басшысы тарихи орындарды аралап, батыр бабалар рухына тағзым етті. Алаш қайраткері Хамит Тоқтасынов жазықсыз атылған "Қаракезең" асуы, жоңғар шапқыншылығында ел қорғаған Бармақ батыр бейіті, көне заман жәдігері «Қаракезең таңбалы» тастары сынды киелі орындарға сапар жасады.
Рухани жаңғыру ұлттық сананың кемелденуінен көрінеді. Қазіргідей жылдам даму кезеңінде алдымен ұлттық болмысты сақтауға жұмыс істеуіміз қажет. Ұлттық салт-дәстүр, әдебиет, мәдениет, тіл мен діл, бастысы ұлттық рухымыз бойымызда мәңгіге қалу керек. Олардың барлығы - елімізді басқалардан ерекшелеп тұратын басты белгі. Яғни, рухани жаңғырудың негізі ұлттық рух болуы қажет. Елбасы өзінің мақаласында «Туған жер», «Қазақстандағы 100 есім» жобаларын ұсынды. Олардың барлығы рухани жаңғыруға аса қажетті бағдарламалар болып отыр.
Президент «Туған жер» бағдарламасын қолға алу керектігін ұсынды. Мұнда ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елдімекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру көзделеді. Қысқаша айтсақ, Президент мақаласында «Туған жер» жалпы ұлттық патриотизмнің нағыз ұлттық өзегіне айналатынын жазды.
Сапар барысында Рухани жаңғыру бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша болашақ жоспарлар жасалды. Ауданның барлық зиялы қауым өкілдерін, көкірек көзі ояу елжанды азаматтарын туған өлке тарихын түгендеп, болашақ гүлденуіне атсалысуға шақырамыз!
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.