Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Өткен сенбіде Көкпекті ауданына аграрлық мәселелер бойынша облыс әкімінің орынбасары Д.М.Мусин іссапармен келді. Ауыл шаруашылығын дамытудың басты мәселелерін көкпектіліктермен ашық әңгіме алаңында талқылау және «Елім-ай – Көкпекті» жобасын әрі қарай инвестицияландырудың аспектілерін қарастыруды көздеген облыс басшылығының өкілі Көкпекті жеріне сала басшылары мен мамандарын бастапкелді.
Күн тәртібіне бес негізгі сұрақ ұсынылды: ауданда сүт өндірісін дамыту, кооперативтер құру, субсидияландыру жүйесіндегі негізгі өзгерістерді түсіндіру және талқылау, кооперетивтерді қаржыландыру Осыдан бірнеше жыл бұрын облыс әкімі Д.К.Ахметовпен облыста алдыға қойылған тауарлы-сүт өндірісі бойынша бағдарлама міндеттері тұрғындар арасындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарды осы үрдіске тарту арқылы тауарлы-сүт фермалары мен кооперативтерді құру жолымен іске асыру жоспарланған болатын.Д.Мусиннің айтуынша, үстіміздегі жылы облыста өңдеушілерге өткізілетін сүттіңмөлшерін 90 мың тоннаға жеткізу, оның 22 мың тоннасы тұрғындардан сатылып алынуы тиіс. Облыста құрылған тауарлы-сүт фермалары 60 мың тонна сүт өткізуде. Аудандар арасында бөлгенде Көкпекті ауданынан 918 тонна сүт өткізу талап етіледі.
Ауыл шаруашылығы саласына жауапты аудан әкімінің орынбасары М.Теміржанов ауданда сүт жинау пункттерін құру, тұрғындардан сүт жинау, тауарлы-сүт фермаларының құрылыстарын салу және қайта құру туралы айтып берді. Ауданда қазіргі таңда сүт өндірісін дамыту бойынша жоспарды іс жүзіне асыру үшін үш жоба бойынша жұмыс атқарылуда. Бұл бағытта жұмыс істеп жатқан болашағы зор шаруашылықтардың бірі «Өрнек» ЖШС (директоры Е.Қойгелдин). 2016 жылы «Ырыс» бағдарламасы бойынша «100 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын құру» жобасын жүзеге асыру үшін 56 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа шаруашылықтағы 415 сауынды сиырлармен қоса алғанда, 100 бас сүт бағытындағы асыл тұқымды сиыр сатып алынды. Шаруашылықтағы МІҚ жалпы саны 1250 басты құрайды. Сондай-ақ, осы бағдарлама шеңберінде ТСФ құру үшін қосымша техника мен жабдықтар сатып алу көзделген. Бүгінгі күні Үкілі қыз ауылында 300 басқа арналған ТСФ-ны қайта құру және ауыстыру бойынша жұмыстар қолға алынуда. Жұмысты аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланып, 2018 жылы пайдалануға берілмек. Шаруашылықтың өз қаражатымен, жоба құны 70 млн. теңгені құрайды. Өткен жылы шаруашылық 879 тонна сүтті өңдеуге тапсырса, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 204 тонна сүт өткізілді.
50 басқа арналған ТСФ құруды жоспарлап отырған «Намыс» (басшысы А.Каряпов) шаруашылығы бұл бағытта үміт күттіретін екінші шаруашылық. Керекті қаражат 50 млн. теңгені құрайды. Оның 30 млн. теңгесі «Қаржылай қолдау қоры» арқылы, ал 20 млн. теңге өз қаражаты есебінен. Бүгінгі таңда ШҚ сүт бағытындағы 39 бас МІҚ сатып алынды, сонымен бірге сауын аппараттары, тоңазытқыш құралдары және басқа да қажетті жабдықтарды сатып алу жоспарланған.
Үшінші жоба – «Елім-ай» (басшысы Т.Бекбердинов) базасында ТСФ ашу және сүт бағытындағы МІҚ мал өсіру. Қазіргі уақытта шаруашылық жобаны әзірлеп, жануарларды іріктеумен айналысуда.
Аудан әкімінің орынбасары аудандағы сүт қабылдау пункттерінің ашылуы туралы сөз қозғай келе, 2015-2016 жылдары аудан көлемінде 8 ТСФ құрылғанын және 2016 жылы 232 тонна сүт жиналғанын баяндады. Бүгінгі таңда күн сайын облыс орталығына 1 тонна 700 литр сүт өңдеуге жіберіліп тұрады.
Сүт өңдеумен ауданда «Қалиханұлы» (басшысы М.Каликов) және «Серік» (басшысы А.Қажығалиев) екі ШҚ шұғылданады. Екіншісініңбазасында сүтті жинау және бөтелкеге құю әдісі бойынша кооператив құрылған.
Аймақта оңтайландырылған жағдайларда сүт өнімдерінің 9 түрін өндіріп, тұрғындарға сату жоспарлануда. Алайда, жоғарыда аталған және көпшілігі іске асырылып жатқан жобалар, аудан әкімі орынбасарының айтуынша, Көкпекті ауданы ТС өндірісі бойынша, әзірше, облыста соңғы орында тұр. Дүйсенғазы Мағауяұлы бұл мәселе бойынша жұмысты барынша күшейтуді және оны шешуде құзыретті органдарға кәсіби тұрғыдан келуді ұсынды.
Жалпы ішкі өнім еліміздің экономикалық дамуқарқыныныңдеңгейі және негізгі көрсеткіші болып айқындалады.Елдің ЖІӨ жоғарылату үшін еңбек өнімділігін арттыруды жолға қою керек. Бүкіл жиын барысының түйіні кооперативтерді құру тақырыбы төңірегінде болды.Ол экономиканың өндірістік қозғаушы күші болуы қажет. Жақын арадағы бес жылда мемлекеттік қолдаулардың барлық шаралары кооперация саласын дамытуға бағытталуы тиіс. Себебі, ауылшаруашылық өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша 70-80 % жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Соның ішінде, ЖҚШ туралы мәліметтер аз болып отыр. Бүгінгі күні ауылдардағы ЖҚШ әлеуетін арттыру және оларды өндіріске көптеп тарту басты міндет болып тұр.
Ауданда кооперативтерді құру барысымен аудан әкімінің экономика саласы бойынша орынбасары Алмагүл Әкімова таныстырып өтті. Оның мәлімдеуінше, Кәсіпкерлер Палатасының Көкпекті аудандық филиалымен кооперативтерді құру және тіркеу бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша бүгінгеқұрамында 221 қатысушысы бар 61 кооператив құрылды. Бұл облыс көлеміндегі құрылған кооперативтердің жалпы санының 30% құрайды. Егер бағыттар бойынша қарастыратын болсақ, құрылған кооперативтердің басым бөлігі, яғни 51 аралас кооперативтер, қалғаны ауылшаруашылық жануарлары мен құстар өсіру бойынша.
Кооперативтерді Әділет басқармасында тіркеу барысында тек 6 кооператив жері мен техникасын көрсете алды.Солардың ішінде неғұрлым дамыған кооперативтің бірі «Мәди» (басшысы Б.Айдарова). Оның 2405 гектар жайылымдық жері бар және жеке қаражатына 13 асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алды. Кооператив жеке сектордың малын бағумен айналысады. Шаруашылыққа асыл тұқымды мал басын өсіру және селекциялау үшін субсидия берілді.
Сарыбел ауылындағы жобаға енгізілген, техникасы мен жері, жарғылық капиталы бар «Надежда» кооперативі біршама табысты болып саналады. Аудан әкімінің орынбасары аз қатысушылары бар кооперативтердің дауыс берушілер саны орта есеппен 5 дауыстан аспаса, бұл жұмыс сапасына әсер етуі мүмкін екендігін ескертті.
Сондықтан, кооперативтердің сапалық құрамын арттыру қажет және оларды ірірек ұжымдарға біріктіру керек.
-Ауданда кооперативтерді құруға деген ынта мен ұмтылыс бар, тек нәтижелілік пен жұмыс сапасын арттыру қажет,- деді Дүйсенғазы Мағауяұлы
Одан әрі кездесу қонақтарымен ауыл шаруашылығы саласын субсидиялаудағы өзгерістер мен қағидалар, кооперативтерді қаржыландыру мен көктемгі-дала жұмыстарына ақшалай қаржы бөлу жайындағы мәселелер талқыланды. Бұл бағытта көкпектіліктер белсенді азаматтық көзқарас танытып, өздерін толғандырып жүрген біршама мәселелерді ортаға салды. Бұларға облыстан келген мамандар тиісті жауаптар берді.
Жекелей алғанда, шаруашылық басшылары мен кооператив төрағаларын мал бағатын жайылымдарды алу мен ауыл шаруашылығының кейбір салаларына субсидиялар бөлу, техника сатып алу туралы сұрақтар толғандыратыны анықталды.
Кездесуді қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары ауданда жүргізіліп отырған жұмыстардың жағымды және жағымсыз жақтарын атап өтті. Дүйсенғазы Мағауяұлы ауданда сүт өнімдерін қайта өңдеу бағытындағы жұмыстардың төмен дәрежеде, тіпті нашар екенін қадап айтты. Ол жалпы ауыл шаруашылығы бөліміжәне ауыл шаруашылығы саласына жауапты аудан әкімі орынбасары М.Теміржановтың жұмысын қатты сынға алды. Сәйкес органдар біршама үміт күттіретін шаруашылықтарға сүт бағытындағы жобаларды жүзеге асыруда барынша қолдау көрсету керектігін тапсырды.
Аудандық әкімшілік аппаратына туындаған барлық мәселеге түсініктеме бере отырып, оларды шешу жолдарын егжей-тегжейлі жолға қоюға тапсырмалар берді.
Д.М.Мусин ұйымдастыру жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында жәнекооперативтер құру мәселесін жолға қоюда Кәсіпкерлер палатасы Көкпекті аудандық филиалының жұмысын оң бағалап, құзыретті және жауапты органдарғааталған ұйымнан үлгі алып, олардың бағытын ұстану керектігін атап көрсетті.
- Біз жақында Елбасы Жолдауында айтылған, елді жаңғырту бойынша Мақалада алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін бірігіп жұмыс істеуіміз қажет. Кооперативтер біздің ауылдардың болашағы болуы тиіс. Біз жаһандық деңгейде ойлай білуіміз қажет, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп, қолда бар әлеуетімізді іске қосуымыз керек, - деді қорытынды сөзінде Дүйсенғазы Мағауяұлы.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.