Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сан ұлттың басын біріктірген бейбітшілік пен жасампаздықтың мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күнін Көкпекті жұрты шаттыққа толы көңіл күймен қарсы алды. Күн райының күрт өзгеріп, қолайсыздық көрсеткеніне қарамастан, 1 мамырда таңертеңнен Көкпекті ауылының орталық бөлігіне қолдарына қызылды-жасылды шарлар, жалаушалар мен ел бірлігі, ұлт татулығы, бейбітшілік, ынтымақ туралы ұрандарын көтеріп шыққан жұртшылықтың қарасы көп болды. Еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамды өз дәрежесінде атап өтуге аудан орталығындағы барша мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің орталық мәдениет үйі алаңына бір кісідей жиылуы көпұлтты Көкпекті халқының ауызбіршілігі мен берекесінің көрінісі болса керек.

 

Жиылған қауым түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, әрқайсысы өз тілдерінде құттықтау арнап, салтанатпен алаңға қарай сап түзеді. Мерекелік шараға үлкен жауапкершілікпен келіп, қолдарына бейбітшілік символы ақ көгершіндер көтерген қазақ ұлты «Қазпошта», кітапхана, мұрағат, грузин киіміндегі Ж.Шайжүнісов атындағы ОМ, Азербайжан ұлтын бейнелеген, «Шуақты шұғыла» мен «Балерке» балабақшалары, шешен ұлтын көрсеткен білім беру бөлімі, балалар өнер мектебі, коррекция ұжымдарын, орыс ұлтын бейнелеген АОА, украин ұлты болған ТҚҚБ Ұлттық сараптама орталығы, фитосанитария, ветеринарлық ҚБ аумақтық инспекция, АК аумақтық инспекция, малдәрігерлік зертхананы, ұйғыр халқын көрсеткен Көкпекті ОМ, татарша киінген жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, зейнетақы төлеу орталығы, арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы, тәжік – Қорғаныс, ТЖ, ӨС, Мемлекеттік кірістер мен Қазынашылық, Статистика басқармалары және қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі, «Көкпекті несие», Казком және Халық банктері ұжымдарын ерекше атап өтуге болады.
Ал, осындай маңызды шараға немқұрайдылықпен қарап, өздеріне бекітіліп берілген ұлттарды көрсете алмаған, мәселен, неміс - АШ және кәсіпкерлік, ветеринария, жер қатынастары, Көкпекті мал дәрігері бөлімдері, өзбек – Сәулет, қала құрылысы және ТҮКШ, ЖК және АЖ, түркімен – Әділет басқармасы, ХҚО, ЖМО ұжымдары қандай сынға да лайық.
Қазақстанның көк байрағын алып жүру мәртебесіне аудан спортына қомақты үлес қосып, облыс, республикалық жарыстарда озық шығып, халықаралық ареналарда жүлдегер болып жүрген балғын спортшылар - Үлкенбөкен ауылынан шыққан қазақша күрестен КМС Амангелді Ғизатоллаев ие болса, туды аспандатуға таэквон-додан КМС Еркебұлан Диас лайық болды.
Салтанатты жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Қалдыбаев ашып, көкпектіліктерге құттықтау сөз арнады. - Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет. Елімізде тұрып жатқан барлық халықтың салты мен дәстүрлерін сақтай отыра, оларды дамыта түсуге бізде барлық жағдай жасалған. 1 мамыр – Қазақстандағы 25 жылда құрған негізгі мереке. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік! – деді Ерлан Қабайұлы. Сонымен бірге, жерлестеріне жылы лебіздерін аудандық прокурор Бақытбек Қарымсақов, Кәсіпкерлер палатасының Көкпекті аудандық филиалы директоры Әлия Мұқашева, ауылдық округ әкімшілігінің жетекші маманы, неміс ұлтының өкілі Андрей Деринг арнады.
Алаңның оң жағында түрлі ұлт өкілдерінің тағамдары толтырылған үлкен дастархандағы шешеннің «хингалс» тағамы, әзербайжанның «нырданча» палауы, орыстың «ЭКСПО-2017» пирогі мен «Лазанкиі», грузиннің «чахахбилиі», ұйғырдың «ләгманы» т.б. сол сияқты тәтті-дәмділерден көз сүрінеді. Бірінен-бірі өтетін сәнді дастархандардың арасындағы ең бай жайылғаны орыс ұлтыныкі десек, қателеспегеніміз.
Шырайлы мереке күні салтанатты шараның жалғасы мәдениет үйі ішіндегі сахна төрінен әр ұлттың өнерін паш етіп, әсем ән мен мың бұралған көркем билерін көрермен назарына ұсынатын ең думанды сәті де келіп жетті. Бірінен-бірі өткен ән мен би жарысын сарапқа салу әділқазылар алқасына оңайға түспеді. Бұл жерде олар әр ұжымның әзірлеген ұлттық тағам түрлері мен қатысушыларының аз-көптігіне де мән берді Ерекше атап өтсек, шешен, болгар, украин билерін орындаушылар көрерменнің көңілінен шықты.. Нәтижесінде орыс ұлты - І-орын, тәжіктер – ІІ-орын, шешендер – ІІІ-орынға лайық деп саналса, тағы да «Ең үздік попурри» - грузин биі, «Ең үздік ұлттық тағам» - украин, «Ең үздік ұлттық би» - болгар биі, «Ең үздік ән» - әзербайжан әні аталымдар бойынша марапатталды. Жеңімпаздарға аудан әкімінің м.а. атынан мақтау грамоталары мен заттай сый-сияпаттар ұсынылды.
Айман Халықова, Гуля Салдырғазина, АОА медбикелері, Көкпекті тұрғындары:
-Биылғы ынтымақ мерекесі бізге ерекше ұнады. Кейінгі жылдары еліміздің тұрғындары тілі мен түрі, діні мен ділі бөлек болғанымен тілектері бір болғандықтан 1 мамыр күнін тойлауға аса мән беруде. Көк байрағымыз желбіреген тәуелсіз Қазақстанымызда тату-тәтті күн кешіп, бір-бірлерінің қызық-қуаныштарына ортақтасу үлкен бақыт деп білеміз. Әсіресе, әр ұлт өкілдерінің өнерін тамашалап, көңіліміз көтеріліп қалды. Баршамызға ортақ, татулық пен тыныштық орнаған отанымызда халықтар достығы мәңгілік жасай берсін!
Ілияс Кеңесбек, 1сынып оқушысы, Ж. Шайжүнісов атындағы ОМ:
Мен жекпе-жек спортына қатысқаныма 1 жыл болды. Жыл бойы бірнеше рет аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, алтын медаль тақтым. Өскенде елімнің атын әлемге танытатын атақты спортшы болғым келеді. Ұстаздарым мен ата-анамды, достарымды, көкпектіліктердің барлығын мерекемен құттықтаймын!

Бақыт МҮЛІКОВА

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз